Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет113/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   127
жалпылау (синтез) 
немесе 
жиылыңқы әдіс 
теп аталады. 
2)
Кей әдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізді әдістердің бірі 
жалқылау (анализ) 
немесе 
айырыңқы әдіс 
деп аталады. 


228 
3)
Кей әдістің негізінде 
қосу да, талдау да 
болады. Ондай әдістер 
жалқылаулы-жалпылаулы 
немесе 
айырыңқы-жиылыңқы 
деп аталады. [6, 48] 
Бұдан байқайтынымыз ғалым үйренушіге дайын ақпаратты бергеннен гөрі, 
алдына қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой 
толғауына және бағалауына мүмкіндік беру аса маңызды екенін көрсеткен. Бұл 
категориялар қазақ тілі оқулықтарын құрастыруда, сабақ әзірлемелерін жасауда 
басшылыққа алынғаны жөн. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсыновтың бұл еңбегінде 
қазіргі 
әдістемеде 
білім 
алушының 
функционалдық 
сауаттылығын 
қалыптастыру, дамыту мақсатында сөйлеу әрекеттерінің 4 түрі (жазылым, 
оқылым, айтылым, тыңдалым) арқылы тілді меңгертудің әдістері жайында ой- 
пікірлерін де табуға болады. 
Ғылым мен техника дамып, адамзат қоғамы жаңа ғасырдың 
табалдырығынан аттағалы бері Ахмет Байтұрсыновтың бірінші, білім – ана 
тілінде берілуі, екіншіден, халықтың сауатты болуы керектігі болуы туралы әлі 
де көкейкестілігімен құнды екенін уақыт көрсетіп отыр. 
Алаш ағартушыларының еңбектерінің мәні жалпы орта білім беретін 
дәрежеге қол жеткен қазіргі кезеңде де бұрынғыдан да тереңдей бермек. Себебі, 
қазақ тіл білімі, әдебиеттануы және оларды оқыту әдістемесі секілді ғылым 
арналарын жүйелеген, қазақ тіл білімінің негізін салушы Алаш ағартушылары 
екендігіне ешбір талас жоқ. Бұл біздің ұлтымыз үшін үлкен мақтаныш, қазақ 
ғылымы үшін үлкен жетістік. 
Қорыта айтқанда, ұстаздар қауымы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру 
мен жаһандану кезеңінде жас ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарды жойып 
алмау мақсатында осы айтылған пікірлерді өз тәжірибелерінде өзекті мәселе 
етіп алса, жаңа заманның шығармашыл, кәсіби деңгейі биік маман екендіктерін 
дәлелдеп шығар еді. 
Әлемдегі бар мемлекеттің өсіп өркендеуінің, кәсіби тұрғыдан бәсекеге 
қабілетті болуының, жаһандану жағдайында ұлттық құндылықты білім 
алушылардың бойына сіңірудің ең басты негізі ұстаз берген біліммен 
бағаланады. Ол үшін Алаш зиялыларының бізге мұра етіп қалдырған ой- 
тұжырымын басшылыққа алып, бүгінгі заман талабына үйлестіре, 
шығармашылықпен еңбек ету қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет