Көне түркі тіліндегі сөйлем мүшелері



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі24,27 Kb.
#16348
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ФБ-32 ҚБ 6- тақырып СОӨЖ


КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ

Тілдің басқа да салалары сияқты, синтаксистік құрылыс та заман өткен сайын бірден бірге өзгеріп, толығып, жетіліп отырады. Бірақ тілдің синтаксистік құрылымы онша өзгерімпаз құбылыс емес. Қазіргі əдеби тіліміз синтаксисіндегі сөйлем мүшелері, сөйлемнің көптеген түрлері, сөйлем мүшелерінің бір-бірімен байланысу жолдары онша көп өзгеріссіз-ақ сонау көне жазу нұсқаларында да кездеседі.



Көне түркі жазба ескерткіштері — ұрпақ қазынасы. Ұрпақтан ұрпаққа мұра болған руникалық жазба ескерткіштер (V–VIII ғғ.) қазақ жəне өзге түркі халықтарының көне дəуірде мəдени деңгейінің өте жоғары болғандығын дəлелдейтін баға жетпес асыл қазына.

Қазіргі қазақ тіліндегі сияқты, көне түркі тілінде де сөйлем мүшелері тұрлаулы жəне тұрлаусыз болып бөлінген. Тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндауыш жатады. Бұлар — сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелері.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет