Конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет42/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   127
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Абылай хан. - Алматы: Жазушы, 1993. - 416 б. 
2.
Қазақ тарихи жырларының мәселелері. – Алматы: Ғылым. – 1993. 
3.
Абылай хан. Тарихи жырлар. 1 том. - Алматы: Білім, 1995. – 415 б. 
4.
Уәлиханов Ш. Абылай хан туралы өлең жырлар және тарих. – Алматы: 
Білім, - 1995. 
5.
Толыбаев Қ. Хан Абылай. «Шалқар», №221. - 991 б. 
6.
Қазақ халық әдебиеті: көп томдық. – Алматы: Білім, 1995. – 288 б. 
7.
Бабалар сөзі.Тарихи жырлар. 57 том. – Астана: «Фолиант», 2010. – 215 
б. 


75 
8.
Бабалар сөзі. Тарихи жырлар. 57 том. – Астана: «Фолиант», 2010. – 175 
б. 
9.
Қасқабасов С. Миф пен әпсананың тарихилығы. /Қазақ фольклорының 
тарихилығы. – Алматы: Ғылым. – 1993. – 82 б. 
10.
Абылай хан. Кенесары: (проблемы национально-освободительного 
движения). – Алматы: Ғылым, 1993. – 9-10 бб. 
ӘОЖ 8.82.02 
Курманаева Алтыншаш 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 
dreamaltynshash@gmail.com 
Кажибаева Гүлден Кенесовна 
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 
guldenkgk@mail.ru
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАСТАР ПРОЗАСЫ 
 
Аннотация: Мақалада әлем әдебиетінде кеңірек тараған жастар прозасы жанрының 
қазіргі қазақ әдебиетіндегі көрінісі экзистенциялық көзқарастар негізінде дәлелденді. 
Сонымен қатар, жастар прозасында шығарма жазатын жазушылардың шығармаларына 
аналогиялық талдаулар жасалынды. 
Тірек сөздер: проза, субстанция, стиль, роман, экзистенция. 
 
Бүткіл әлем әдебиеттану ғылымында «жастар прозасы» деген когнитивтік 
көзқарас бар. Зайырында, жастар прозасы 

ғылыми еңбектерде жастар өміріне 
арналған әдеби жанр әрі бағыт ретінде түсіндіріледі. Аталмыш бағыт көрші 
Ресей әдебиетінде 1950-інші жылдары пайда болса, қазақ әдебиетінде 1910- 1925 
жылдардан бастау алады. Өйткені дәл осы жылдары Міржақып Дулатұлы 
«Бақытсыз Жамал» романын, Спандияр Көбеев «Қалың мал» романын, 
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романын, Шәкәрім Құдайбердіұлы 
«Әділ мен Мария» романын, Мағжан Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» әңгімесін,
Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романын, Бейімбет Майлин 
«Раушан-коммунист» повесін, Сәбит Мұқанов «Мөлдір махаббат» туындысын 
және т.б. бірқатар жазушылар шығармаларын жарыққа шығарған болатын. 
Ендеше, қазақ әдебиетінде «жастар прозасының» субстанциясы 1910-1925 
жылдардан тамыр тартады деуге толықтай негіз бар. Бұдан кейінгі «жастар 
прозасының» прагматизациясы қайта құру жылдарына саяды. Қайта құру 
жылдарында қазақ қаламгерлері жастар тақырыбында көбірек қалам тербеді. 
Атап айтқанда, Бердібек Соқпақбаевтің «Өлгендер қайтып келмейді» романы, 
Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдары», Төлен Әбдіковтің 
«Оң қол», «Қонақтар» әңгімесі, Бексұлтан Нұржекеевтің «Бір өкініш, бір үміті», 
Зейін Шашкиннің «Доктор Дарханов» романы 

қазақ әдебиетіндегі жастар 
прозасының мәңгі алтын қазығы іспеттес. Қазіргі қазақ әдебиетінде де аға буын 
өкілдерінің ізін қуған жас прозашылар жоқ емес. Өткен ғасыр мен жаңа заман 
әдебиетінде де қазақстандық жазушылар жастар прозасы жанрында 


76 
қалам тартқан һәм әлі де жауһар шығармалар жазып, еліміздің мәдениеті мен 
өркениетіне өзіндік өлшеусіз үлестерін қосып келеді. 
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жастар прозасы 

жас жазушылар мен 
сыншылардың басын біріктерген киелі қарашаңырақ. Бұл ұядан талай мұзбалақ 
шыңдалып, қанаты алты құлаш сұңқар болып ұшып шыққан. Олар қазақ 
әдебиетінің көк байрағын ашық аспан кеңістігінде желбіретіп қана қоймай, алтын 
сабын Тянь-Шань тауының мұнар басында қалдырған. Бірақ сайып келгенде, 
әуелде жас қаламгер ретінде танылған прозашыларымыздың жартысына жуығы 

бүгінде бірталай кемел жасқа келіп өзіндік жазу стильдерін қалыптастырып 
үлгірген кілең тарлан жүйріктер. Сондықтан, біздің пайымдауымызша, қазіргі 
қазақ әдебиетіндегі прозашыларды «тәуелсіздік кезеңдегі» және «тәуелсіздіктен 
кейінгі» деп бөлу қажет сияқты. Өйткені тәуелсіздік алғанан кейінгі жылдардағы 
прозашылардың қатары едәуір артқан. Әрине, қазақ қаламгерлерінің сан-
сапалық жағынан толығуы 

көңіл қуанттарлық жағдай. Алайда қазақ 
прозашыларын жүйелеу де 

қазіргі заман әдебиетінің басты міндеті болмақ. 
Міне, осы, мәселені жадымызда мықтап ескере отырып, біз әдебиет додасында 
мыңнан тұлпар атанған қаламгерлерді жарияланым мерзімі бойынша кезең-
кезеңге бөліп қарастыруды жөн көрдік. Мәселен: 
1)
Тәуелсіздікке дейінгі қазақ прозасы. XX-ғасырдың II жартысы мен XXI 
ғасырдың I-інші жартысында әдеби-көпшілік журналдарда үздіксіз 
жарияланып отырған жазушылар: Әкім Тарази, Дүкенбай Досжан, Заман 
Төлеуов, Нұрдәулет Ақыш, Толымбек Әбдірайым, Қуандық Түменбай, 
Таласбек Әсемқұлов, Тұрысбек Сәукетай, Дидахмет Әшімхан, Жүсіпбек 
Қорғасбек, Талаптан Ахметжан, Асқар Алтай және т.б талантты жазушылар. 
2)
Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ прозасы. XXI-ғасырдың II-інші жартысында 
шығармалары жарық көре бастаған жазушылар: Думан Рамазан, Нұрлыбек 
Саматұлы, Сәуле Досжан, Роза Мұқанова, Ерболат Баятұлы, Дидар Амантай, 
Қойшыбек Мүбәрак, Ділдәр Мамырбаева, Зира Наурызбаева мен Лиля Клаус 
және т.б. 
3)
Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ прозасы: Ербол Бейілхан, Дәурен Қуат, Мәдина 
Омарова, Лира Қоныс, Аягүл Мантай, Бейбіт Сарыбай, Мақсат Рамазанұлы, 
Қанат Әбілқайыр және т.б. 
4)
Қазіргі қазақ прозасы. Жаңа заман әдебиеті. Қазақ әдебиетіндегі жас 
прозашылар: Рүстем Сауытбай, Зәуре Төрехан, Бақытбек Қадыр, Әлішер 
Рахат, Есбол Нұрахмет, Жәудір Нартай, Мейіржан Жылқыбай, Нұрбек 
Нұржанұлы, Разия Акпар, Алтынай Берік және т.б. жас қаламгерлер жатады. 
Қазіргі жаңа заман әдебиетіндегі жастар прозасы жайында ауыз толтырып 
айтар жайттар көп. Жиырма бірінші ғасырдағы жастар прозасы –жазу 
тенденциясымен һәм қарқынды даму сипатымен ерекшеленеді. Жастар 
прозасында жазуға деген құштарлық пен қуат бар десек еш қателеспеспіз. 
Сөзіміз «абсурд» болмас үшін бір-екі жас жазушының шығармасына қысқаша 
талдау жасап көрерлік. 


77 
Футорология – болашақты болжау туралы жанр. Ғаламтор деректеріне 
сүйенсек, футорология терминін 1945 жылы әлеуметтанушы ғалым Осип 
Флехтхайм өзінің «Олдосу Хаксли» жазбасында ұсынған. Кейін терминнің 
танымал болғаны сонша, оны жазушылар да қолдана бастады. Бірақ жанр 
болашаққа бағытталған деп футорология мен фантастиканы бір тек ретінде 
қарастыруға мүлде болмайды. Фантастика автордың қиялынан туған болашақ 
туралы жанр болса, ал футорология таза ғылыми фактілерге негізделген 
гипотеза. Көрнекті шетелдік ғалым Ю. Шкурко «Ғылыми фантастика мен 
футурологияның 
әлеуметтанулық 
сәйкессіздігі» 
атты 
мақаласында: 
футорологияның басты мақсаты болашақты болжау екендігін айта келіп, 
футрологтарға Станислав Лемді жатқызады. Қазақ әдебиетінде футорологиялық 
жанрдың жазушысы – Бақытбек Қадыр. Жазушы Бақытбек Қадырдың «Жасыл 
шатырлар» әңгімесі – бүгінгі қоғамнның әлеуметтік жағдайын танытатын тың 
туынды. Туындыда аспанан түскен адамдардың қилы тағдыры, бас кейіпкердің 
іс-әрекеті тартысты суреттеулермен баяндалады. Мәселен: 
Көше шырағы 
бұлыңғыр ғана түсіп тұрған, бажайлап қараса, кәдімгі аспаннан адам жауып 
тұр. Денесі дір етті. Әрі таңырқап қалған, өне бойы мұздап қоя берді [2], 
– 
деген жолдарға назар салсақ, футорология жанрына тән белгілерді көреміз. 
Дәлірек айтқанда, аспанан адам жауу мотиві – футрологиялық концепцияның 
негізін құрағандығын һәм оның мәнісін ашқандығын ұғынамыз. 
Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ әдебиетінің тума талант жазушысы Аягүл 
Мантайдың «Қабір гүлі» әңгімесі – таза мистикалық жанрында жазылған 
шығармалардың бірі. Шығармада «өлім» өлшемі ауыр суреттеулермен беріледі. 
Жазушы қабір гүлінен қаза тапқан Бұрым өлімі арқылы қабір басына себепсіз 
жоламауға, бар өмірді бағалай білуге үйретеді. Мәселен: 
Мен ол кезде 
ағаларымды ұйқысынан оятатыныма сенуші едім. Қаншама жылдар 
өтті. Көкелерім ұйқысынан оянар емес... 
[3]. 
Қорытындылап айтқанда, қазақ әдебиетінің сахнасын бағындырған 
дарынды жазушылардың творчествосы әлі де зерттеле түсуі керек демекпіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет