Кондиционерлеу отопление, вентиляция и кондиционирование воздуха


 Сорылатын ауаны атмосфераға шығару



Pdf көрінісі
бет26/82
Дата06.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79864
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82
Байланысты:
103 СН РК 4.02-01-2011 (2)

 
7.4 Сорылатын ауаны атмосфераға шығару 
7.4.1 Жалпы алмастырылатын желдету жүйелерінен, сондай-ақ ластайтын зиянды 
заттардан тұратын (бұдан әрі – «шаң газ ауа қоспасы») өндірістік үй-жайлардағы 


ҚР ҚН 4.02-01-2011* 
24 
жергілікті сорғы жүйелерінен атмосфераға шығарылатын ауаны тазалау керек. Сонымен 
қатар, зиянды заттардың қалдық санын атмосфераға жіберу қажет. 
7.4.2 Егер құбырлардың немесе шахталардың бірінде жанатын заттардың қабаттары 
болса немесе шығарындылар араласып кеткен жағдайда жарылуға қауіпті қоспалардың 
пайда болуы мүмкін болса, сорып шығаратын желдету жүйесінен шығарылатындар жеке 
көзделуі керек. 
7.4.3 Тұрғын, қоғамдық және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарда сыртқы ауаның 
табиғи ағыны үшін ашылатын форточкаларды, фрамугтарды немесе басқа құрылғыларды 
көздеу керек. 
7.4.4 Ауаны немесе жану өнімдерін шығару үшін жалпы құрылғыларды жалпы 
алмастырылатын желдетудің сорып шығару жүйелері немесе әр түрлі өрт бөліктеріне 
қызмет көрсететін түтінге қарсы желдету жүйелері үшін көздеудің қажеті жоқ. 
7.5 Ауа алмасуды ұйымдастыру 
7.5.1 үй-жайдағы сыртқы ауа шығынын: 
а) сыртқы ауаның ең төменгі шығынынан; 
б) нормаланатын теңгерімсіздікті ескере отырып, жергілікті сорғылардың, жалпы 
алмастырылатын желдетудің сорып шығаратын жүйелерімен, технологиялық жабдықпен 
жойылатын ауаның шығынынан кем емес қабылдау керек. 
7.5.2 Ауаның айналымы: 
а) сыртқы ауа шығыны 1 және 2 қауіптіліктегі зиянды заттардан бөлінетін массамен 
анықталатын үй-жайларында; 
б) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органымен белгіленгеннен аспайтын 
немесе жағымсыз иістері бар шоғырланудағы ауру тудыратын бактериялар мен 
грибоктары бар ауадағы үй-жайларда; 
в) егер ауа жылытқышы алдында ауаны тазалау көзделмесе, ауа жылытқыштарының 
жылытылған жоғарғы беттеріне жанасу кезінде айналдырылатын зиянды заттары бар үй-
жайларда; 
г) А және Б санаттарындағы үй-жайларда (сыртқы қақпа мен есіктер жанындағы 
ауалық және ауа-жылу бүркемелерінен басқа); 
д) зиянды немесе жанатын газдары, булары және аэрозольдары бар жұмыстардың 
жүргізілуі мүмкін ғылыми-іздестіру және өндірістік мақсаттағы зертханалық үй-
жайларда; 
е) егер осы аймақтарда жанатын газдардан, булардан, ауысы бар аэрозольдардан 
жарылуға қауіпті қоспалардың пайда болуы мүмкін болса, В1-В4, Г және Д 
санаттарындағы үй-жайларда орналасқан жабдықтардың айналасындағы 5 метрлік 
аймақтарда; 
ж) ауамен араласқан зиян заттардың және жарылуға қауіпті қоспалардың жергілікті 
сорғы жүйелерінде; 
и) тамбур-шлюздарда рұқсат етілмейді. 
Ауа айналымы шаң ауа қоспаларының (жарылуға қауіпті, шаң ауа қоспасынан 
басқа) жергілікті сорғы жүйелерінде, олар шаңнан тазартылғаннан кейін рұқсат етіледі. 
7.5.3 Ауа айналымы жобалауға арналған медикалық-техникалық тапсырма және 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет