Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал. Алматы: «Сардар» баспасы, 2009. –
348 б.
2Ыбырай Алтынсарин тағылымы: Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер //
Құраст. М. Жармұхамедов. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б.
3Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –
Астана, 2002. – 784 б.
ӘОЖ 8.82 -1/-9
Айсенова Назгүл
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, E-mail:nazgul_28kz@mail.ru
Кажибаева Гүлден Кенесовна
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, E-mail:guldenkgk@mail.ru
Жукенова Сұлушаш Кәкенқызы
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, E-mail: sulu6721@mail.ru
ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ТАРТЫС МӘСЕЛЕСІ
Аннотация: Мақалада әдебиетегі тартыс мәселесі, соның ішінде балалар
әңгімесіндегі тартыс мәселесі қарастырылды. Көркем тартыс теориясына әдебиет
зерттеушілері: А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдоловтардың
ғылыми еңбектеріндегі көзқарастарын дәйек ете отырып, балалар әңгімелеріндегі тартыс
мәселелері талданды.
Тірек сөздер: қазақ прозасы, қазақ балалар әңгімелері, тартыс, сюжет, кейіпкер.
ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарында қазақ халқы біршама жаңалықтарды
бастан өткерді. Әлеуметтік, тарихи, мәдени жағдайлардың өзгеріске ұшырауына
байланысты қазақ прозасы да жаңа идеялық бағыт алды. Өтпелі кезеңдегі түрлі
құбылыстар, құндылықтарды бағалау бағытындағы өзгерістер, ауыспалы
қоғамдық жүйеге тән болып келетін кемшіліктер қаламгерлерді толғантпай
қоймағаны анық. Аумалы-төкпелі кезеңнің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік
жағдайдың төмендігі ел болашағы, ұлттық мүдде, азаматтық парыз деген келелі
ұғымдар турасында ойлануға, мұндай ауқымды мәселелердің өркендей түсуіне
өз үлестерін қосуға мүмкіндік туғызбады. Әлеуметтік жағдайдың келеңсіздігі,
қиындығы әсерінен адамзат баласының ішкі әлемі, оның жан дүниесіндегі
арпалыстар, сыртқы бет-бейнесі мен іс-әрекеттері, айналасындағы адамдармен
қарым-қатынасына дейін белгілі бір дәрежеде өзгерістерге, құбылуларға ұшырап
отырды. Мұның бәрі де оның дүниетанымына әсер етіп, адамның жан әлемін
алдыңғы орында суреттейтін, ішкі дүниесіндегі сан түрлі құбылыстарды
көркемдей, әсерлі түрде жеткізетін сөз өнерінде орын алып келеді.
Қазақ прозасы, соның ішінде әңгіме жанры мазмұн, түр (форма), пішін
жағынан үлкен белеске көтерілді. Көтеретін проблемалары батыл да өткір, ашық
та нақты қойылуымен ерекшеленеді. Жалаң өндірістік мәселелер
63
ысырылып, адамның өмірдегі орны, ісі мен табиғатына үңілуге бетбұрыс
жасалды. Осының нәтижесінде лиризм мен психологизм күшейе бастады.
Нақтылыққа, аз сөзділікке, дәлдікке бет бұруда көркем деталь мен штрихқа көп
көңіл бөліне бастады. Бүгінгі таңдағы әңгіме жанрындағы негізгі ерекшеліктер
символдық, лирикалық, проблемалық, әлеуметтік талдаумен көрінді.
Қаламгерлер әлеуметтік талдаудың негізінде ұлттық характерді ашуға, адам
табиғатын психологиялық тұрғыда танытуға ұмтылды. Қазақ халқының
тарихынан орын алған өмір шындығы шағын жанрда шынайы да шымыр
бейнеленді.
Әрбір халықтың ежелден сақталған рухани-адамгершілікке тәрбиелер
дәстүрі бар, ол – ел мен жердің ғасырлар бойы дамуы барысында қалыптасқан,
ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жетіп отыратын бай мұрасы. Осы мұраны
кешеден бүгінге, бүгіннен ертеңгі күнге жеткізіп отыратын әр дәуірдің
данышпандары, сөз өнерін ұстанған зергер-шеберлері болып табылмақ.
Қазақ прозасы осы кезеңге дейін сан тараптан кеңінен қарастырылып, оның
ішіндегі ең қысқа саналатын әңгіме жанрының қыр-сыры тереңнен талданып
келгенімен, жаңа ғасырдың әлі де болса танылып үлгермеген әңгіме үлгілері
бұған дейін жеке зерттеу еңбегінің нысаны етілмеді. Ауыл жайын жазса
қойшыдан, қала өмірін сөз етсе зауыт жұмыскері мен партия хатшысынан әрі аса
алмайтын тар шеңбердегі кеңестік үлгідегі туындылардан теріс айналып, әбден
таптаурын болған тақырыптардан бас тартқан, адамның ішкі әлемін сан қырынан
ашуға ұмтылған, жаңалықтарға жол ашқан жаңа ғасыр туындылары жоғары
бағаға лайық.
Жаңа ғасыр прозасының бағыт-бағдарын айрықша эстетикалық
критерийлердің, гуманистік ұстанымдардың қалыптасуы мен суреткерлердің
әлеуметтік талдауға тереңдеп баруынан, тақырыптың сонылығы мен көкейтесті,
заманауи мәселелерді адамзаттық мұраттарға сай қарастыруға деген
талпыныстан, өткен тарих пен қазіргі өткір тақырыптарды қабыстыра үйлесімде
қарастырудан, қоғамның шынайы бейнесі мен адамзат баласының рухани-
адамгершілік тұлғасын тереңнен тануға бағытталған тенденциялардың белең
алуынан көре аламыз.
Көркем әдебиеттің басты міндеті адамзат баласы және оның болмыс-
бітімні, ортасын, өмір шындығын бейнелеп көрсету болып табылады. Бірақ бұл
киелі міндетті шешу тек қана кейіпкердің келбеті, белгілері, қасиеттерін
сипаттаудан ғана тұрмайды. Қаламгер адам бейнесін толыққанды суреттеп, оның
бойындағы немесе ол өмір сүріп отырған қоғамдағы, адамдар арасындағы
қарама-қайшылықты, өткір проблемаларды танытқан кезде ғана көркем шығарма
өз деңгейінде көрінеді. Әдебиеттің негізгі ұстанымы- шындықты көрсету. Бірақ
өнердегі шындық кейіпкер өмір сүретін ортаны, күреске түсетін күштерді
көркемдік тұрғыдан толық зерттелуі қажет. Жазушы тек тартысты ғана
көрсетпеуі керек, оның табиғатын, шығу тегін, дамуын түсіндіруі керек. Себебі
сол кезде ғана көркем тартыстың қалай шешілетіні анық болады.
Кез келген әдеби терминдердің сөздігін ашып, тартыс – кейіпкерлер
арасындағы немесе кейіпкерлер мен орта арасындағы қақтығыс, ақырында,
кейіпкер санасының ішіндегі күрес екенін оқимыз. Ал негізінен әдебиеттегі
64
тартыстың мәні - бұл өзара байланыс, бірлік және ортақ өзара іс-қимыл. Кез
келген көркем шығармада басқа адамдармен және қоршаған ортамен өзара
әрекеттесетін кейіпкер бар.
Адам өз өміріндегі немесе айналасындағы тартыстың бәріне қатынасады:
ойлар, әрекеттер, басқа адамдармен қарым-қатынас. Тартыс арқылы кейіпкердің
рухани, адамгершілік қасиеттері көрінеді. Тартыс кейіпкерді таңдауды
болжайды, ал кейіпкер өз кезегінде тартысты дамыту мен шешуде жетекші рөл
атқарады. Сонымен қатар, тартыс қаламгердің көркем сюжеттегі адамдарды
таңдауды, оларды орналастыруды, олардың атқаратын функцияларын, олардың
қайшылықтарды шешудегі рөлін болжайды.
Көркем тартыс теориясына әдебиет зерттеушілері А. Байтұрсынұлы ,
М.Әуезов , Е.Ысмайылов , Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов өз ғылыми еңбектерінде
көзқарастарын білдірді.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде өзінің «Әдебиет танытқыш» еңбегінде
А.Байтұрсынұлы тартыс категориясына: «Адам бала күнінде тысқы ғаламдағы
көзге көрініп, денеге сезіліп тұрған нәрселерді ғана танумен болады. Ержеткен
сайын дүниенің ісіне өзінше сүйсініп,өзінше күйініп, өзінше жол тұтып, өзінше
жол белгілеп, жақсылық, жамандыққа өз көзімен қарап, өзінше сынап, өзінше
бағалап, өзінше пікірлейтін болады. Өз алдына мұңы, мұраты, мақсаты, мүддесі
болып, сол мұрат-мақсатына жету талабына кіріскен жерде тысқы ғаламға тиісті
жердің шегіне келіп, ішкі ғалам мен тысқы ғаламның шарттары тура келмей екеуі
ілінісіп, ұстаса кетеді» [1,294] деп сипаттама береді.
Көркем тартыс немесе көркем коллизия (лат. collisio-қақтығыс), әдеби
шығармада қолданылатын әр бағыттағы күштердің-әлеуметтік, табиғи, саяси,
адамгершілік, философиялық қарама-қайшылықтары деп аталады. Сондай-ақ
шығарманың көркемдік құрылымында идеялық -эстетикалық нысанында көрініс
алатын жалпы мінез -құлықтың, жекелеген мінез-құлықтың немесе бір сипаттағы
әр түрлі жақтардың бір-біріне, қарама-қарсы болуы екені анық.
Әдебиеттану ғылымында көркем тартыс сюжет пен характерге байланысты
қарастырылып келген теориялық проблемалық мәселелердің бірі. Әдеби үрдісті
айқындауға мүмкіндік беретін көркемдік категорияның бірі осы көркем тартыс
болып табылады. Себебі тартыс әр жазушының болмысын танытатын көркемдік
мәселе екені даусыз. Әр ұлт әдебиетінің қоғамдық- саяси өмірінде болатын
тарихи жағдайлар әдебиетке жаңа міндеттер, мұрат- мақсаттар жүктейді.
Сондықтан кезеңіне қарай тартыс жаңа мазмұнға, жаңа сапаға ие болатыныны
анық. Ұлт әдебиетінің әрбір кезеңінің мәні мен маңызын, өзіндік ерекшелігін
терең түсіну үшін сол кезеңдегі қарама- қайшылықтың табиғатын анықтау қажет.
Кезінде М.Әуезов өзінің ғылыми еңбектерінде тартыс мәселесі тек қана
драмаға қатысты емес екеніне ерекше мән беріп, тартыстың әдеби жанрдың
барлығына қатыстылығына, оның өнер құбылысы екенін танытуға бар күш
жігерін салған. М.Әуезовтің драмадағы тартыс жайлы ойлары, айтқандары өзге
жанрлардағы тартыс табиғатын тану, оның сюжетке, характерге қатыстылығын
анықтау үшін аа құнды ой болып табылады. Демек көркем тартыс мәселесін
65
30-50 жылдарда алғаш көтеріп, құнды теориялық ой-пікірлерді бірінші айтушы
Мұхтар Әуезов болды.
Әдебиеттану ғылымында эпикалық шығармалардағы әсіресе лирикалық
шығармалардағы тартыс мәселесі өте күрделі теориялық мәселе екені анық.
Әдебиеттанушы ғалым К.Г. Шаззо көркем тартыстың үш типін бөліп көрсетті:
1)
драмадағы тартыс; 2) эпостағы тартыс, 3) лирикадағы тартыс [2, 22]. Ғалым
эпикалық шығармалардағы тартыстың көпсатылылығы оның ең үлкен сапалық
қыры екенін ескере отырып, мынадай пікір білдіреді: «Эпический конфликт
выводит на первый план события и личность героя, предоставив ему
возможность самостоятельно действовать. В эпическом конфликте резкого
поворота в сюжете и композиции, как правило, не бывает. Все подчинено в нем
естественному ритму самой жизни» [2, 25]. Ал лирикадағы тартыс туралы ғалым:
«Задача лирической поэзии - передать настроение индивидуума, вызванное его
соучастием в происходящем. В силу этого художественный конфликт в
лирической поэзии включает в себя меньше компонентов, нежели в эпической.
Но степень драматизма событий и обстоятельств в личности выше уровня
эмоционального начала в герое эпического произведения. Главное и в эпосе, и в
лирике - отношение субъекта к миру» деп атап өткен [2, 34].
Тартыстың ерекшеліктері әдебиеттің тегі мен түріне байланысты. Эпоста
және драмада тартысты бейнелеудің үлкен мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ драмаға
әдетте кейіпкерлердің диалогында жиі көрінетін өткір қақтығыстар тән.
З.Қабдолов: «Тартыс – өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам
тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамға тән әр алуан
көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі
кереғар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі» деп атап
өтеді [3, 176].
Лирикадағы тартыс туралы айту қиын, онда қарсы бастауларды сирек
көруге болады. Бірақ өлең, мысалдардағы антитеза кейде сезім қақтығыстарын
танытуы мүмкін. Нәрсенің бәрі қозғалысқа негізделеді. Лирикалық кейіпкердің
сезім құбылыстары, эмоциясы, жалпы ішкі әлемі –лирикалық өлеңнің ішкі
қозғалысы, динамикасын құрайды. Ішкі әлем ақын жасаған астарлы образдармен
астасып жатады. Ақынның ішкі дүниесіндегі құбылыстар ол–өмір
құбылыстарының әсері. Лирикадағы тартыс, драматизм, психологизм өзге
жанрлардағыдай сюжеттік ситуация, оқиға арқылы көрінбеуі мүмкін, бірақ
ақынның яғни лирикалық «меннің» күйініш-сүйініші, ой-сезімі арқылы көрінеді.
Әдебиеттануда қарама-қарсылық пен екі шектік көрінісі, яғни сыртқы
кеңістіктегі және кейіпкерлердің ішкі әлем кеңістігіндегі күштердің қарама-
қарсы күресі негізінде тартыс қалыптасады. Көркем мәтіндегі тартыстың сипаты
мен рөлі осы мәтіндегі шындық және жалғандықтың көрінуіне дәлел болып
табылады. Әлемдегі қараңғылық пен жарық, жақсылық пен зұлымдық, жер мен
аспан, дос пен жау тартысы адамзат баласының өмір сүру ұстанымдарына
айналған.
Өмірдегі осы атаулы құбылыстарды көркем әдебиетте бейнелеу мақсатында
көркем тартыс ұғымы пайдаланылады. Тартыс туралы әдетте
66
батырлардың күресінде пайда болған өткір қайшылықтар болған кезде айтылып
жатуы да әбден мүмкін. Сондай-ақ, бұл күрес кейіпкердің санасында болуы
өмірлік шындық. Тартыс әдетте туындының сюжетінде көрінеді, ол оны мына
тұстарда бағамдауға болады: кейіпкерлердің қанағаттанбауы, бірдеңе алу немесе
бірдеңе алудан қашу, оларды белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға мәжбүр ету
сияқты. Әрбір шығармада аз, кейде көп қабатты тартыс жүйесі қалыптасады, бұл
сюжетті неғұрлым күрделі етеді.
Тартыс-сюжеттің жаны, оның қозғаушы күші, сюжетте баяндалатын
оқиғаның да, характер тағдырының шешімі де осы тартысқа, оның сипатына
тікелей қатысты екендігі зерттеу еңбектерде айтылып жүр. Тартыстың, оның
дамуы мен осы даму нәтижелерінің арқасында көркем мәтінде қарсылас
күштердің соқтығысуы салдарынан туындайтын іс-қимылдың кернеуін немесе
әлсіреуін, үдеуін немесе бәсеңдеуін деп атайды. Көркем мәтіндегі тартыс мінез-
құлықтың қалыптасуының, дамуының, ашылуының басты көзі болып
табылады,ол өз кезегінде, ол үшін де оның көзінің, "ұйымдастырушының" рөлін
атқарады.
Көркем мәтін-сюжетке қалыптасатын жағдайлар мен оқиғалардың белгілі
бір санының авторлық жеке көрінісі. Оқиға мен жағдай арасындағы
айырмашылық-біріншісі сюжеттің динамикалық элементі, ал екіншісі оның
статикалық элементі. Әдеби шығарманың сюжеті-бұл оқиғалар мен
жағдайлардың орналасуы мен сипаты, және мұндай орналасу мен кезектестіктің
мақсаты мәтіннің мағыналық ядросын құру, білдіру, екпін түсіру қажеттілігіне
байланысты.
Сюжетті өрістетудің көзі және басты себебі болып табылатын тартыстың
сипатына, әңгіме сюжетінің шиыршық атуы, өсуі немесе әлсіреуі, оның дамуын
тежейтін элементтердің болуы немесе болмауы (мысалы, кейіпкердің, автордың,
баяндаушының сипатталуы, портреттері немесе пайымдаулары) байланысты.
Тартыс және оның сюжетті құрудағы, дамуындағы рөлі туралы мәселеде бір
жақты, бір қарағанда, бұл ерекшелікті алмастыруға болады. Көркем
шығарманың қайталанбас ерекшелігі бұл сюжеттің көптеген ғасырлар бойы
көркем әдебиетке танымал даулы схемалар негізінде құрылуы, олар тарихи
қайталанады, жиі қайталанады, әр жолы жаңа авторлық өзіндік ұстанымы
болады.
Сюжет пен тартыстың басталуы, дамуы, аяқталуы бар. Бұдан шығатын
тұжырым тартысты сюжеттік құрылым, композиция, шиеленіс, әрекет дамуы,
шарықтау шегі, шешім сияқты бөліктерге бағындырудың қажеті жоқ. Көркем
туыддының идеялық-тақырыптық қуаты негізінде сюжеттік компоненттер
белгілі бір жүйе арқылы өрістеп, дамып, көркемдік шешімге келеді. Дегенмен
кей тұстарда сюжет пен тартыс бір-біріне сәйкес келмейтін тұстары да кездеседі.
Сюжет пен тартыстың үнемі бір арнада өрілуі міндетті емес екені анық.
Қаламгердің авторлық позициясы, шығарманың идеясы тартысттың түпкі
қабатынан орын алуы, ал сюжет теке сыртқы жамылғы қызметін атқаруы көркем
тартыстың көпқабаттылығын танытады. Сондықтан да көркем
67
шығарманың бойынан сюжет пен тартысты қатар іздеу, сол арқылы талдау мен
бағалау үнемі нәтижелі бола бермейді.
Сюжет пен тартыс адамның динамикадағы, дамудағы, адамның белгілі бір
идеологияның иесі ретіндегі бейнесіне бағынады. Материалдық әлем үздіксіз
қозғалыста, адам және қоғам – сондай-ақ әдеби шығарма жасау процесінде
жазушы осы трансформацияларды көркемдік кеңістікке көшіру қажеттігімен,
көркем туындыны шығармада бейнеленген тірі өмір тартысын туғызатындай
етіп ұйымдастыру қажеттілігімен бетпе-бет келеді, сюжет, мінез-құлық, тартыс,
дәуірдің, адам тағдырын, қайшылықтарды ашып көрсетеді.
Сюжеттің негізінде-типтік тақырыптар, әдеби үдерістің әртүрлі даму
кезеңдерінде айтарлықтай өзгеретін өзекті мәселелер жатады. Қазіргі заманғы
сюжеттік желілер туралы айта келе, олар өткен және қазіргі ғасыр шындығының
әсерінен пайда болатынын атап өткен жөн, олар заманауи шығармалардың
негізіне жататын бірқатар сипатты жағдайларды қалыптастырды.Атап айтатын
болсақ, кеңес өкіметінің орнауының алғашқы жылдарында болған зұлым
репрессиялар, қуғындар, террор-оқиғалар. Сонымен қатар, өткен жүзжылдықта
қазіргі заманғы трагедияны түсінудің өзге тәсілі табылды. Атап айтқанда,
жазушылар мейірімділік пен зұлымдық, азап шегушілік, сондай-ақ өткен
жүзжылдықтың «қорқынышты
сәттерінен» халықты оятудың мәңгілік
проблемаларына жиі жүгінеді. Қазіргі қазақ прозасында Құдайға құлшылық
жасауға байланысты сюжеттер жиі пайда болады, ол болмыстың мәнін іздеу
ретінде қабылданады. Болмыстың мәнін іздеу туындының сюжеттік желісінің
негізі ретінде әлемдік постмодернистік әдебиетте де ұсынылған.
Қазақ прозасының көркемдік даму сипатын бағамдай отырып, доминанттық
идея философиялық пікірлер болып табылатын туындыларда көп жағдайда
сюжет екінші қатарға кетіп қалады. Себебі бұндай туындыларда сюжеттің
аңыздық желінің деңгейіде алынуы оның дамуына әсер етеді. Кейіпкерлердің
ішкі халіне, рухани толғанысына негізгі басымдылық беріледі де, осыған
байланысты бірінің орнына бірі тез ауысады. Осыған орай, кей жағдайда
дәстүрлі реалистік проза үлгілерін көркемдік тұрғыда талдау шығарманың терең
қабатты идеялық нысанын ашуға мүскіндік бере алмайтыны даусыз. Туынды
бойындағы ішкі драмалық жағдайлар сыртқы әрекетке айналуы немесе бір
қалыпты дамып келе жатқан сюжеттің шиыршық атып ширығуы, өмірлік тосын
жағдайлардың тартысқа айналып отыруы бүгінгі әдеби үрдіске тән екені анық.
Кей жағдайда бұл мәселе көркемдік ұстанымға айналғанын да баса айтуға
болады.
Әдебиеттегі тартыс – бұл өте кең түсінік. Тартыстың классикалық ұғымы
бар. Классикалық тартыс – бұл мейірімділік және зұлымдық бастаудың,
қараңғы және жарық, әдемілік және сұрықсыздық, биік және төмен, қадір-
қасиеті мен кемшіліктерінің, күнәлар мен мейірімділіктің қақтығысы. Қарама-
қайшылықты жағдайдың көмегімен автор тек сюжетті құрастырып қана қоймай,
сонымен қатар оның дамуына мүмкіндік береді.Бұл жағдайда оны жақсылық пен
жамандық, жоғары және төмен, рухани және рухсыздықтың бір-біріне қарсы
тұруы деп қабылдайды. Бұл құбылыстар мен
68
функцияларды туындының кейіпкері немесе "автордың көзі", яғни сюжеттен тыс
жатқан, бірақ оған түсініктеме беретін, баяндаушы автордың пайымдаулары
жүзеге асырады. Қақтығыстар және одан да күрделі, мысалы, автор тұлғасының
шынайы сыртқы әлеммен қақтығысы бар, ол оған көндіге алмайды. Мұндай
туындыларды осы тартыстан тыс қарауға болмайды,себебі олар мағынасын
жоғалтады.
Әдебиеттегі тартыс түрлі қақтығысқа қатысатындар бойынша жіктеледі.
Нақты тоқталатын болсақ, "тұлға – сол тұлғаның басқа қыры", "тұлға – басқа
тұлға", "тұлға – орта", "тұлға – мән-жайлар т.б.". Әдеби шығармадағы ішкі
тартыс – бұл оппозиция бойынша "жеке тұлғаның өзіндік қыры-тұлғаның басқа
қыры" қақтығысы. Жалпы әдебиеттану ғылымында тұлғаның «екіге жарылуы»
деген ұғым бар. Бір адамның бойындағы екі түрлі тұлғаға тән көзқарас.
Т.Әбдіктің «Оң қол» туындысындағы Алма образы осындай қырда бейнеленген.
Сондай-ақ жеке тартыс деген тартыс түрі бар. Бұл "тұлға – тұлға" оппозициясы
бойынша тартыс түрі. Тартысқа нақты адамдар мен адамдар топтары кіреді.
Әдебиеттегі тұлғааралық тартыстың типтік мысалы ретінде кеңес үкіметінің
алғашқы жылдарындағы ескі мен жаңаның арасындағы тартыста алуға
болады. Тұлғааралық қақтығыстар арасында
«әкелер мен балалар» қақтығысы бөлек тұр. Ұрпақтар арасындағы мәдени және
идеологиялық алшақтық тым үлкен болған тұстар кездеседі. Мұндай
қақтығыстар өмір бойы тым тез және түбегейлі өзгергенде үлкен әлеуметтік
күйзелістер дәуірінде пайда болады. С.Мұратбековтың «Ата», Т.Әбдіктің
«Қонақтар» әңгімелеріндегі әке мен бала арасындағы дүниетанымдық қайшылық
осы тартыс түріне әкеледі. Ішкі тұлғалық тартыс түрі көп көріне бермейтін бірақ
тартыстың маңызды түрі болып табылады. Мұнда кейіпкер нақты біреуге немесе
өзіне қайшы келмейді. Ол тағдырмен, өмірлік жағдайлармен, жүйемен,
қалыптасқан заңдылықтар күшімен ымырасыз күреске түседі. Бір шығармада
қақтығыстың бірнеше түрі кездеседі. Оқырман назарын аударатын жақсы
шығармада, тартыс түрлері әдетте бірнеше. Әдебиеттанудағы дәстүрлі тартыс
түрлерінен басқа әдеби тартыстардың басқа түрлері де кездеседі. Әдеби
тартыстың мынадай түрлерін атап көрсетуге болады: психологиялық,
әлеуметтік-тұрмыстық,
махаббат,
символдық,
философиялық
және
идеологиялық. Бұл жіктеу әрине шартты түрде. Шығарма табиғатында ол
саналуан болуы мүмкін. Психологиялық тартыс бұл ішкі қақтығыс. Тартыстың
бұл түрі романтизм әдебиетінде және қазіргі интеллектуалдық романда жиі
қолданылады. Әлеуметтік-тұрмыстық тартыс - бұл қоғамдық қатынастардың
қақтығысы. Махаббат қақтығысы — бұл бір-бірін сүйетін екі кейіпкерлер
арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері немесе олардың махаббатына бүкіл
әлемнің оларға қарсылығы негізінде көрінеді. Символдық тартыс — бұл бейне
мен шынайы әлем қақтығысы. Философиялық тартыс -дүниетаным қақтығысы.
Идеялық тартыс философияға жақын, бірақ заттардың мәнін ұғынуға емес, өзін
білгілі бір топқа жатқызуға бағытталған. Бір шығармадағы қақтығыстардың
түрлері, түрлері сияқты бірнеше болуы мүмкін. Бірақ мұнда әр түрлі
тақырыптарды қозғаушы жан-жақты шығарма және автор өзіне белгілі
барлық әдеби
69
ресурстарды тиімді деп санамай іске қосуға тырысады. «Көркем шығарма
қаһармандарының арасындағы қайшылық, тартыс олардың қарым- қатынасынан,
іс-әрекеттерінен, әр қилы көзқарастарынан да көрінеді»
4, 196 б.
.
Әдебиеттану ғылымында жарық көрген көптеген еңбектерде тартыс
категориясына қатысты мәселелер азды-көпті айтылғанымен оны бағалауда тың
нышан байқала қоймады. Бұрыннан қалыптасқан қағидалар басшылыққа алынып
жүрді. Социалистік реализм әдісіне негізделіп жазылған көркем шығармалар
тартыс категориясына берілетін сипаттаманы да белгілі бір қағидаға негіздеп
тастағаны белгілі. Дегенмен, әдебиеттегі сапалық өзгерістер тартыс
категориясымен тығыз байланысты. Себебі қоғамдағы, адам санасындағы
өзгерістерді жан-жақты, терең таныту үшін суреткер өткір тартыстарға барары
сөзсіз.
Ұлттық прозада соңғы жылдары дәстүрлі дағдылардан оза шығып,
тартысқа жаңа мән беретін үрдіс байқалып жүр. Жаңа қоғамдық ой-сана, дәуір
тынысы күрес аренасына қандай тартыс түрлерін алып келгендігін бүгінгі қазақ
жазушыларының
туындыларынан
байқауға
болады.
Осы
орайда
қаламгерлердің әлемдік әдебиеттте болып жатқан сан алуан ізденістерге құлағы
түрік екенін есте ұстау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |