240
Бүгінгі таңда оқушылардың кітап
оқуға деген қызығушылықтары
төмендеп кеткеніне байланысты, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаев – «Оқуға құштар мектеп» жобасын енгізген болатын. Бұл жобаның
артықшылықтары өте көп. Осы жобаның негізінде кітапхаларға ерекше көңіл
бөлінуде. Президенттің
тапсырмасы бойынша, кітапханалардың қоры
оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыратын әдебиеттер
қорымен толықтырылуы көзделіп отыр. Айта кететін болсақ:
■
Бірінші бағытта – қазақ әдебиетінің
классик ақын-жазушыларының
шығармаларын қайта басып шығару қолға алынбақ.
■
Екінші бағытта – әлем әдебиетінің классиктерінің шығармаларын ана
тілімізге
аударып,
мектеп
жасындағы
оқушыларды
қызықтыратын
шығармаларды таңдау ұсынылып отыр.
■
Үшінші бағытта – қазіргі заманғы талантты ақын-жазушылардың
шығармаларын кітап қылып басып шығару көзделіп отыр.
■
Төртінші бағытта – ғылыми-танымдық және оқу-әдістемелік
әдебиеттерді
басып шығару жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық
қоғамдық сенім кеңесінің отырысында электронды дәуірдегі дәстүрлі
кітапхананың ағартушылық рөліне тоқталып, мектеп
кітапханаларының кітап
қорын жаңалап, толықтырудың аса маңызды міндет екендігін атап өтті.
Президент өз сөзінде:
«Қазір бұл кітапханалардың қоры ескірген, әрі жұтаң.
Әсіресе, көркем туындылар мен тартымды әдебиеттер тапшы. Қазақ тіліндегі
тиісті әдебиеттер өте аз немесе мүлдем жоқ. Окушылардың әлем әдебиеті
классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейді. Оқу мәдениетін арттыру
мәселесін кешенді түрде шешу үшін тілдік пәндер мен әдебиеттің оқу
бағдарламаларын қайта қарау керек»,- деді.
Аталған жоба іске асқан кезде, еліміздің кітапханаларының қоры әр жыл
сайын 20%-ға жаңарып отырады. Тағы да бір ескеретін жайт, аталған төрт бағыт
бойынша оқулықтар арнайы мамандардан құрылған комиссияның шешімі
арқылы енгізіледі.
Жоба гипотезасы:
Жобаны іске асыру барысында түрлі жұмыс түрлерін
ұйымдастыру, білім алушылардың кітап
оқуға құштарлығын арттыру, кітапты
отбасымен бірге оқу дәстүрін жаңғырту,
кітапхана қорын көбейту,
кітапханалдарда электронды кітаптар қорын үлкейту, жас ұрпақты
интеллектуалды, мәдениетті, рухани бай адам етіп тәрбиелеуге ат салысу.
Достарыңызбен бөлісу: