Көне түркі тіліндегі сөз тіркесінің қолданысы
Серия «Филология». № 1(69)/2013
27
Қазіргі түркі тілдерінің барлығында бірдей кездеспейтін септік жалғауы — көмектес септік.
Дегенмен, арнаулы грамматикалық тұлғасы бар көмектес септік — қазақ тілінің ғана ерекшелігі.
Басқа түркі тілдерінде бұл жалғаудың қызметін
біле (білен) шылауы атқарады. Көне түркі тілінде
қазақ тіліндегі
-мен септік жалғауы мен басқа түркі тілдеріндегі
біле шылауының мəнін беретін
арнайы жалғау
-ын, ін, -н тұлғасы қолданылған [6; 168].
Қазақ тіліндегі көмектес септік жалғауының мағынасы, сол тəрізді өзге түркі тіліндегі
біле
шылауының мағынасы орхон-енисей ескерткіші тілінде құралдық септіктің
-н (-ын, ін, -ун, -үн)
тұлғасы арқылы берілген. Ертедегі ескерткіштер тілінде бірлестік мағына мен қимыл-əрекетке
қатыстық мағына жоғарыда келтірілген құралдық септіктің жалғауларынан тыс
бірле шылауы
арқылы да берілген [4; 34].
Көне түркі тілінде
-н тұлғасымен қолданылған көмектес жалғаулы сөз тіркестері жиі
қолданылады.
Бір еріг оқ-ун урты — Ол бір жауынгерді оқпен жарақаттады. Сүңүгін ачдымым —
Сүңгімен аштық. Бұлар қимыл-əрекеттің немен істелгенін, болып өткен орнын, кейде бірлестік
мағынасын білдіреді.
Тіліміздің даму тарихына назар салсақ,
-н, -ын, -ін тұлғасы көне заманда қалыптасқандығын, ал
қазақ тіліндегі
-мен тұлғасы кейінгі дəуірдің жемісі екендігін байқаймыз.
Матаса байланысатын сөздер — негізінен зат есімдер. Мұндай сөз тіркестері ілік септігі мен
тəуелдік жалғаулары арасында болады. Бұлардың байланысу тəсілдері біркелкі емес. Олар үш топқа
бөлінеді.
Бірінші топтағы сөз тіркестерінің екі жағы да жалғаулы болып келеді:
Білге қағаның будуны —
Достарыңызбен бөлісу: