21
«Тургайская газета» 1897 жылдың №108 санында арнайы хабарлама жазады.
Онда Орынбор мұғалімдер мектебіне бөлінген 17 стипендияны Қостанайдағы
Педагогикалық курсқа ауыстыру мәселесі көтеріледі (ТОВ, 1897: №108). 1902
жылдың анықтамалық ақпаратында Педагогикалық сыныптың меңгерушісі
болып М.Н.Греховодов деген ұстаз қызмет атқарғандығы тіркелген. Сонымен
қатар сыныпта дін сабағын жүргізушіден бөлек, екі мұғалім қызмет атқарған. Бірі
– Василий Иванович Гурылев, екіншісі - А.Байтұрсынұлы (Адрес- календарь,
1902: 76). Қостанай Педагогикалық сыныбының айтулы түлектері ретінде
С.Көбеев, М.Дулатұлын атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: