218
Ең бастысы табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі
дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыру үшін аянбай еңбек
етіп, педагогтың өз бойындағы да қабілетті аша түсу, көш
соңында қалып
қоймай, қоғам алдындағы міндетіңді азаматтық тұрғыдан ойдағыдай
орындау[9].
ХХІ-ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі
басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым
өз
бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге
бағытталған. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты
әрі жүйелі түрде бағыттау керек.
Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге
артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат –
оқушылардың
қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы
білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және
сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі
жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер
оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе,
оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып
қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі
адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады[10].
Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттардың, пікір – сайыс яғни
интеллектуалды ойындардың мақсаты - Қазақстандық
қоғамдағы өзекті
мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу
арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру;
жастардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту
болып табылады. жұмысының жоспары өзі қалауындай етіп жасағаны орынды,
өзіндік шешім қабылдауына ықпал ету қажет;
Сонымен қатар оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі – көзбен көріп,
құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық
ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше
білуге,
тапқырлыққа,
жаңа
ғылыми
ізденіске
жетелеуде.
Пәндік
олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері
педагогтардың ғылыми-
әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік
деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде
шығармашылық белсенділігін ынталандыру
және қызығушылығын дамыту,
ғылыми білімді насихаттау болып табылады[11]. Түрлі іс шараларға қатысу
арқылы балалардың дарындылық қыр-сырын қарап бақылауымызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: