Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет105/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   127
Түйін сөз: Дарынды бала, педагог, қабілет, шығармашылық. 
 
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму 
бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру 
жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы 
талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара 
ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау 
қажеттігі айқын. 
Яғни, қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы 
оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. 
Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, 
ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау 
көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға, 
студенттерге мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, 
оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық 
қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. 
Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана 
емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс 
жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып
ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне 
әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Мектеп – 
білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы болып 
табылады. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау әлімсақтан мирас 
болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, 
инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары 
осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани 
тазалығымен ерекшеленуі тиіс деп ойлаймын. Ар- намысын жоғары ұстаған ел 
ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Міне осы тұрғыда 
мектеп педагогтардың алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі 
білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру болып 
табылады[1]. 


212 
Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың және студенттердің 
әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын 
негізгі міндеттердің бірі – дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік 
қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен 
қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын
байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан 
өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, 
білім құмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. 
Дарынды балалар мектепке баруға құлшынады, сабаққа барған кезде осындай 
дарынды балалармен қиын жағдайға ата-аналарда, оқытушылар да тап болады. 
Осындай білім құмар балаларға сынып іші жалықтырып жібереді. 
Педагогтар сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып 
бағады, себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балаларда 
отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс 
жасау мұғалімге қойылатын басты талап болып табылады. Ендеше, осындай 
жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау 
қажеттігін көрсетіп отыр. 
Қазіргі таңда дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің 
жарқын болашағы. Елбасымыз Қ.Тоқаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық 
қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен 
қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің 
болашағы жастарға үлкен мән берген[2]. 
Сонымен қатар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет