Көне түркі жазбалары



Дата28.09.2022
өлшемі1,33 Mb.
#40704
Байланысты:
Түркі тілдерінің қалыптасуындағы көне түркі және орта түркі дәуірлері

Түркі тілдерінің қалыптасуындағы көне түркі және орта түркі дәуірлері

Жоспар

  • Кіріспе
  • Көне түрі жазбалары.
  • Жазбалардың зерттелуі.
  • Жазбалрдың мазмұны.
  • Түркі тарихшысы-Махмұд Қашқари
  • Қорытынды.

Түркілер – әлем тарихында айрықша кезең болып табылатын көне түркі дәуірі кезеңінде түркі халықтарының жүйелі мемлекеттік құрылымымен, жетілген әскери тактикасымен, қалыптасқан жазба дәстүрімен, бейнелі де бай тілімен ерекшеленеді.

Зерттеушілер көне түркі руникалық жазбаларын YII-IX ғасырларға тән деп жатқызып келді. Бұл тақырыпта көптеген даулы мәселелер көтерілді де. Алайда, 80-жылдары Монғолиядан табылған тас ескерткіштер руна жазуларының тарихы тым әріде жатқандығын дәлелдеп берді. Көне түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі неғұрлым ежелгілерінің бірі ретінде Бұғыты жазбасы (Бугутская надпись) аталып жүр. Бұл жәдігерлік YI ғасырдың соңғы ширегіне жатқызылады.

Жалпы көне түркі жазбаларының алғаш ашылуы XYIII ғасырдың 20-шы жылдарына дәл келеді. Тасқа қашалған мұралардың тұңғыш үлгілері Ф.И. Страленбергтің «Северная и Восточная части Европы и Азии» атты еңбегінде жарыққа шықты. Ал 1721 жылы зерттеуші ғалым Д.Г.Мессершмидт Енисей өзенінің жағалауынан тасқа ойылып жазылған ескерткіш тапты. Біршама уақыттан кейін, нақтырақ айтсақ XYIII ғасырдың аяқ шенінде ғалым Р.Паллас Енисей руна жазбаларының бесеуін жария етті. 1889 жылы Көкшін-Орхон өзенінің жағасындағы Коше-Цайдам аңғарынан қытай әліпбиімен және руна жазуымен жазылған екі үлкен тас ескерткіш табылды. 1893 жылдың 15 желтоқсанында дат профессоры Вильгельм Томсен Орхон-енисей ескерткіштерінің құпиясын шешті. Ол тастағы белгілерді салыстыра отырып, дыбыстардың ыңғайына қарай белгілер алдыңғы және артқы қатардағы болып екі топқа бөлінетіндігін айқындайды. Бұл түркі тілінің құрылысына тән еді. Академиктер В.В. Бартольд пен А.Н. Самойлович бұл оқиғаны − XIX ғасырдың ең ұлы жаңалықтарының қатарына жатқызды.

Көне түркі жазуының түйіні шешілгеннен кейін бабаларымыз қалдырған көптеген асыл мұралар табылды. Монғолиядан – 33, Енисейдің Орхон аймағынан – 85, Шығыс Түркістанда, Талас бойында – 12, Ферғана мен Шығыс Еуропада да бірнеше көне түркі ескерткіштері табылып, ежелгі дәуір шежіресін бүгінгі ұрпаққа жеткізді.

Көне Түркі жазуларының мазмұны

Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрік" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен.

Махмұд Қашқари ( 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген.

Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптсыпты.

Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.

Қорытынды

Түркі жазбалары мен мәдениеті – тұрақты дамуға ұмтылған түрік этностарының бай мәдениетінің көрінісі. Түркі халықтарының өркениеті, мәдениеті мен жазбалары бүгінде әлем мәдениетінің ажырамас бір бөлшегі болып табылады. Осылайша, 2015 жылғы 15 мамырда түркі халықтарының жазбаларын мерекелеу қарсаңында Достық үйінің «Достық» онцерттік залында түркі халықтарының жазбалары күніне орай концерттік бағдарлама болып өтті. Көрермендердің назарына түркі жазбаларының пайда болуы туралы деректі фильм, түркі тілдес этномәдени бірлестіктерінің бірегей кітап көрмесі мен шығармашылық ұжымдардың концертттік бағдарламасы ұсынылды. Аталмыш іс-шараға этномәдени бірлестіктердің басшылары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, мәдениет және білім беру саласының өкілдері қатысты. Қазақстанның басты байлығы елімізді Отаным деп таныған – этникалық үндестікті, азаматтық бірлік пен ынтымастықты қалыптастырған қоғам болып отыр. Қазақстандағы Түркі халықтары жазбалары күні түркі халқының дәстүрлі мерекесінің біріне айналды.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет