244
мұралары арқылы ұлы да ұлт ұстазына айналған кемеңгер ойшыл, данагөй,
дарынды талант иесі, рухы биік көсем, жаратылысы елден бөлек, ойы зерек,
ержүрек батыр, қайсар мінезді, ұлтын сүйген ұлы перзент ретінде бағаланып
отыр. Өзі өскен ортасының зұлымдығы мен өмірінің қыл үстіндегі тіршілігіне,
зорлық-зомбылығына, қиындығына қарамастан, қазақ ұлтына, жеріне, еліне,
тіліне, жазу мәдениетіне, білім мен ғылымына, келешегіне ұшан-теңіз қажырлы
еңбек етіп, есімін мәңгіге қалдырды. Балалық шағын қоспағанда 1895 жылдан
былай өмірінің соңына дейін 42 жыл қазақ ұлтына адал қызмет еткен ұлжанды,
дарын да дара тұлға дейміз. Оның саяси қызмет жолы 1905 жылы (Қарқаралы
петициясы: қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл
мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде
жүргізілсін. жер, қоныстану т.б.) басталып, 1909 жылы 1-шілдеде түрмеге
жабылса, 1910 жылы 19-ақпанда жер аударуға шешім қабылданып, осы жылдың
9-наурызынан Орынборда 1917 жылға дейін тұрақтайды. Бұл қалада 1913-1918
жылдары Алаштың ардақты перзенттері Ә.Бөкейхан, М.Дулатовтармен
(құрылтайшы құрамында болды) бірігіп, жалпыұлттық
«Қазақ» газетін шығарып тұруға бас-көз болады. Шындығында бұл газеттің
басқаларынан мазмұны жағынан да, қамтылу жағынан да өте жоғары бағаланып
отыр. Нақты айтқанда газетте халық мүддесіне байланысты саяси, әлеуметтік-
экономикалық мәселелерден басқа, рухани, тарихи, мәдени тақырыптарда
әртүрлі хабарлар мен ақпараттар жарияланып тұрды.
Жалпы А.Байтұрсынұлын қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының
алғаш негізін салушы, этномәдени өнертанушы, сазгер, ғалым-педагог,
аудармашы, түркітанушы, прозаик, ақын-жазушы, публицист, ұлттық жазудың
реформаторы, қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат ретінде танып біліп жүрміз.
Осы орайда А.Байтұрсынов жайлы өзімен тұстас, рухтас болған Алашорда асыл
перзенттерінің бір-екеуінің ой-пікірлерін бере кетелік. Мұхтар Әуезов 1920-
жылдардың өзінде-ақ «Қазақ халқының рухани көсемі» деп мойындап,
Достарыңызбен бөлісу: