Конец формы алланың КӨркем есімдері اللهАлла



бет6/8
Дата29.03.2023
өлшемі38,92 Kb.
#77235
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Алланың көркем 99 есімі

60. المُعِيدُ Әл-Муғид – Қайтарушы. Ол тірілерді өлілерге айналдырады және оларды қайтадан бастапқы қалпына келтіреді. Егер мал, мүлік немесе адам жоғалса Алла Тағаланың осы көркем есімін 70 рет қайталап дұға етсе, жоғалған нәрсе Алла Тағаланың қалауымен қайта оралады.
61. المُحْيِى Әл-Мухи – Тірілтуші. Ол денелерге жан салып тірілтеді. Егер біреу бұл есіммен Алла Тағалаға жалбарынса, шипа табады.
62. المُمِيتُ Әл-Мумит – Өлтіруші. Денелерден жан алып өлтіреді. Ақыреттің қайғы-мұңның дәмін татпау үшін Алла Тағаланың осы атын көбірек қайталап, зікір етіп жүру керек.
63. الحَىُّ Әл-Хай – Тірі. Ол мәңгі өмір сүреді, мәңгі болды және мәңгі болады. Оның тірі болуының басы да, соңы да жоқ.
64. القَيُّومُ Әл-Қайюм – Бәрінің үстінде тұрушы. Әрбір заттың үстінен қарайласып оған Қамқоршы болып тұрады. Әр нәрсе тек Алла Тағаланың қалауымен тұрады. Өздігінен мықты тұрушы.
65. الوَاجِدُ Әл-Уәжид – Бай, Табушы. Нені тапқысы келсе, сәтінде-ақ табады, өйткені бүкіл жаратылыс оның құзырында. Ол ештеңені жоғалтушы емес.
66. المَاجِدُ Әл-Мәжид – Құрметті, Сыйлы. Ол жақсы қасиеттерді иемденеді. Құрмет пен сый оған тән.
67. الوَاحِدُ Әл-Уахид – Жалғыз. Барлық Құдайлық сипаттар Оған тән. Одан басқа Құдай жоқ. Алла Тағала расында жалғыз, сондықтан Аллаға ғибадат етіледі.
68. الصَّمَدُ Әс-Самад – Ешнәрсеге мұқтаж емес. Адамдардың қажеттерін өтеп беруші Алла Тағала, сол үшін құлдары Оған бұл көркем атымен жалбарынады. Ол – аса Құдіретті, Қуатты.
69. القَادِرُ Әл-Қадир – Мықты, Қадірлі. Оны мақұлықтар қадірлейді. Оған ешкімнің көмегі керек емес. Оның әр нәрсеге шамасы жетеді.
70. المُقْتَدِرُ Әл-Муқтадир – Құдіретті. Не істегісі келсе, соны істеуге қуаты жетеді. Оның істей алмайтын ісі жоқ.
71. المُقَدِّمُ Әл-Муқаддим – Алға шығарушы. Өз пайғамбарларын алға шығарады. Өзіне инабатты құлдарын тура жолға салады. Оларды ұлық дәрежелерге көтереді.
72. المُؤَخِّرُ Әл-Муаххир – Артқа тартушы. Өз жауларын артта қалдырады. Ол Өзі мен кәпірлердің арасына бөгет перде салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет