Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет115/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   127
санадағы 
құндылыққа – қоғамдық ой, мақсат, баға беру, түрлі 
нормалар жатады. Қарастырылған тұжырымдарға сүйене отырып біз, 
төмендегідей өз анықтамамызды береміз: 
Құндылықтар - идеал ретінде өмір сүретін неғұрлым жағымды сапаға ие 
объектілер мен тұлғаның ең маңызды, бағалы қасиеттерінің жиынтығы. 
Сондай-ақ, құндылықтар қандай да болмасын құбылысқа баға берудегі негізгі 
үлгі деп білеміз және құндылық субъекті үшін объектінің жоғары мәнділігі 
ретінде айқындалады. 
Осы тұжырымдардан құндылық ұғымын психологиялық, педагогикалық 
тұрғыдан қарастырудың қажеттілігі туындайды. Өйткені, құндылықтың қоғамға 
жаңа келген буын бойында сол қоғамның әлеуметтік жүйесіне толықтай 
берілгендік сезімін қалыптастыруға көмектесетін әлеуетін көрсету қажет. 
Психологиялық сөздікте: «құндылық» түсінігі қоғам үшін әлеуметтік- тарихи 
маңызы бар, «жеке адам» өмірінің болмысын және қоғамдағы моральдық қарым-
қатынасты анықтайтын құбылыс ретінде түсіндіріледі. Бұл тұрғыдан қарағанда 
құндылықтардың пайда болуы, қалыптасуы мен көрініс тауып отыруы тұлға 
аралық қатынас барысында жүзеге асады. 
Мәселен, психолог А.Н.Леонтьевтің пайымдауы бойынша «құндылық» 
ұғымы мынадай үш құбылысқа қатысты қарастырылады: 
1)
қоғамдық идеалдар - қоғамдық сана арқылы пайда болған қоғамдық 
өмірдің түрлі салаларындағы мүлтіксіздік, кемелділік туралы қоғамдық түсінік, 
норма. 
2)
осы қоғамдық идеалдардың нақты адамдар іс-әрекетінде заттануы, 
жүзеге асуы. 
3)
қоғамдық идеалдарды өз іс-әрекетінде нақты пайдалануға түрткі 
болатын тұлғаның мотивациялық құрылымы. 
Ал психолог В.А.Ядов болса, құндылықтардың төмендегідей өзіндік топтамасын 
ұсынады: 


232 
1)
мақсат құндылықтар: махаббат, сұлулық, бостандық, отбасы, 
денсаулық, жұмыс. 
2)
құрал құндылықтар: білімділік, тәрбиелілік, күшті ерік-жігер. Құрал- 
құндылықтар қоғамда реттеуші, тәрбиелеуші қызметтерді атқарады. 
Осы тұрғыдағы құндылықтардың жүйесін қарастыра отырып, оларды 
«құндылық» ұғымын тәрбиеге байланысты қарастырудың алғышарттары деп 
қабылдаймыз. Педагогикалық сөздікте: «құндылық»- адамның ішкі құқы, ізгілігі, 
адамдармен қарым-қатынасы кезіндегі, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін 
тұрақтылығы, қайырымдылығы, мейірімділік тәрбиесі делінген. Себебі 
педагогикада «құндылық» тәрбие барысында жүзеге асады. 
Педагогика ғылымында құндылық мәселесіне байланысты көптеген 
еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектерде құндылық ұғымы әр қырынан 
қарастырылып, оның мәні мен табиғатына, тәлім-тәрбиелік жақтарына жан- 
жақты көңіл бөлінген. Мәселен, М.В.Богуславский, М.А.Гусаковский сынды 
педагог ғалымдар мынадай жоғарғы құндылықтар иерархиясын ұсынады: Адам, 
Денсаулық, Өмір, Отбасы, Отан, Жер, Адамзат, Бейбітшілік, Еңбек, Білім, 
Мәдениет, Даму. В.А.Караковскийдің зерттеулерінде құндылықтардың 
тәрбиелік ықпалына ерекше мән беріліп, төмендегідей құндылықтар 
иерархиясын ұсынған: Адам, Денсаулық, Өмір, Отбасы, Отан, Жер, Адамзат, 
Бейбітшілік, Еңбек, Білім, Мәдениет, Даму. 
Қазақстандық ғалымдар: С.А. Ұзақбаева, Қ.Б. Жарықбаев, С.К. Қалиев, 
К.Ж. Қожахметова, К.Оразбекова, Ш.И.Джанзакова және т.б. құндылық ұғымын 
тәрбиеге қатысты қарастырады. Олар ұрпақ тәрбиесінде құндылық қазынасына 
көңіл аудара отырып, ұлттық құндылықтардың ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, 
өмірге енуіне үлес қосты. 
Қ.Жарықбаев құндылық мәселесін ұлттық психология тұрғысынан 
қарастырады. Ғалымның тұжырымдауынша құндылық тұлға іс-әрекетінің 
барлық түрінде маңыздылығы, пайдалылығы, қажеттілігі арқылы көрініп 
отырады да іс-әрекетін, мақсат-мұраттарын, себеп-салдарын анықтап, олардың 
іске асуына ықпал етеді және жеке тұлғаны қалыптастыруға тигізетін әсері де 
мол болады. 
К.Қожахметова әр адамның бойына қуат беретін, жігерін жасытпай 
рухтандыратын ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды ерекше бағалай 
келе төмендегідей түрде жіктейді: 
Жалпы адамзаттық: 
-
Отан, отбасы, тәрбие, білім, махаббат, достық, бейбітшілік, теңдік, 
бостандық, ана, дін, өнер, жауапкершілік, адалдық, отансүйгіштік, сенім, ерлік, 
азаматтық, сыйластық, сүйіспеншілік, мейірбандық. 
Ұлттық: 
-
ар, намыс, ана тілі, діл, рух, тәубашылдық, ризашылдық, Отанының 
тарихы, туған жер, ізеттілік, парасаттылық, рахымшылдық, қанағатшылдық, ата 
салты, дәстүр, жеті атасы, шежіресі. 
Педагог-ғалым К.Оразбекова ұлттық тәрбиенің негізгі тамыры арқылы 
ұлттық тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық негіздерін жүйелей отырып, 
ерекше құнды қасиеттер ретінде ақыл мен парасатты атап айтады. Ол қазақ 


233 
даналығындағы он қасиеттен тұратын адамгершілік құнды сапаларды адамдарға 
сезіммен қарау, өз ісінің дұрыс-бұрысына баға беру, халқына қызмет ету, өз 
сырларын өзгеге шашпау, әр жағдайда сақ болу, артық сөйлемеу, әдептілікті 
сақтау, кішіпейіл болу, кешірімді болу, біреудің ісіне араласпау деп 
қарастырады. Бұл еңбек бойынша қарым-қатынас құндылықтарын меңгертудің 
мүмкіндігі мол. 
Ш.Джанзакова ұлттық мәдениеттің жаңаруы ұлттық мектептің мұғалімін 
халықтың мәдени-рухани, тарихи-ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген және 
оны жалғастыратындай етіп дайындауын қажет ететінін қарастыра отырып, 
мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениеті әлеуметтік-педагогикалық феномен 
деген ой түйеді. Этнос субъектісін қалыптастырудағы ұлттық құндылықтардың 
мәніне ерекше тоқталады. 
Ғалымның тұжырымдауынша ғасырлар бойы жинақталған дәстүр, әдет- 
ғұрып пен дағдыдан, иланудан туындайтын адамгершілік сананың мәдениетін, 
адамгершілік сезімін, рухани өмірдің құндылығын жас ұрпақтың меңгеруінде 
мұғалімнің этнопедагогикалық даярлығы маңызды роль атқарады. 
Ұлттың рухани бағдары, негізгі өмірлік ұстанымдары, дүниетанымы да 
осы құндылықтарға байланысты қалыптасады. Дәстүрлі танымдағы 
құндылықтар әлемі – адамның рухани әрекеті, рухани байлығы, оның 
адамгершілік санасының сипатын білдірді. Бұл қоғам мен адамдарға жақсылық 
пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сиықсыздықты, әділеттілік 
пен әділетсіздікті, рұқсаттылық пен тыйым салушылықты, мәнді мен мәнсізді 
ажыратуға негіз болды. 
Сонымен, біз аталған анықтамаларды қорыта келе, ұлттық құндылықтарды 
былайша тұжырымдаймыз: 
Ұлттық құндылықтар – нақты бір ұлт өкілдерінің құнды деп есептейтін 
дүниелері мен ең маңызды, бағалы қасиеттерінің жиынтығы. Ұлттық 
құндылықтар – әрбір халықтың, этностың мәдениетінің өзегі, жеке тұлғаның ішкі 
мәдениетінің іргетасы. 
Ұлттық құндылықтар – ұлттың ұлт болып қалыптасуына, ұлттық мүдденің, 
ұлттық салттың, ұлттық мінездің, ұлттық идеологияның даму барысына бағыт 
беріп отырады. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы дәстүрліліктің даму деңгейіндегі 
ұлттық құндылықтардың алатын орны ерекше және бай. Бұған дәлел – мақал-
мәтелдер, жырлар мен аңыздардан құралған, оқиғаларға толы өткен тарихты 
білдіретін ауыз әдебиеті, ғасырлар бойы қалыптасқан салт- дәстүрі, әдет-ғұрпы, 
тарихы. 
Лингвистикадағы антропоцентристік әдіс тілді адам болмысымен 
қарастыруды көздейді. Әлемдегі барлық құбылыстар адам тәжірибесі мен 
құндылықтары тұрғысынан қарастырлады. Олай болса, ұлттық дүниетаным мен 
ұлттық құндылық ұлттық менталитет негізінде қалыптасады. 
Қарастырылған зерттеулерге сүйене отырып, біз «құндылық» ұғымын 
адамның жан-жақты жетілуіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы 
объектілердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде танимыз. 
Құндылықтың адам үшін маңыздылығы мен қажеттілігін ұғыну үшін оның мәнін 
жан-жақты деңгейде бағалау қажет. 


234 
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным – ол оқу әрекетін белгілі 
бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге 
қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған ұстаным оқушы 
тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. 
Құндылықтарға 
бағытталу–ол 
тұлғаның 
өз 
әрекетінде 
жекелеген 
құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда 
бағдарлану қабілеттілігі) 
қабілеттілігі (қасиеті), және оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары 
ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі. 
Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын 
талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. 
Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді, 
дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады. 
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру 
құндылықтарының негізі болып табылады. Жаңартылған білім мазмұнындағы 
оқу бағдарламаларымен жұмыс кезінде оқушылардың бойына рухани 
құндылықтарды дарыту маңызды бағыттарының бірі. Жеке тұлғалық 
қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің 
«қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», 
«ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім 
алу» сияқты басты құндылықтарын білім алушы бойына сіңіруге негіз болады. 
Бұл құндылықтар білім алушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін 
ынталандыратын тұрақты бағдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет