Міндеттері:
-
оқу процесін тиімді ұйымдастыру;
-
өзін-өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру;
-
жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту;
-
жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілетін анықтау.
Осы міндеттерді орындау үшін және оқушылардың дарындылығын анықтауға
қойылатын талаптар:
1.
Шығармашылық:
-ойлау;
-қабілет.
2.
Мотивация (жеке-мотивациялы ерекшелік).
•
күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс;
•
пәнге қызықтыру.
3.
Оқушылардың әлеуметтік үйренуі:
•
сөйлесуде;
•
тәртібінде.
Келесі кезең - бағалаушылық болып табылады[5]. Бұл кезеңнің негізгі
міндеті диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды
нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-
әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Бала
туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең
барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді
қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл
жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың
дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.
215
1.
Дарынды оқушыны қалай оқыту керек? Бұл мәселені шешу үшін әуелі
дарындылық ерекшеліктері анықталады. Сол ерекшеліктерді дамытуға
бағытталған оқыту технологиясы белгіленеді.
2.
Қандай оқушы дарынды, ерекшелігі неде? Бұл сұраққа жауап беру
барысында арнайы оқыту технологиясының мазмұны анықталып, құрылымдық
жүйесі жасалды. Яғни, дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері
оқушының өнімді ойлауының даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды
айтамыз[6].
Өнімді ойлаудың жүйесі – танымдық іс-әрекеттен логикалық іс-әрекетке
келтіру, одан шығармашылыққа бағыттау. Ол үш негізгі аспектіні қарастырып
қамтиды:
1.
Танымдық - оқу материалдарын игеруі, қызығуы, танымдық белсенділігі.
2.
Логикалық - оқу материалдары бойынша логикалық ойлау процесі арқылы
құрылымындағы тапсырмаларды орындау.
3.
Шығармашылық - шығармашылық әдіс-тәсілдері игеруі, шығармашылыққа
қадам жасау, түрлендіру, ой туындатуы, қорытынды жасау, ғылыми-ізденіс
жүргізу.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік - баланы
психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни
педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын
оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін
оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ керек деп
ойлаймыз:- "сенің қолыңнаи бәрі келеді", "сен қабілеттісің", "жаз", "үйрен' деп,
баланың еркін билеп, сенім білдіру;- оқушының кішкентай жегістігі болса да,
жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең,
әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;- шығармашылық сәтте оқушыға
құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
Шығармашылық ойлап - табудың әр түрлі тәсілдерін үйрене отырып,
дарынды балалар пәндерді оқу барысында өздерінің «шығармашылық
қабілеттерін» қолданып, К.Урбан айтқандай, нақты ғылыми зерттеулер мен
дивергенттік ойға тікелей әсер етудің шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді.
Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық
қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті
нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра
алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды,
адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру[7].
Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән
педагогтың алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:
1.
Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік
дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2.
Жан-жақты ақпараттандыру;
3.Коммуникативті бейімдеу;
4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына,
қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
216
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда педагогтар мынандай жұмыс
түрлерін қолданады:
1.
Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
2.
Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;
3.
Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім
қабылдауына ықпал етеді;
4.
Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын
құрады; Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда педагогтар мынандай
мәселелерге баса назар аударуы қажет:
1.
Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу,
орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2.
Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін
пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп
отыруға;
3.
Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада,
ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық
байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
Оқушының дарындылығын анықтауда мынадай жұмыстар атқарылады:
1.
Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік
ақпараттар, мәліметтер жинақтау.
2.
Бақылау
3.
Анкета
4.
Психодиагностика
5.
Социометрия
6.
Әңгімелесу
7.
Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс.
Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделіп, дарынды оқушымен жұмыс
түрлері іске асу барысында оқушының өзін өзі бақылауы негізінде
төмендегідей өзгешелікті байқауға болады:
1.
Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;
2.
Шешім қабылдайды;
3.
Сенімділік туындайды;
4.
Өзгелермен салыстырады;
5.
Өзін-өзі бақылайды;
6.
Жауапкершілік туындайды
7.
Мінез-құлқы өзгеріледі;
8.
Ғылыми тұрғыда ізденеді;
9.
Материалдарын жинақтайды.
Дарынды баламен жасалынатын жұмыс барысында төмендегідей бағыт-
бағдарды жоспарлаған орынды:
1.
Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр формасы құрылуы
тиіс;
2.
Жеке пәндерді оқытуда бағдарламадан тыс материалдар негізі қамтылып,
тәуелсіз құрылымы жасалуы қажет;
3.
Дарынды оқушының ғылыми
217
4.
Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты педагогтың өзіндік оқу
жоспарын құру;
5.
Оқушыға ЖОО-на ғылыми жетекшілік жасайтын ұстаз бен тығыз байланыс
жасауына ықпал ету;
6.
Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.
Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның
болашағына ерекше әсер береді. Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі
арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміз өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату
ұғымдарымен астасып жатады. Ол дегеніміз:
1.
Тәжірибелерін газет, журнал беттеріне беру;
2.
Байқауларға қатысу;
3.
Іс-шаралар ұйымдастыру;
4.
Мектептермен тәжірибе алмасу.
5.
Бақылау күнделігін жазып отыру;
6.
Психологиялық материалдар жинақтау;
7.
Кітапша құрастыру.
8.”Реферат”;
9.”Портфолио” арқылы жасалынып жатқан ғылыми жұмыстарын дамытып
жариялау[8]. Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға,
өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін,
экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист, бойына
дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз. Екіншіден: дарынды
балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды. Олар
мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей
таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Үшіншіден:
дарынды баламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу
орындарымен байланыс жасалынады; төртіншіден өз беттерімен дарындылық
орталығын құруға мүмкіндік жасалынады;
Достарыңызбен бөлісу: |