219
4.
Ерматов Ш.Р. Дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларының
шығармашылық белсеңдылыгын дамыту туралы/ Білім-образование,
2009. №5, 3-5б.
5.
Омарқұлова С.А. Дарынды баламен жүргізілетін жұмыстардың әдістері
мен түрлерін жетілдіру // Мектептегі технология, 2009. №5, 3-4б.
6.
Бекжанова М.Б. Дарынды балалармен жұмыс – заман талабы // Қазақстан
орта мектебі, 2009. №5/6, 18-25б.
7.
Акменбетов Қ.Ж. Дарындылықтың теориялық негіздері // Педагогика
мәселелері, 2009. №2, 130-134б.
8.
Тоқтарбаева Р. Дарынды оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу // Тәрбие
туралы, 2010. №6, 7-9б
9.
Шырынбаева Г.К. Оқушы дарындылығын анықтау теориясына
негізделген мұғалім қызметі // Қазақ тілі: әдістеме, 2010. №3, 2-4б.
10.
Оқушылардың ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру және
республикалық
ғылыми жарыстарын өткізуге әдістемелік нұсқаулар. Астана 2007.
11.
Темірбаева С. Дарынды оқушылармен жүйелі жұмысының маңызы //
Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл, 2009. №7-8, 11-12б.
ӘӨЖ 311.4
Мукатаева Ляззат Жамбуловна
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Көкшетау, Қазақстан
Акаева Рауза Кельмановна
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Көкшетау, Қазақстан
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ҚАЗАҚТЫҢ ДАРАБОЗ ҰЛЫ
Аннотация: Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған
ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет
зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай
облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі
Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі
көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен
сауатын ашып, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша
училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.
Ахмет Байтұрсынов мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан өзі ізденіп, сан
алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жинап,бостандық аңсаған,
күреске шақырған өлеңдер жазады. 1913-1918 жылдар арасында "Қазақ” газетінде редактор
болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан- алуан
көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге үндейді.
Ғалымның «Маса» жинағы қазақ қоғамында үлкен серпіліс берген еңбек болды. Онда
ол өзі бақылауда жүргесін, ойын тұспалдап жеткізуді көздеді.
Қазақ патшалық жүйеден
әбден зәбір көріп, не оқуға мүмкіндігі болмай, не өз жерінде еркін өмір сүре алмай күй