Метафизикалық концепт - (жан, жүрек өмір, өлім, тағдыр, жалғыздық, махаббат) ақиқат немесе бейақиқат дүниедегі абстракцияның, жоғары дәрежедегі құндылықтарын танытатын ментальді мазмүн [25.49]. Мысалы:
Қазақша
|
Ағылшынша
|
жүрегі жаралану
|
break smb's heart
|
жүрегі елжіреу
|
be sickat heart
|
Жан азабын тарту
|
possess one soul
|
Бұл сөз тіркестері экспрессивті күшейтумен уәжделген. Адам тәжірбиесі арқылы ғана танып білуге болатын, құбылысты даму барысында ғана түсінуге болатын ұғымдарды нақты тұрақталған дифинициялармен танытуға болмайды. Оны адам қалай сезінеді, қалай басынан өткереді, сол әсері арқылы танытады. Мысалы:
Жүрек концептісі
|
Жан концептісі
|
Жүрек деген буырқанған дария (Т.Молдағалиев).
|
Қанын ішіп қанбасқа, жанын отқа салмасқа (Абай).
|
Немесе ұжым не тұлға санасындағы адамзат құндылығын танытатын "жан" мен "жүрек", метафизикалық концептісінің қазақ поэзиясында, тұрақты сөз тіркестерінде алма кезек жарысып қатқан жақсы мен жаманның, бақыт пен қайғының арпалыоқан күшті динамикалық қозғалысы ретінде танылуы басым көрінеді. Мысалы.
• Жан нұрына мас болып, Жаралы жүрек талған күн (Қ.Шаңғытбаев);
• Жанған жүрек жасты көріп, көңілі сенгіш перизат (М.Жұмабаев);
• Жібектей жырға толы жүрегімді ой, Ал мен іштей сағынып тұр едім ғой (К.Ахметова);
• Дариға жүрек жоқ нәрселерге шөлдейді (М. Мақатаев) [25, 190]
Сөз тіркестерінен байқағанымыздай «heart/жүрек» ,«soul/жан» концептілерінің қозғалыс, арпалыс ситуациясында таныту үшін қарапайым түсініктердің шынайы көрінісі ретінде алынған. Осында берілген аптыққан жүрек, өліп өшкен жүрек, жалындаған жүрек, сүйген жүрек, ыстық жүрек, жалындаған жүрек фраземалардан адамдардың бір-біріне деген ыстық сезімін, ынтықтығын білдірсе, жаралы жүрек, қалтыраған жүрек тіркестері қиналған жандардың сезімдерін бейнелейді. Барлық тіркестердегі ортақ сема махаббат болып келеді.
Метафизикалық концептілердің перцептивтік, сенсорлық қабылдау, яғни сезіну әрекеті арқылы рухани құндылықтару нәтижесінде ғана пайда болатынына көзіміз жетті десек болады.
Достарыңызбен бөлісу: |