Көне түркі тіліндегі сөйлем мүшелері



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі24,27 Kb.
#16348
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ФБ-32 ҚБ 6- тақырып СОӨЖ

ТолықтауышЕтістіктен, есімнен болған мүшемен байланысып, істің, заттың, сапаның объектісін білдіретін толықтауыштар да кездеседі. Қазіргі қазақ тіліндегі тəрізді, көне түркі тілінде де табыс септігін қажет ету, етпеуіне қарай тура жəне жанама толықтауыштар ұшырасады.

Ескерткіш тіліндегі табыс септікте тұрған сөздер əр уақыт тура толықтауыш болады. Өйткені тура толықтауыштар заттың қимылын білдіретін сабақты етістіктермен тығыз байланысты болып келеді [4]. Басқа түркі тілдеріндегі сияқты, қазақ тіліндегі тура толықтауыштар меңгерілетін сөзбен табыс септігінің ашық не жасырын тұлғасы арқылы байланысады. Мысалы: Ол сабығ есідіп түн удысқым келмеді — Ол сөзді есітіп, түн ұйқым келмеді. Сүсін анта өлүртім — Əскерін сонда өлтірдім. Мұндағы сабығ (сөзді) жəне сүсін (əскерін) сөздері табыс септігінің -ығ, -н тұлғасында тұр. Ічін, ташын адынчығ бедіз уртуртым, таш тоқытдым — Іші, тысын айырықша өрнектеттім, тасты қойғыздым. Бу сү елт — Бұл əскерді апар. Бұл жерде таш, сү (тасты, əскерді) сөздерінде табыс септіктері жасырын қолданылып тұр.

Ескерткіштер тілінде барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөздермен келетін жанама толықтауыштар да бар. Жанама толықтауыштар өзін меңгеретін мүшелермен біршама еркін байланыста болады.

Зат есімдер мен заттанған басқа да сөз таптары барыс септік жалғауында келіп іс-əрекеттің жанама объектісін білдірумен бірге, оның орны болатын немесе барып тірелер затын білдіруі мүмкін [1; 653]. Барыс септігінің осы тəріздес мағынасы көне түркі тілінен бастау алған деуімізге болады. Мəселен, Табғачқа йана ічікді — Табғашқа жəне бағынды. Анта етрү қағаныма өтүнтм — Содан соң қағаныма өтіндім. Сантуң балыққа Талуй үгүзке тегүртім — Шантуң қаласына, Теңіз өзеніне жеткіздім.

Жатыс септікті жанама толықтауыштар заттың, іс-əрекеттің орнын, статикалық жай-күйді білдіреді. Бу йерде олтуруп — Бұл жерде отырып. Йандуқ йолта йеме өлті күк — Қайтар жолда тағы да көп өлді.

Орхон-Енисей жазбаларында жатыс септігі барыс, шығыс септіктерінің орнында да жұмсалған. Жалпы көне түркі тілінде септіктердің бірінің орнына бірі алмасып қолданылуы септіктердің дамуындағы ерекшелік болып табылады. Өңре қытанда берійе табғачда Қуруйа қурданта йырайа оғузда Екə-үч бың сүмүз келтечіміз бар му не? — Шығыстағы қытанға, түстіктегі табғашқа, Батыстағы құрданға, терістіктегі оғызға екі-үш мың қолмен келе аламыз ба? Түргес қағанта көрүг келті — Түргеш қағанынан хабаршы келді.

Шығыс септікті жанама толықтауыштар қимылдың шығу орнын, мекенін білдірген. Көне жазбаларла сирек үшырасады. Табғач беріденйен тег — Табғаш түстіктен тиіңдер. Бен йырдантайан тегейін — Мен терістіктен тиісейін.

Көмектес септікті жанама толықтауыштар іс-əрекеттің болып өткен жолын, орнын, іс-əрекеттің болу құралын, ортақтастықты білдірген. Бұл жалғау бірле шылауы арқылы жəне -ын, -ін қосымшалары арқылы берілген. Бу йолын йорысар, йарамачы тідім — Бұл жолмен жүруге болмайды дедім. Алтун йысығ йолсузын астым, Ертіс үгүзүг кечігсізін кечдіміз — Алтын жерін жолсызбен астым, Ертіс өзенін кешпес ізбен кештім. Інім Күлтегін бірле қазғантым — Інім Күлтегінмен бірге қолдандым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет