Көне түркі тіліндегі сөз тіркесінің қолданысы



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата02.11.2022
өлшемі0,69 Mb.
#47018
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Zhuyntaeva Kone 2013

табғаш атын ұстап, табғашқа бағынды. 
Шылаулар арқылы да сөздер байланысқа түседі. Мұны көне түркі тілінің фактілері де 
дəлелдейді. Анта кісре теңрі біліг бертүк үчүн — Содан соң тəңрі білік бергені үшін. Анта өтрү 
оғуз қопын келті — Содан соң оғыз түгел келді. Темір қапығқа тегі ертіміз — Темір қақпаға дейін 
қудық. Осында кісре (соң), үчүн (үшін), соң (соң), тегі (дейін) шылаулары сөз тіркестерін жасауға 
қатысып тұр. 
Сөйлемдегі сөздердің орын тəртібінде белгілі бір жүйелілік болады. Сөз тіркесінің сыңарлары 
қалай болса солай тіркесе салмайды. Олар белгілі тəртіппен орналаса тіркеседі. Синтаксистік 
байланыстың бұл амалы сөздердің жалғаулар арқылы байланысуынан кем түспейді. Біздіңше, қайта 
жалғаусыз тұрған орнына қарай байланысқан сөздердің байланысы берік болады [3]. 
Сөздердің орын тəртібі арқылы байланысты ескерткіштер тілінен көптеп кездестіреміз. Түрк 
будун қанын болмайын — Түркі халқы ханы болмай. Біз екі бың ертіміз — Біз екі мың екенбіз. Қызыл 
қаным төкті — Қызыл қанымды төктім. Сөйлемдердегі түрк будун (түркі халқы), екі бың ертіміз 
— екі мың екенбіз, қызыл қаным сөз тіркестері ешбір жалғаусыз орын тəртібі арқылы жəне түрлі сөз 
таптарынан (зат, сан, сын есімдерден) жасалған. 
Кейде сөздердің арасындағы мағыналық байланыс интонация арқылы да жүзеге асады: Улуғы 
шад ерті — Үлкені шад еді. Йағмысы бен ертім — Жақында дегені мен едім [2; 109]. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Көне түркі тіліндегі сөз тіркесінің қолданысы 
Серия «Филология». № 1(69)/2013 
25 
Қазіргі қазақ тілінде сөздердің байланысу түрлері беске бөлінеді: қабысу, қиысу, меңгеру, 
жанасу, матасу. Осы байланыс түрлері көне түркі жазбаларынан бізге ешқандай өзгеріссіз жеткен деп 
айтуға болады. Соның айғағы ретінде оларды төмендегіше қарастырдық. 
Қиысу — бастауыш пен баяндауыштың арасында болатын байланыс. Мұндағы бағыныңқы мүше 
мен басыңқы мүше бір-бірімен тұлғасына не мағынасына қарай тұлғаланады. Біз шег ертіміз — Біз 
өлімші едік. Үч көрүг келті — Үш хабаршы келді. Білге Тоникуқ бен өзүм Табғач іліңе қылантым — 
Білге Тоникуқ мен өзім Табғаш елінде тəрбиелендім. Қиыса байланысқан сөз тіркестері өзара жақтық, 
шақтық жағынан тұлғаланған. Бұл қазіргі тілімізде де дəл осындай. 
Меңгеріле байланысатын сөз тіркестері барыс, жатыс, табыс, шығыс, көмектес септік 
жалғауларының бірінде тұрады да, басыңқы сөзі не есім, не етістіктен болады. 
А.Аблақов сабақты етістіктердің меңгеруі туралы былай деген: «Сабақты етістіктердің меңгеруі 
табыс септігімен тікелей байланысты. Бірақ бұған қарап сабақты етістіктер табыс септігінен басқа 
септік жалғаулы сөзді меңгере алмайды деген қорытынды шығаруға болмайды. Өйткені сабақты 
етістіктер олардың ішінде адамның еңбек əрекетімен байланысты етістіктер табыс септігінен басқа 
көлемдік септіктермен де тіркесе алады. Сабақты етістіктердің бұл тəрізді бірнеше септік жалғаулы 
сөздерді қатарынан меңгеруі олардың мағыналық жағынан соншалықты бай, құнарлы екендігін 
аңғартады. Мысалы, жазу, кесу, шабу, салу, қирату, бұзу, жеу тəрізді іс-əрекетті білдіретін етістіктер, 
айту, сұрау, сөгу, мақтау тəрізді сөйлеу мəнді етістіктер, көру, есту, тыңдау тəрізді сезіну етістіктері 
сабақты етістіктер қатарынан орын алады, өйткені бұлар өзінің мағынасы жағынан тура объекті 
мəніндегі сөзбен сабақтасып, оларды жетегіне алып меңгеріп тұрады» [4; 64]. 
Сабақты етістіктер мағынасының орамдылығына қарай табыс септігінен тыс жанама септіктерді 
меңгере алатын болса, салт етістіктерде ондай қасиет жоқ. Қазақ тілінде салт етістіктің қатарына 
жататын етістіктер саны алуан түрлі, бірақ осылардың барлығы бірдей меңгеріле байланысқан сөз 
тіркестерін құрай алмайды. Мұның өзі сабақты етістіктердің меңгеру қабілетінің əлдеқайда мол 
екендігін аңғартады. 
Меңгеру табиғаты да етістікке тəн, сондықтан да бұлардың меңгеру қабілеті есімдермен 
салыстырғанда əлдеқайда жоғары. Меңгерудің тамыры тым əріден басталады. 
Түркі тілдерінің бірі қазақ тілінде табыс септікті сөз тіркестері жалғаулы түрінде де, жалғаусыз 
түрінде де қолданыла береді. Бұл мəселеге назар аударған кейбір ғалымдар табыс септікті сөз 
тіркестерінің жалғаусыз түрі жалғаулы түрінен бұрын қалыптасқан деп қарайды. Бұл пікірді 
толығынан қуаттауға болады, өйткені, біріншіден, тым ертедегі дəуірде сөздерді өзара байланысқа 
түсіретін қосымшалар жоқ кезде олар бір-бірімен мағыналық жақындықтарына қарай іргелес тұрып 
байланысқан. Демек, тура объекті мəніндегі жалпы есімдер сабақты етістіктермен мағыналық 
жағынан байланыста, органикалық бірлікте тұрғандықтан, қосымшасыз, іргелес тұрып байланысып, 
объектілік қатынастағы сөз тіркестерін құраған болса, екіншіден, орхон-енисей ескерткіштері тілінде 
табыс септікті сөз тіркестерінің жалғаусыз түрі жалғаулы түрімен салыстырғанда əлдеқайда жиі 
кездеседі. Мысалы: Қырық йыл ел тұтдым бодун башладым — Қырық жыл ел билеп, халық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет