Конец формы алланың КӨркем есімдері اللهАлла



бет7/8
Дата29.03.2023
өлшемі38,92 Kb.
#77235
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Алланың көркем 99 есімі

73. الأَوَّلُ Әл-Әууәл – Бірінші, Алғашқы. Баршаның алдында. Ол мәңгі тұрады. Оның алдында ешбір зат болған емес.
74. الآخِرُ Әл-Ахир – Соңғы, Ақырғы. Барша мақұлық қиямет күні қайтыс болғанда, Алла Тағала тірі болады. Оның соңы жоқ. Кім күніне осы көркем есімді 1000 рет зікір етсе, Алла Тағаланың махаббаты баурап алады, сол адам нәпсіқұмарлықтан арылып, көз жұмғанда иманмен қайтады.
75. الظَّاهِرُ Әз-Заһир – Анық, Көзге көрініп тұрушы. Ол Өзін аяттары (күн, ай, жұлдыз т.б.) арқылы бар екенін анық көрсетіп тұрады.
76. البَاطِنُ Әл-Батин – Көрінбей тұрушы, Ішкі. Ол мақұлықтардың көзіне көрінбейді. Ол мақұлықтардың не ойлап, не қоятынын біледі және олар не нәрсеге ұшырайтындарын меңгеріп тұрады.
77. الوَالِى Әл-Уали – Басқарушы, Уәлі. Ол әр нәрсенің басқарушысы. Ол не бұйрық берсе, сол мезетте бұлжытпай орындалады. Ол Өз қалауымен және даналығымен билік жүргізеді. Үкімдерін іске асырады.
78. المُتَعَالِ Әл-Мутаәли – Биікке көтерілуші (Самғаушы). Мақұлықтардың сипаттары Оған тән емес. Пайғамбарлардың сипаттарын биік дәрежеге көтереді.
79. البَرُّ Әл-Бәрр – Ізгілік істеуші. Ол ешуақыт жаманшылық істемейді. Құлдарға ізгілік және қамқорлық етеді.
80. التَّوَّابُ Әт-Таууәб – Тәубені қабылдаушы. Ол әрдайым адамдардың шынайы жасаған тәубесін қабыл етеді. Тәубе етушілерге ғафу етіп, оларға рахым-мейірімін төгеді. Кім залымның зұлымдығына қарсы Алланың бұл есімін 10 рет айтса, зұлымдығына ұшырамайды.
81. المُنْتَقِمُ Әл-Мунтақим – Есе әперуші. Ол Өзіне мойынсұнбайтын құлдарын істеген амалына қарай азаптайды.
82. العَفُوُّ Әл-Ғафуу – Аса кешірімді, Ғафу етуші. Адамдар жалбарынып кешірім сұрағанда күнәларын жойып, сауап істерін қалдырады. Бұл есіммен Алла Тағалаға жалбарынып артынан «Аллаһумма иннәкә ғафуун карим, тухиббуль ғафуа, фағфу ғаннә» десе, оның күнәлары кешіріледі.
83. الرَّءوُفُ Ар-Раууф – Қамқоршы. Алла Тағала Өз құлдарына жақсылық пен қамқорлық жасайды.
84. مَالِكُ المُلْكِ Мәликул Мүлк – Мүліктердің Патшасы. Иелігі өте зор. Байлық қазынаның барлығы, күллі мүлік – Оның қолында. Кім осыны көп қайталап жүрсе, Алла Тағала Өз байлығынан төгіп береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет