З.Н.Жуынтаева, М.А.Тұрсынова
24
Вестник Карагандинского университета
өйткені бұл бірыңғай мүшелердің
тіркесі болғандықтан, сөйлем мүшелерінің мағыналарын еске
салады [3; 589–590]. Дəл осы тəріздес сөз тіркесінің түрі бізге көне түркі тілінен жеткендігі даусыз.
Оны мына мысалдардан аңғаруға болады.
Түрк будун қанын болмайын Табғачда адырылты,
қанланты — Түркі халқы ханы болмай Табғаштан бөлінді, ханданды. Қаны сүсі тірілміс — Ханы,
əскері (түгел) жиналды. Сөйлемдердегі
адырылты, қанланды (бөлінді, ханданды) немесе
қаны сүсі
(ханы, əскері) сияқты тіркестер салаласа байланысқан.
Сабақтаса байланысқан сөз тіркестері бағыныңқы жəне басыңқы сыңарлардан тұрады. Сабақтаса
байланысқан сөз тіркестері жалғаулар, шылаулар, сөздердің орын тəртібі арқылы байланысады.
Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің жалғаулар арқылы байланысуы синтетикалық байланыс деп
есептеледі. Жалғаулардың ішінде ерекше қызмет атқаратыны — септік жалғаулары. Септік
жалғаулары сөз бен сөзді байланыстырып қана қоймайды, əр түрлі синтаксистік қатынасқа түсе
отырып, тұтас сөз тіркесінің қатынасын тудырады. Мысалы:
Қағаныма өтүнүп сүлетдім —
Қағаныма өтініп, соғыстым. Ол сабығ есдіп — Ол сөзді есітіп. Йарыс йазыда он түмен сү тірілті
тір — Йарыс жазығында он мың əскер жиылды. Оғуздантан көрүг келті — Оғыздан елші келді.
Қағанымын сүлетдіміз — Қағаныммен бірге соғыстық. Сөйлемдердегі
қағыныма өтүнүп (қағаныма
өтініп) барыс жалғаулы,
сабығ есідіп (сөзді есітіп) табыс жалғаулы,
йазыда тірілті тір (жазығында
жиылды)
жатыс жалғаулы,
оғуздантан келті (оғыздан келді) шығыс жалғаулы,
қағанымын
сүлетдіміз (қағаныммен соғыстық) көмектес септік жалғаулы сөз тіркестерін жасап тұр.
Тəуелдік жалғаулары арқылы да сөз тіркестері байланыс жасай алады. Олар сөз тіркесінің соңғы
сөзіне жалғанады. Тəуелдік жалғаулары матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағындырушы сыңары
болып, ол сөзді ілік жалғаулы сөзбен ұштастырады.
Бенің будунум анта ерүр тіміс — Менің халқым
да сонда болар еді. Бенің будунум (менің халқым) матаса байланысқан сөз
тіркесінің қазіргі қазақ
тілінен еш айырмашылығы жоқ. Кейде ілік септігі түсіріліп те қолданылады.
Түрк будун Табғачда
көрур келті — Түркі халқы Табғашқа бағынатын еді немесе
Табғаш қаған йағымыз ерті — Табғаш
қағаны жауымыз еді.
Жіктік жалғаулары сөйлем ішінде баяндауыштың тұлғасын көрсетіп отырады:
мен оқимын, сен
көресің т.б.
Жіктік жалғауы қиыса,
меңгеріле, қабыса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы
сыңарларына жалғанады. Əрине, жіктік жалғауын қабылдауға бейім сөз етістік, сол сияқты есімдер де
жалғауды қабылдап, баяндауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы,
Білге Тоникуқ бен өзүм Табғач іліңе
қылынтым — Білге Тоникуқ мен өзім Табғаш елінде тəрбиелендім. Мұнда
мен тəрбиелендім сөз
тіркесі қиыса байланысып тұрса
, Өңре қытанығ өлүртечі тірмен — Шығыста қытанды қырар
дермін деген
сөйлемде қытанығ өлүртечі тірмен (қытанды қырар дермін) сөз тіркесі меңгеріле
,
Өзүм қары болтым улуғ болтым — Өзім қартайдым, үлкен болдым дегенде улуғ болтым (үлкен
болдым) қабыса байланысқан сөз тіркесін жасап тұр.
Көптік жалғаулары сөйлемнің бастауышы мен баяндауыш мүшелерінің қиысуына қызмет етеді.
Көптік жалғауы зат есімге, заттанған сөз таптарына жалғанады. Бұл жалғау арқылы қиыса
байланысқан сөз тіркестері жасалады. Мысалы
: Түрк беглер түрк атын ыты, табғачы беглер табғач
атын тұтыпан, табғач қағанқа көрміс — Түрк бектері түркі атын тастап, табғаш бектердің
Достарыңызбен бөлісу: