Көне түркі тіліндегі сөз тіркесінің қолданысы



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата02.11.2022
өлшемі0,69 Mb.
#47018
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Zhuyntaeva Kone 2013

басқардым. Йеті бөрі өлтүрдүм — Жеті қасқыр өлтірдім [4; 21]. Бұл тəріздес тіркестерді қазіргі 
қазақ тілінен де байқаймыз. 
Сабақты етістіктер мағынасының орамдылығына қарай табыс септігінен тыс жанама септіктерді 
меңгере алатын болса, салт етістіктерде ондай қасиет жоқ. Қазақ тілінде салт етістіктің қатарына 
жататын етістіктер саны алуан түрлі, бірақ осылардың барлығы бірдей меңгеріле байланысқан сөз 
тіркестерін құрай алмайды. Мұның өзі сабақты етістіктердің меңгеру қабілетінің əлдеқайда мол 
екендігін аңғартады. 
Қазақ тіліндегі салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы сөздерді жетегіне алып 
меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрайды. 
Ескерткіштер тілінде табыс жалғауы төмендегідей тұлғаларда берілген: 1) -ғ, -г, -ығ, -іг, -уғ, -үг; 
2) -н, -ын, -ін, -ун, -үн; 3) -ны, -ні, -ы, -і. 
Ол сабығ есідіп — Ол сөзді есітіп. Өз ічі — тасын тутмыс тег біз — Өз іші-сыртымызды 
ұстап қана қаламыз. Сіні табғачығ өлүртечі тірмен — Сені табғашты қырар дермін. Осы 
тұлғалардың ішінде қазіргі тілімізге жетпеген көне тұлғасы -ғ, -ығ, -іг, -уғ, -үг. Мұның қызметі -ны 
жалғаулы сөз тіркесіне ауысқан. Табыс жалғаулы сөз тіркестері орхон-енисей жазбаларында салт, 
сабақты етістіктермен тіркесе отырып, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін құраған. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


З.Н.Жуынтаева, М.А.Тұрсынова 
26 
Вестник Карагандинского университета 
Қазіргі қазақ тілінде барыс жалғаулы сөз тіркестерінің төмендегідей түрлері кездеседі: -қа, -ке, 
-ға, -ге; -а, -е; -на, -не. Қазіргі тілімізбен салыстыра қарайтын болсақ, барыс септігінің тұлғалары көп 
болған. Оның бізге жетпеген қосымшаларын байқауға болады. 
Ертедегі орхон ескерткіштер тілінен барыс септігінің мынадай жалғауларын кездестіруге 
болады: -қа, -ке, -ға, -ге, -а, -е, -ғару, -геру, кейде -йа, -йе, -ра, -ңару, -ңеру. Бұл қосымшалар 
қолданылу аясы жағынан біркелкі болып келмейді. Мəселен, -ға, -ге жалғаулары дауысты жəне ызың 
дауыссыздарға аяқталған бірлі-жарым сөздерге ғана болмаса, қазіргі кездегідей көптеген сөздерге 
тіркесе бермейді. Талйуқа кічіг тегмедім — Теңізге сəл жетпедім. Бунча йірке тегі йорытдым — 
Осыншама жерге дейін жорыттым. Сөйтіп, -қа, -ке, -ға, -ге қосымшаларына тəн ерекшелік ықпал 
заңдарына бағынбай жалғанушылық болып табылады [5]. 
Барыс септігінің -а, -е жалғауы тəуелдік жалғаулы сөздердің І, ІІ-жақтарынан кейін жалғанады. 
Бұндай қолданысты көне түркі тілінен де байқауға болады: Анта етрү қағаныма өтүнтүм — Содан 
соң қағаныма өтіндім. Көргенің үчін ігідміс білге қағаныңа Ерміс бармыс едгү еліңе Кінтү 
йаңылтығ, йаблақ кігүртіг — Бағынғаның үшін көтерген қағаныңа Қасиетімен, ісімен жақсы 
кінəлысың, жаман шатастың. Мысалдардағы қағаныма өтүндім, қағаныңа ерміс тіркестеріндегі
-а, -е тұлғалары тəуелдік жалғауларынан кейін қолданылған. 
Орхон ескерткіштерінде бағытты білдіру үшін барыс септігінің -ғару, -геру тұлғасы 
қолданылған. Апа тарқанғару ічре саб ыдмыс — Апа тарқанға құпия сөз жіберді. Аталған қосымша 
үстеулердің де қызметін атқарған. Йоқару ат йете йадаған — Жоғары атты жетектеп. Қазіргі 
қазақ тілінде бұл тұлға үстеу жасайтын аффикс ретінде жұмсалады. 
Тілдің даму барысында жоғарыда аталған жалғаулар өздерінің қолданылу өрісін тарылтады да, 
оларға тəн қасиеттер барыс септігінің -қа (-ке, -ға, -ге) жалғауына көшеді. Бұл көрсетілген 
варианттардың ішінен -қа, -ке тұлғалы сөз тіркестері орхон-енисей ескерткіштері тілінде кең көлемде 
қолданылса, ал -ға, -ге тұлғалы сөз тіркестерінің қолданылу шеңбері тар болған. Бұл -ға, -ке тұлғалы 
сөз тіркестерінің -ға, -ге тұлғалы сөз тіркестеріне қарағанда бұрын қалыптасқандығын дəлелдейді 
[4; 27]. 
Орхон ескерткіштерінде -ру, -рү қосымшалары кейде дербес жалғау ретінде де қолданылған. Он 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет