Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Тәуелсіздік кезеніндегі қазақ прозасының көркемдік әлемі (Повестер мен
әңгімелер): филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу
үшін дайындалған дисс. авторефераты. 10.01.02 мамандығы бойынша /
Балтабаева Ғауһар Саядылқызы, – Алматы: [Б.ж.], 2010.
2.
Бақытбек Қадыр. Жасыл шатырлар[Электрондық ресурс] / Қадыр
Бақытбек. – Қазақ әдебиеті газеті: https://qazaqadebieti.kz/25292/ba-ytbek-
adyr-zhasyl-shatyrlar
3.
Аягүл Мантай. Қабір гүлі [Электрондық ресурс] / Аягүл Мантай. –
Ақжелкен журналы:
https://aqzhelken.kazgazeta.kz/news/34109
78
ӘӨЖ 17.82
Каблашева Айсулу Умирзаковна
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ
Aisulu-zhamalieva@mail.ru
А.БАЙТҰРСЫНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
КӨЗҚАРАС
Аннотация: Мақала қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы,
публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет
танытқыш» еңбегіндегі психологизм элементтері мен мысал, өлеңдеріндегі, әңгімелеріндегі
психологиялық көзқарас туралы. Мақалада зерттеуші ғалымның «Әдебиет танытқыш»
еңбегіндегі «Дарынды сөз» тарауында кездесетін «толғау» сөзіне берілген анықтамасы
талданады. Оған мысал келтіріледі. «Сөз өнері» тарауында автордың «ақыл», «қиял»,
«көңіл» ұғымдарына қатысты айтқан ойы беріледі. А.Байтұрсынұлының «Қазақша оқу
жайынан», «Мектеп керектері» атты мақалаларындағы психологиялық көріністер жайлы
пікірлер айтылады. Кей өлеңдері мен мысалдарының, әңгімелерінің мазмұны ұсынылады.
Ондағы адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеті сыналып, тәрбиелік мәні ашылады.
Тірек сөздер: толғау, ақыл, қиял, көңіл, психологиялық көзқарас, мінез-құлық
Жылдар бойы дамып келе жатқан психологизм ұғымы қазақ әдебиетіне ХХ
ғасырдың басында көзге айқын көріне бастады. Оны біз Ж.Аймауытовтың,
А.Байтұрсынұлының, М.Әуезовтың, М.Жұмабаевтың, т.б. еңбектерінен көреміз.
А.Байтұрсыновтың 1926 жылы шыққан «Әдебиет танытқыш» еңбегінің «Дарынды
сөз» деген тарауында көркем шығармалардағы ішкі әлемнің көрінісін «толғау» деп атай
келіп, оған былай деп анықтама беріп өтеді: «Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы
тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің
күйін-мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды.
Екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға
білдіріп, басқаларды сол көңілдің күйіне түсіріп, халын түсіндіру мақсатпен толғайды.
Толғау, қысқасын айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі,
көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық жалғыз өз көңілінің күйін
толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда» [1, 104].
Яғни, жазушының ойынша, толғау дегеніміз – адамның ішкі дүниесі, түрлі эмоциялық
сезімдердің көрінісі: ғашықтық, сағыныш, қайғы, күйініш, кейістік, кіжініс, өкпе, наз.
Толғаушы ақын өзінің ғана көңіл-күйін толғамай, басқа да адамдардың хал-жағдайын
түсініп, оның күйіне түсіп толғайды. Бұған мысал ретінде «Күнім-ай» атты қазақтың
халық әнін келтірсек болады:
Көзіме көріндің де кетіп қаддьң,
Кәдірі болмайды екен қолда бардың.
Әйдем де болмай жатып сағынғаннан,
Өлеңмен атынды атап, әнге салдым.
Сағындым, жаным, сені бір күн болмай,
Жолыңа көп қарадым шыдай алмай.
Кетіппін, жаным, саған қатты үйреніп,
79
Көңілім басылмайды бір жыламай.
Шырағым, жүзің раушан, сөзің балдай,
Жолыңа қараймын деп көзім талды-ай.
Бір себеп ойлағанға бола ма деп,
Иіскеймін сағынғаннан орамалды-ай.
Жан еркем, мен жүремін мұндай күймен,
Бар ма екен ашық жарын мендей сүйген?
Сен бір шам, айнала ұшқан мен паруана
Айналып аламын деп отқа күйген.
Есімнен еш кетпейді сүйген жаным,
Білмейді ешбір адам менің халым.
Құдай-ау, ырзалықпен айрылмадым,
Көңілімде бұл турада көпті арманым.
Басымнан еш кетпейді қара бұлт,
Құдайдан етуші едім қатты үміт.
Япырым-ай, бұ не деген істер болды?
Көргенім, ойнағаным, бәрі де ұмыт.
Барады ішім толып қайғыменен,
Деуші едім айрылмаспын сүйгенімнен.
Бар қайғы дүниедегі басымда тұр,
Айтамын өлең қылып күйгенімнен.
Қапалық көңілімдегі әлең болған,
Ойласам, еске түсер өткен заман.
Бар ма екен дүниеде мендей адам
Көңіліне қапалық пен қайғы толған?! [1, 121].
Бұл өлең шумақтарынан, «сағындым, жаным, сені бір күн болмай», «жолыңа көп
қарадым», «көңілім басылмайды бір жыламай», «иіскеймін сағынғаннан орамалды-ай»
деген секілді өлең жолдарынан толғаушы ақынның ғашықтық, сағыныш күйін сезіп
отырмыз. Қолда бардың қадірін білмей, жақындарымыздың қадірін бағаламай,
жоғалтқанда оған зар болу, оны сағыну – барлық адам баласына тән нәрсе. Адам
баласының тіршілігі сондай.
А.Байтұрсынұлының айтуынша, «ақынға дүниенің әдемілігі көрік пен махаббат
екеуінде ғана» [1, 170]. Бұл екеуі көңілді не сүйінішті күйге түсіреді, не күйінішті күйге
түсіреді. Осыған байланысты толғаудың бірнеше түрі болады: сап толғау (көңілдің таза
күйінен шығатын сөз), марқайыс толғауы (көңіл шын ырза болып, марқайып өскен
шакта шығатын сөз), налыс (ақынның көңілсіз күйінен туған мұңды, шерлі толғаулар),
намыстаныс (намысқа тигізіп, канын кыздырып сөйлеу, яғни кайрау сөздің өлеңмен
айтылуы), сұқтаныс (бір нәрсеге артыкша назар түсуі), ойламалдау (мұңды толғаулар).
«Жамандык адамды кейітеді, қайғыртады, мұңайтады, ренжітеді, кемшілік пен мін
80
адамның күлкісін келтіреді. Осыған карай толғаудың ойламалдау түрі көбінесе не сөгіс
толғауға, не күліс толғауға айналып кетеді» [1, 172]. Автордың түсіндіруінше, сөгіс
толғау жамандықты жариялап, бетке басу ниетпен шығарылады, ал күліс толғау –
шаттык үстінде, көңіл қоштанғанда келетін шын күлкі немесе нәрсе көңілге күдікті, ерсі
көрінген уақытта келетін сын күлкі.
Бұдан шығатын қорытынды – толғау (толғаудың түрлері) адамның көңіл-күйіне
тікелей байланысты. Ол – автордың түрлі сезімдерін, эмоциясын жеткізетін сөз. Сол
арқылы автор оқырманды не рух беріп, жігерлендіреді, не мұңайтып, жылатады.
Сонымен қатар автордың «Әдебиет танытқыш» еңбегінде «Жан жақтау», «Жан
қоштау», «Зейіндеме», «Ес ұғымы», «Көріктеу», «Сана», «Ақыл», «Қиял», т.б.
ұғымдар кездеседі.
А.Байтұрсынұлы «Сөз өнері» деп аталатын тарауында сөз өнері адам
санасының үш негізіне тірелетіндігін айтады. Олар: 1. Ақылға. 2. Қиялға. 3.
Көңілге. Бұған қатысты автор: «Акыл ісі – андау, яғни нәрселердің жайын ұғу,
тану, акылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі
нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу суреттеп ойлау, көңіл ісі –
түю, талғау» [1, 10] дей келе, ойдағы, қиялдағы, көңілдегі нәрсені тілмен жеткізу өте
қиын және ол үлкен шеберлікті талап ететіндігін айтады.
А.Байтұрсынұлы – педагог. Ал әр педагог психолог болуы тиіс. Себебі ол
балалармен жұмыс істейді. Бұл жайында А.Байтұрсынұлының біршама
мақалалары бар. Мәселең: «Қазақша оқу жайынан», «Мектеп керектері»,
«Бастауыш мектеп», т.б. Автордың 1913 жылы шыққан «Қазақша оқу жайынан»
атты мақаласынан үзінді келтіріп өтейік: «Бала оқытатындар бала оқытуын
жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, әуелі, балаларға
үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп,
көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап,
өсіп жеткенінше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек.
Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларлық болу керек. Ол үшін бала
турасындағы ғылымды білерге керек. Бұл күнгі ғылымды жұрттарда бала оқыту
жұмысы бала оқыту ғылымын оқып шыққан адамдардың қолында. Сол ақылға
да дұрыс. Судья судьялық ғылымды оқығаннан болғанда, доктор докторлық
ғылым оқығаннан болғанда, мұғалім мұғалімдік ғылымын оқып шыққан
адамдардан болу тиісті» [2]. Яғни, мақала авторының айтуынша, балаға білім
беретін, оны оқытатын адам, біріншіден, өзі білімді болуы керек, үйрететін
нәрселерін өзі жақсы білуі керек, екіншіден, баланың ішкі халін түсінетін, оның
табиғатын, психологиясын білетін адам болуы керек. Сонда ғана бала сапалы
білім алып, өз еліне адал қызмет жасай алады.
«Біз болысымыз басқа жұрттың болысындай елді баға алмайтын мінін айтып
жатырмыз, билерімізде судьядай әділдік жоқ мінін айтып жатырмыз,
дәрігерлеріміз, бақсыларымыз доктордай ауруды емдей алмайтын мінін айтып
жатырмыз – халқымыздың басқа жұрттай білімді емес, надандық мінін де айтып
жатырмыз. Бұлардың мінін айтқанда, бала оқытуымызда қандай мін барын да
айтып, әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек. Неге
десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі» [2], –
81
деп, надандықты, әділетсіздікті жоятын нәрсе – ол оқу екендігі және «жоғары
жақты» түзеуді бала тәрбиесінен, оны оқыту ісінен бастау керектігін айтады.
1914 жылы шыққан «Мектеп керектері» атты мақаласында мектепке ең
алдымен педагогикадан, методикадан хабардар білімді мұғалім керек, содан соң
оқу құралдары және белгіленген программа керектігін айтады. «Осы күнгi
орысша оқығандардың көбi мұсылманша хат бiлмейдi, мұсылманша
оқығандардың көбi педагогика, методикадан хабардар емес. Қазақтан тәуiрiрек
школа һәм медресе бiтiргендер аз. Ол аздың үстiне орысша оқып, мұсылманша
да бiлетiндерi аз. Мұсылманша оқып, педагогика бiлетiндерi аз. Жұртқа тәртiптi
мектеп керек» [3], – деген сөздерімен халықты оқу-білімге шақырады. Сонда
барша қазақ жұмылып, білім алып, бала оқыту ісіне, қазақша кітаптар шығару
ісіне атсалысса, нұр үстіне нұр болар еді. Бірақ «оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, ұлт
тарихы, есеп, шаруа-кәсiп, жағрафия, жаратылыс жайын» «үйретуге керек
кiтаптар қазақ тiлiнде» [3] шыға бастағандарына кейбіреулер сын да айтқан. Бұл
туралы мақала авторы былай дейді: «Сынағанда бiреулерi тiптi қолына алып
қарамай, екiншiлерi қараса да танымай сынап жатқан көрiнедi. Әркiм сынау
керек өзiнiң жақсы бiлетiн нәрсесiн. Бiлмейтiн нәрсенi сынаймын деп, құр өзiнiң
бiлмегендiгiн көрсетедi. Бiреудiң бiр нәрсенiң бiлетiн, бiлмейтiндiгi iстегенде
iсiнен көрiнедi», «Бiздiкi жаман болса, жақсысын шығарыңдар. Жақсы шықса,
жаман қалатын» [3]. Осылайша өзінің ойын ашық айтады.
«Назаров кеңесiнде қазақта ана тiлiмен оқуға оқу кiтаптары жоқ деп, бiрден
орысша оқытуды қуаттаушы чиновниктер болған. Сондай сөздер болмас үшiн
ана тiлiнде оқытатын кiтаптарымыз бар деп айтуға жарарлық болуымыз тиiс» [3],
– деп, қазақтың намысын оятып, оған сенім, рух беріп, жігерлендіргендей
болады.
А.Байтұрсынұлының мысалдарынан да психологиялық көзқарастарды
байқауымызға болады. Оның мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды
мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды,
ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Ол өзінің аудармаларын қазақы
қалыппен баяндап, соңғы шумақтарында ғибраты бол түсінік беріп отырады.
Мәселең, И.А.Крыловтан аударған «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалын талдап
көрелік:
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін [4, 22], – деп бірлесіп, күштерін
біріктіріп, бір бағытта, бір командада жұмыс істей алмайтын адамдар жайлы айта
келе:
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болсақ жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас [4, 23], – деп, халықты ауызбіршілікке,
ынтымаққа шақырады.
Ал «Үлес» өлеңінде:
Бұл белгі табылып тұр біздің жұрттан,
82
Таласып, бір-бірінің жүзін жыртқан.
Алданып арадағы дау-шарына,
Қатерден қапері жоқ келер сырттан [4, 79], – деп, бір-бірін тыңдамай,
жанжалдасу, өз қатесін мойындамау деген секілді жаман әдеттерден аулақ
болуға шақырады.
«Маса» жинағында:
«Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағыңа ызыңдаса?» [4, 84] – деген жолдар арқылы ызыңдап
ұшқан маса болып қалың ұйқыдағы енжар халқын оятпақ болады. Бұл жинақтың
басты идеясы – халықты білім мен еңбекқорлыққа, мәдени және рухани
жаңғыруға баулу. Ақын надандықтан, немқұрайдылықтан және енжарлықтан
арылуға шақырады.
Шағын әңгімелерінде де адам мінезі туралы айтылады. «Екі балықшы»
әңгімесінің мазмұнына назар аударайық:
Екі балықшы балық сүзді. Сүзекті сүйреп шығуға таянғанда сүзегі ауырлай
бастады. Бір балықшы тұрып:
–
Сүзгі жаман! – деді. Екінші балықшы:
–
Сүзек жақсы, сен өзің бос тартасың! – деді.
Сөйтіп екеуі керісе түсті. Олар керісіп тұрғанда сүзегіндегі балықтар кетіп
қалды.
Бұдан шығатын қорытынды: сөз таластырып, ұрсысып тұрғанша, тіл
табысып, жұмысты дұрыс атқарса, нәтижесі берекелі болар еді.
«Ата насихаты» әңгімесі:
Әкесі балаларына тату тұрыңдар деп талай айтыпты. Балалары тілін алмай,
араздаса беріпті. Бір күні бір байлам сабау шыбықты алып келіп, балаларына
беріп:
–
Сындырыңдар! – дейді. Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын деп
еді, сабаулар сынбайды.
Әкесі сабауларды алып шешеді де:
–
Бір-бірлеп сындырыңдар! – дейді.
Балалары оп-оңай сындырады. Сонда әкесі айтады:
–
Араздасып, араларын ашылса, сендер де сабаулар сықылды боласыңдар, –
деп, автор «тірліктің күші – бірлікте» екендігін айтады, татулыққа шақырады.
Осылайша А.Байтұрсынұлы өзінің тілге жеңіл өлең-мысалдарында,
әңгімелерінде адамның жағымсыз мінез-құлқын сынап, іс-әрекетін әңгімелеп,
жақсыға жақын болып, жаманнан алыс болуға шақырады. Ал өлеңдерінде ақын
махаббатты, әйелдерді, табиғатты жырламайды, ол халыққа қарапайым әрі
ұғынықты тілмен бостандықты жырлайды, езілген қазақ ұлтын ағартушылыққа,
еңбекке және ғасырлар бойғы ұйқыдан арылуға шақырып, әрбір қазақта
азаматтық
сезімін
оятады.
Оның
өлеңдері,
мысалдары
сыртқы
қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі мен біркелкілігі жағынан қазақ
әдебиетінде алғашқы орындардың бірін алады.
|