26
Ж.Ақбаевтың
2
көмегімен
орналасқанын, оның 1904 жылы мұғалім
А.Байтұрсынұлымен жақын қарым-қатынас орнатып, үкіметке қарсы насихат
жүргізу үшін қаржы жинағанын, министр Булыгинның атына арыз жазғанын
айтады» (ҚР МОА, қор.15, тіз.3, іс 410, п.122 п.с.ж.). Арызға қол қоюшының аты-
жөніне қарап арыздың анонимдік екенін болжауға болады. Қалай болғанда да,
арандатушы Т.Чингисов өзі жасаған арамдық ісіне
ұқсас әрекеттің құрбаны
болған сынды.
1909 жылдың 1 шілдесінде А.Байтұрсынұлы Семей түрмесіне жабылып,
онда тоғыз ай бойы жазықсыз отырады (Имаханбет, 2010, 41). А.Байтұрсынұлын
арашалауға Алаш азаматтары араласады. Кадет партиясының мүшесі, І Думаның
депутаты Ә.Бөкейхан Санкт-Петербургтегі «Речь» газетінде
«Киргизский народный поэт в тюрьме. Из Семипалатинска.» атты шағын мақала
жариялауды ұйымдастырады. Мақала басылымның 1909 жылғы 19
қарашасындағы №318 санында жарияланады. Онда. «Вздешней тюрьме томится
5-й месяц Ахмед Байтурсунов, талантливый киргизский поэт. В 1909 году он
издал книгу «Крык Мысал – Сорок басен», перевод в стиках 40 басен Крылова»,-
деп басталған мақала түрмедедегі А.Байтұрсынұлына айып тағылмағанын, оны
босату жөнінде жазылған арыздар губернатор тарапынан жауапсыз қалып
отырғанын хабарлаумен аяқталады (Речь, 1909, №318).
А.Байтұрсынұлын арашалауға дос-жарандарымен
қатар жары Бадрисафа
Байтұрсынова да белсене араласады. Оның билік органдарына жазған
шағымдары архивтік мұрағаттарда сақталған. 1910 жылдың 21 ақпанындағы Ішкі
істер министрлігінің қаулысымен оны қазақ даласынан тыс жерге 2 жыл мерзімге
жер аударылсын әкімшілік жаза шығарылады (ООМА, қор 21, тіз.9, іс4, п.70-
71п.с.ж.). Жазаны өтейтін мекен ретінде А.Байтұрсынұлы Орынбор қаласын
таңдайды. Семей облысының губернаторы Тройницкий жасырын, жала шағымды
жалау етіп А.Байтұрсынұлын қазақ даласынан сыртқы кетуге мәжбүрлейді.
Губернатордың қыспағымен қоныс аударған А.Байтұрсынұлының жаңа
мекенде жұртына жасар қызметтің кең арнасы ашылады. 1914 жылы Семей
губернаторы Тройницкий мырза қызметтен кеткенде А.Байтұрсынұлы былай деп
жазды: «Өз басым Тройнитскиге алғыстан басқа һеш нәрсе айтпаймын. Өйткені
жалған жала, жасырын шағымға инабат етіп, бұлдаушы болмаса, менің үстімнен
жасырын шағым болмас еді. Жасырын шағым болмаса, мен Қарқаралыдан
Оренбургқа қуылмас едім. Оренбургқа қуылмасам,
Қарқаралыда тұрып, осы
істеп отырған ісімді істей алмас едім. Елу-алпыс балаға ғана арнап берген
сабақтан алты миллион қазақты алаламай істеп отырған ісімді артығырақ
көремін»
(Қазақ
газеті,
2018: 61).
Түйіндей келгенде, А.Байтұрсынұлының 1895 жылы Торғай облысы Ақтөбе
уезі Бестамақ болысынан бастаған ауылдық мектептердегі ұстаздық қызметі
Семей облысы Қарақаралы уездік мектебінде 1910 жылы аяқталады. Мұнан
кейінгі жылдары оның тұтас қазақ халқына ұстаздық еткен қайраткерлік кезеңі
басталды. Оның ағартушылық майдандағы, азаттық күрес
жолындағы
2
Ж.Ақбаев – Қарақаралы петициясын ұйымдастырған кісі ретінде патша үкіметінен тарапынан қудалауға
ұшыраған қайраткер.