Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет117/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

Тірек сөздер: Оқу іс-әрекеті, кітап, оқушы, білім беру, оқырмандық қабілет, мектеп, 
кітапхана, көркем шығарма, оқырман. 
 
Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беретін мектеп 
оқушыларының ой-өрісін, зияткерлік қабілеттерін, эстетикалық талғамын, 
шығармашыл ойлауын дамытуда қазақ халқының ұлттық коды болып табылатын 
көркем әдебиеттің орны ерекше. Әдебиет – адам баласының сан ғасырлық 
тарихының куәсі, ата-баба аманаты, ұлттық көркем шежіресі. Елбасы 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 
мақаласында: «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін 
білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, 
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға 
тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен 
Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің 
рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана»,- деп түйіндеуі мектеп оқушыларының 
әдебиетті саналы түрде меңгеруінің маңызы қаншалықты зор екендігін тағы да 
бір рет дәләлдей түседі [1, 7]. 
Мектеп оқушысының кітап оқу іс – әрекетін дамыту Қазақстандағы 
білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. 
Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір 
түрі ретінде көрініс тапса, ал тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның 


236 
қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер 
етеді. 
Кітап оқу - адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Рухани 
жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы – кітап. 
Тәрбиеміздің бастауы ертегі, жыр, дастандарымыз да бүгінгі ұрпаққа кітап 
болып жетті. Өнердегі ақпараттық төңкеріс жағдайында оқырман болу - бұл 
ұлылық және шексіз шеберлік. Ғалымдардың есебінше, ғылыми-техникалық 
ақпараттардың көлемі әр 10-15 жылда екі еселенеді. Кітап оқу саласында 
жаһандық өзгерістер коммуникациялық және ақпараттық технологиялар 
саласындағы 
ашылған 
жаңалықтармен 
байланысты. 
Оқулықтар, 
энциклопедиялар және мектеп постерлері бүгінгі күні оқушылар үшін ақпарат 
көзі болып саналмайды. Заманауи оқушыны интерактивті тақталар, ақпараттық 
электронды кітаптар, онлайн-кітапханалар қанағаттандырады. Бұл тізім күн 
сайын толығып келеді. Монитор экранынан оқу – кітап оқудан мүлдем өзгеше, 
бүгінде оқудың жаңа түрі болды [2, 71]. 
Кітап оқу әрекетін үйрету - бұл оқырманның кітап оқуды дәйекті, қызықты, 
тұрақты және өз бетінше оқып шығуға үйретуді білдіреді. Баланың кітап оқу іс-
әрекетін ұйымдастыру, оның шығармашылық қиялы мен оның құрылымына 
сүйенуді қажет ететінін ескеру керек. 
Мұғалімнің 
жетекшілігімен, 
бақылауымен, 
қадағалауымен 
оқырмандардың кітап оқу құзіреттілігі мен оқу техникасын қалыптасады. 
Бірінші тәсіл: 
оқушыларға оқулықты көрсету, ерекшеліктерін, мағынасын 
түсіндіру; қызметі мен элементтерін атау, оқырман үшін оның маңыздылығын 
айтып беру; содан соң дұрыс қорытынды жасауға көмектесу барлық ережелер 
бойынша кітапты оқып шыққанға дейін және оқушының кітаппен ойдағыдай 
жұмыс жасауын бақылау; оның сипатын (тақырып, жанр, эмоциональдық және 
интеллектуальдық ерекшеліктері, оқудың мақсатына сәйкестігі т.б) болжап 
оқып-үйренуге мүмкіндік беретін элементтер мен қызметтерді белгілеу және 
салыстыру. 
Екінші тәсіл: 
Осы уақытқа дейін ештене де кітапты оқуға арналған арнайы құрал 
ретінде айтпайды, бірақ эмоциональдық және интеллектуальдық мазмұнға толы 
әртүрлі жанрлар, стильдердегі кітаптарды жүйелі түрде оқушыларға дауыстап 
оқып береміз. Әрбір мәтінді оқып болғаннан кейін, балалармен бірге барлық 
ережелер бойынша оқыған кітапты қайта оқып шығамыз. Бұл жағдайда мұғалім 
кітапта керекті жерінін айтылуын қадағалап, содан кейін балаларға жаңа 
кітаптағы таныстарды табуға, қажетті кез-келген мазмұнды ауызша түрде айтып 
беруге және оның қатесін түзетуге мүмкіндік береді. Оқырмандық іс-әрекетті 
дұрыс меңгертуді ұйымдастырудың бастапқы кезінде оқушыдан мазмұнды 
алдын-ала қарастырып, тәуелсіз оқуға бейімделу үшін кітаппен қалай жұмыс 
істеуді, мұғалімнің қатысуымен білімін ұжымдық түрде қолдану мүмкіндігін 
қалыптастыруға мүмкіндік береді деп ғылыми негізделген. Мұндай іс-қимылдың 
«өздері үшін» әдеттер мен қажеттіліктер жасамайды. Екінші тәсіл арқылы оқушы 
өзіндік берік дағдымен әрдайым кітаппен «қалауынша» оңай жұмыс жасайды 


237 
Бүгінгі таңда бала тәрбиесіне, балаларға сапалы білім беру дәрежесіне 
айрықша назар аударылып отырғаны бәрімізге аян. Мектеп оқушыларын туған 
халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем әдебиетіміздің 
туындыларымен сусындатып алсақ қана жасөспірімнің жан дүниесін жадырата 
аламыз. 
Туған әдебиетінің қайнарынан сусындап, ой-өрісі ұшталып, көркемдік 
әлеміне құштар болып өскен әрбір шәкірт дүниежүзі халықтары әдебиетінің, 
мәдениетінің арғы-бергі тарихын игеруге, оқып үйрене түсуге ынтызарлықпен 
ұмтылары анық. Сондықтан, мектептің алғашқы басқышы, негізгі тірегі 
бастауыш сыныптан бастап, жас жеткіншектерді әсемдікке, ойлылыққа, асқақ 
адамгершілікке тәрбиелеуде – көркем шығарманы өз дәрежесінде оқытудың 
тәрбиелік мәні өлшеусіз. 
Оқушы қабілетінің әдеби білім берумен психологиялық үйлесімділігін 
зерттеген В.П.Ягункова арнаулы қабілеттің құрамдас бөлігі ретінде 
шығармашылық қабілет болуы қажет деп есептейді. Шығармашылық қабілет 
оқушы дүниетанымының кеңеюіне, рухани күш-қуатының жан-жақты жетілуіне, 
ойлау қабілетінің дамуына айрықша ықпал ететін күрделі психикалық іс-әрекет. 
Оқушының шығармашылық әрекеті - көп деңгейлі процесс. Оқушы 
шығармашылық әрекетін қалыптастыруда бұрынғы алған біліміне сүйенеді, 
сондықтан оның алдында әрқашан қайталау, жаңғырту әрекеттері жүреді. 
Шығармашылық әрекеттің белгілері: 
-
шығармашылық әрекет жаңа тапсырманың, жаңа сұрақтың шешімін табуға 
бағытталады; 
-
екіншіден, шығармашылық әрекет оқушының жаңа сұрақтың шешімін табуға 
жетпей тұрған білімін іздестіру бағыттары мен байланысты болады; 
-
үшіншіден, шығармашылық әрекет оқушы үшін жаңа білім мен шешім 
тәсілдерін меңгерудің айқындалмаған мүмкіндіктерімен сипатталады. 
Шығармашылық қабілет күнделікті оқу процесінде қалыптасады. 
Шығармашылық әрекетті жүзеге асыру үшін оқу жұмыстарының әр алуан 
түрлері анықталған. Оқырмаңдық қызығушылық көмегімен шығармашылық 
әрекетке үйрету технологиясының негізінде әрбір оқушының шығармашылық 
әрекеттерін белгілі бір деңгейге жеткізу емес, олардың табиғи қасиеттерін 
(оқырмандық қызығушылығын) оята білу жатыр. Бұл белгілі бір тапсырмалар 
жүйесі арқылы іске асырылады, себебі оларды шешу барысында оқушылар жаңа 
білім көздерін іздейді, түрлі кітаптарды қарауға ұмтылады [3, 26-28]. 
Қазіргі таңда жастардың оқуға ынталылығы, кітап оқуы, оқырмандық 
қызығушылықтарының төмендеп кетуі жеке адамның ғана мәселесі емес, бұл 
қоғамдық-әлеуметтік құбылыс. 
Бұған мына себептерді жатқызуға болады: 

қоғамдық-әлеуметтік саладағы өзгерістердің қарқындылығы; 

жаһандану жағдайындағы мәдениетаралық байланыстардың ықпалы; 

интернеттің пайда болуы және дамуы; 

ақпараттық құралдар әсерінің күшеюі; 

кітап оқуға деген көзқарастың өзгеруі; 


238 

әдебиетті оқытуда көркем шығарманы оқуға қызықтыратын әдіс-тәсілдердің 
дұрыс қолданылмауы; 

оқырмандық қабілетті қалыптастыратын мақсатты жүйенің болмауы және т.б. 
Жастар сол сияқты әдебиетті қайнар көз ретінде түп нұсқадан 
пайдалануға да онша мән бермейді. Философиялық, әлеуметтанушылық, 
психологиялық-педагогикалық тұрғыдан келетін болсақ, кітаптың өзін қолға 
ұстап, асықпай ұғынып оқып, ойланып-толғанып зердеңе түйіп алудың орны 
басқа. Көркем шығарманы оқу дегеніміз - кітаптың мазмұнымен танысу, 
автордың ойын ұғыну, кейіпкерлермен етене жақындасу және өздігіңнен 
ойлану, жинақталған ой-пікірді өзіңнің қажетіңе жарату, әдебиеттік оқу арқылы 
сабақ алу. Мұны ежелгі грек ойшылы Конфуций: «Ойланбай оқу – бекер еңбек, 
оқымай ойлау – қауіптілік»,-деп түсіндірген. Қазіргі жастар көркем 
шығармаларды оқуға онша ықыласты емес, олардың ойынша барлық оқу 
материалдарын интернеттік желілерден табу оңайырақ және тиімді. XXI 
ғасырдың технология ғасыры екендігі дау тудырмады, бүгінгі қоғамда 
технологияларсыз өмір сүру мүмкін емес, дегенмен рухани құндылықтарды 
технологияның алмастыра алмайтыны да ақиқат. 
Рухани құндылықтарды ұлттық мұраларды дәріптеу, көркем әдебиетті оқу 
арқылы ғана қалыптастыруға болады. Сөз зергері, қазақ халқының көрнекті 
жазушысы, қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің: «Кітап дегеніміз – алдыңғы 
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой 
ойлаудан да тиылар едік» – деген ойы бұған дәлел бола алады [4, 46]. Өйткені, 
кітапты тандап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерінді өзіңнің 
өмірлік қажетіңе жарата білу – әр адамның білігі мен біліміне байланысты. 
Соңғы уақытта көптеген оқушылардың амалсыздан және аз оқи бастағаны 
байқалуда. Олар үшін сабақ оқу көңілсіз істердің бірі болып келеді. 
Оған бірқатар себептер бар: 
-
Оқуға қызығушылықтың жалпы төмендеуі; 
-
Оқумен қатар мол ақпарат көздерінің болуы; 
-
Оқуға арналған уақыт санының азаюы. 
Алайда, бұл құбылыстың басты себебі – кітап оқудың жетілдірілмеуі, 
оқушының оқу жұмыстарын мақсатты түрде қалыптастыру жүйесінің болмауы. 
Мектептеріміздегі оқушылардың көпшілігі баяу оқиды. Минутына 300 
сөзден артық оқу – шапшаң оқуды білдіреді. Бірақ, солай екен деп шапшаң 
оқудың соңына түсуге болмайды. Мұндай жылдамдықта дауыстап оқу мүмкін 
емес. Минутына 180 нен 300 сөзге дейін екпінмен шапшаң оқу, бұл да мүмкін 
емес. 
Теледидар дикторлары минутына 90-170 сөз көлемінде оқиды. Орташа 
көлемі-130 сөз. Міне осы жылдамдық оңтайлы оқудың көлеміне келеді. 
Оңтайлы оқу – бұл ауызша сөйлеу жылдамдығымен оқу, яғни қарқынмен 
минутына 120-дан 150 сөзге дейін оқу. Көптеген жылдар бойы адамның 
артикуляциялық аппараты дәл осындай жылдамдыққа үйреніп қалды, мәтінді дәл 
осындай жылдамдықта жақсы түсінуге болады. 
Нормативтік оқу, болашақ 5-сыныптар үшін оқу жылдамдығы минутына 
80-90 сөзден кем емес болмайтыны белгілі. Бірақ, бұл оңтайлы оқу ауызекі оқу 


239 
жылдамдығымен сәйкес келмейді. Сондықтан, «норматив тым төмен емес пе?»,- 
деген күдікті тудырады. 
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, қазіргі кезде оқушылардың кітапты сирек 
оқитыны байқалады. Сол себепті, оқушылардың оқырмандық қабілеттерін 
дамытып, кітап оқуға баулу өте өзекті мәселе болып отыр. Кітап оқу арқылы 
баланың ой-өрісі, сөйлеу, есте сақтау қабілеттері, қиялы дамиды. Балаға кітап 
оқуды үйретудің алғышарттарын да түсіндірген абзал: 
Біріншіден, кітапты ұқыпты ұстап, тік отырып оқуға үйрету. Кітаптың авторын, 
оның тақырыбын, қай жылы, қайда басылып шыққандығы жайлы мәліметті білу; 
Екіншіден, кітапты түсініп оқу. Оқыған кезде, өз қөзқарасын білдіріп, фабула 
жазуға үйрену (Фабула - баяндалатын оқиғалардың қысқаша мазмұны); 
Үшіншіден, оқылып жатқан кітаптың ішінде түсініксіз сөздерді, тұрақты сөз 
тіркестерін немесе мақал-мәтелдерді т.б. теріп жазып алуға арнайы дәптер 
бастау. Осы арқылы баланың кітап оқуға талғамы өседі, әрі сөздік қоры 
молаяды. 
Сонымен қатар, оқушылардың оқырман күнделіктерін жүргізгендері 
тиімді болмақ. Оқушыға арналған оқырманның күнделігі оқушыға көмекші 
құрал тәріздес болуы мүмкін: мысалы, мектептен тыс сабақтардан кейін немесе 
жазғы демалыстардан кейін мектепке келген кезде, оқушы өзінің қандай кітаптар 
оқығанын, кітабының кейіпкерлері және сюжеті туралы есте сақтай алады.
Мұғалім баланың жадысын дамыту, жұмысты талдау, оны түсіну, негізгі автор 
мен өз ойларын анықтау үшін бастапқы сыныптарда оқырмандар күнделігін 
сақтауды ұсынуы мүмкін. Мұғалім үшін ол бақылау функциясын атқарады: ата-
аналар да, мұғалімдер де баланың қаншалықты жиі және қанша оқығандығын 
тексеруі керек. Тек оқуға арналған тұрақты жаттығулар арқасында бала тез 
оқып, түсінуді үйренеді, яғни оның жоғары сыныпта толық оқи алатына кепілдік 
болады. Оқырман күнделіктерін қалай жүргізуге және жасауға болатыны туралы 
нақты талаптар жоқ, мұғалімнің немесе белгілі бір баланың сипаттамаларын 
ескере отырып, мұғалім өзі шешім қабылдайды. Бастауыш мектепте оқырман 
күнделіктерінде ең төмен талап пайдаланылады, орта мектепте мұғалім 
оқушының оқыған әрбір кітабының нақты сипаттамасын талап етуі мүмкін. 
Оқырман күнделігінің үлгісі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет