Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет107/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   127
"Дарындылық 
- белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін 
адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі".деп айта аламыз. Балалар 
дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің 
психологиялық - педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы 
тиіс. 
Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы 
үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен 
таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып 
табылады[4]. 
Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы 
қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік 
және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа 
міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті. 


214 
Яғни, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік 
саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық 
дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп 
отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге 
алынуы шарт. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар 
мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім міндеті, бала 
бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың 
болашағының ірге тасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет. Дарынды 
баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және 
оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. 
Дарындылықты 
анықтауда 
бірнеше 
жақта 
қарастырылды. 
Олар: 
интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік 
дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және 
спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны 
жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін 
табады. 
Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. 
Дарындыларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және 
ғылыми - білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен 
міндеттерді оқытушы педагог ескеруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет