59
кітапта әріптер, буындар туралы ережелер, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалары
оқытылса, жеткілікті екенін айтады. Дүниедегі жұрт тілінің негізі үшке:
түбіршек,
жалғамалы, қопармалы болып бөлінетіні, ал қазақ тілінің қай топқа
жататынын әрі оның негізгі ережелерін түсіндіріп береді. Сонымен қатар
оқулықта қолдануға тиісті әдіс-тәсілдердің қандай жолмен оқытылуы керектігін
ұғынықты етіп түсіндіреді. Оқулықта теориялық материал оқытудың
дидактикалық қағидатын сақтап,қарапайымнан күрделіге қарай оқытуды
көздейді.
Екінші кітабы – «Сөздің жүйесі мен түрлері» деген атпен 1915 жылыжарық
көрді.Оқулықта берілген грамматикалық ұғымдарды білдіретін терминдер қазақ
даласында қазақ мектебінің негізін салған
тұңғыш ағартушы Ыбрай
Алтынсариннің «Қазақтарға орыс тілін оқытудың бастауыш құралы» атты
оқулығындағытерминдермен үндеседі: орыс тіліндегі «Имя существительное»
дегенді «Нәрселердің атауы»десе [2,227], А.Байтұрсынұлы оны «Зат есім» деп
атады [1,160]. Ал «Имя прилагательное», «Имя числительное» деген сөз
таптарына тұңғыш ағартушы «Зат-мақұлықтың қасиеттерінің аттары», «Есеп
аттары»деп балама берсе [2, 238, 243], ғалым-ұстаз «Сын есім», «Сан есім» деген
атау-ұғым берді [2,162]. «Местоимение» деген орыс терминіне алғашқы ұстаз
«Ақыры өзгерілмейтін сөздер» деп аударса[2,248], Ахмет Байтұрсынов
«Үстеу», «Демеу» деп дейді [1,165-166]. Бүгінде бұлар қазақ тілінде қалыптасып
кеткен атау-ұғымдарды білдіретін лингвистикалық терминдер.
А.Байтұрсынов атауыш сөздер ретіндегі зат есімді былайша анықтайды:
Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды. Зат туралы кім? не? деп
сұраймыз.Кім? деп сұраймыз адам туралы. Не? деп сұраймыз басқа заттар
туралы [1,24]. Көріп отырғанымыздай зат есімді анықтай келе,
зат есімдердің
сұрақтарын көрсетеді. Бұл қазіргі адамзат және ғаламзат зат есімдердің
анықталуына негіз болған. Одан әрі зат есімнің деректі және дерексіз түрлерін
көрсетеді: Зат есім – нәрселердің атын көрсететін сөздер. Нәрсе деп не түрлі де
болса бар заттарды айтамыз. Зат тегінде екі түрлі. Біреулері – көзге көрінетін,
құлаққа естілетін, мұрынға иіс келетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі
заттар. Екіншілері – көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иіс
келмейтін, тілге татылмайтын,
денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін
дерексіз заттар. Сол деректі һәм дерексіз заттардың атын көрсететін сөздерді зат
есім –дей келе,одан әрі: Зат есім екі түрлі болады: біреулері – нәрсенің дербес өз
басына ғана қойылған: Жалқы есім. Екіншілері – нәрсенің біріне емес, барлық
табына қойылған: Жалпы есім[1,38].
Ал 2002 жылы жарық көрген «Қазақ грамматикасында» зат есім:
Айналамызды қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануар атаулыға, барша құбылыс
пен уақиға – болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөзлердің бәрі – зат
есімдер Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі
нақтылы нәрселерден (су, жылқы, тағам, жел, дауыл, жейде, тал, терек,у-шу,
айқай, қойын, қоныш) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі
нәтижесінде ғана түсінілетін түрлі абстракт ұғымдардың (наным, шама-шарық,
ынсап, нарық, мінез-құлық,кәде-жора, ырым, пікір, тентектік, ұялшақтық, ырыс)
аттарын да білдіре алады,– түрінде анықталады[3,421]. Көріп
60
отырғанымыздай, қазіргі қазақ тіліндегі зат есімнің анықталуы мен
терминдердерінде еш айырмашылық жоқ.
А.Байтұрсынов сын есімді: Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды.
Мәселен: жақсы, жаман, биік, зор, аласа, ұзын, қысқа, терең, тайыз, қатты,
жұмсақ, қою, сұйық, бай, жарлы, жақын, алыс, аш,
тоқ арзан, қымбат, қалың,
жұқа, зерек, кешше, өткір, топас, семіз, арық, қараңғы, жарық, тұнық, лай, кәрі,
жас, қиын, оңай, ауыр, жеңіл, сау, ауру, ақылды, ақымақ, есті, есалаң, ескі,
жаңа, ұсақ, ірі, таза, тентек, жуас, сараң, жомарт, мырза, жылы, суық, тар, кең,
бұзыр, тегіс. Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер деп
аталады. Сын есімнің сұрауы: қандай? Мәселен, жаман төре жан алар. Арық атқа
қамшы жүк. Қандай атқа қамшы жүк? – Арық атқа қамшы жүк. «Жаман»,
«арық» деген сөздер «қандай» деп сұрағанға жауап һәм өздері нәрсенің сынын
көрсетеді. Осындай «қандай?» деп сұрағанға жауап болатын сөздердің бәрі де
сын есім болады, – деп анықтайды [1,25]. Ғалым сын есімнің лексика-
грамматикалық ерекшелігін мысалдар арқылы дәйектеп, сұрақтарын қоса
көрсетеді. Сын есімнің анықтамасы «Қазақ грамматикасында»: Сын есім –
семантикалық жағынан заттың, құбылыстың түрлі сапа, белгісін, түсін, кқлемін,
затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер [3,439].
Сан есім туралы А.Байтұрсынов: Кей сөздер нәрсенің санын атайды.
Мәселен: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, он үш,
он төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз, жиырма, отыз, қырық, елу,
алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, бір жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз,
алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз, мың, он мың, жүз мың, миллион.
Нәрсенің санын сұрағанда неше? деп, яки қанша? деп сұраймыз. Неше? деп
сұраймыз нәрсенің дәл санын білуге, мәселен: неше кісі келеді?» – үш кісі келеді.
Қанша? деп сұраймыз
нәрсенің дәл санын білуге емес, шамасын ғана білуге,
мәселен: «қанша күн жүресің?» – «үш-төрт күн жүремін»[1,26].
білген ұл
жеті
жұрттың қамын жер (Мақал)[3,448]. Екі еңбектегі сан есімге
берілгенанықтамасы бір-бірімен үндеседі. Айырмашылығы соңғы анықтамада
сан есімнің барлық мағыналары ашылып көрсетілген.
А.Байтұрсынов есімдік терминін енгізіп, есім сөздерінің орнына
жұмсалатын сөздерді: Кейбір сөздерді зат есімнің,
сын есімнің, сан есімнің
орнына жүргендіктен, есімдік дейміз. Мәселен, «Нұрман отыр» дегеннің орнына
«ол отыр» деп айтамыз. «Мұғалім» дегеннің орнына «мен» деймін,
«шәкірт» дегеннің орнына «сен» деймін. Мұндай сөздер көбіне өзге есімдердің
орнына жүретін болғандықтан, есімдік деп аталады. Мәселен, есімдік сөздер:
Мен, сен, ол, біз, сіз, олар, кім, не, қайсы, қандай, өзім, өзің, өзі, бұл, ол, мынау,
анау, бірі, бәрі, менікі, сенікі, оныкі, өзімдікі, өзінікі, өзімдікі, басқанікі[1, 27-
28], ғалым есімдіктің бес түрін көрсетеді: жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау
есімдігі, жалпылау есімдігі, танықтық есімдігі. Тілшінің есімдіктерді анықтауы
және есім сөздерді саралауы қазіргі қазақ тіліндегі ғылыми тұжырымдарға негіз
Ғалымның сан есімді анықтауын қазіргі грамматикамен салыстырайық: Қазіргі
қазақ тіліндегі сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың
санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы. Тек Мағашты
Достарыңызбен бөлісу: