Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Дәдебаев Ж. Өмiр шындығы және көркемдiк шешiм. – Алматы,
1991ж. – 221 б.
2.
Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. –Алматы, 1996 ж. –342 б.
3.
Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы,
1996 ж. – 211 б.
4.
Жұмадiлов Қ. М.Мағауин туралы сөз // Қазақ әдебиетi, №7. 20
наурыз 2020 ж. – 5 б.
5.
Сейдахметова Ж. Әдеби тұлғаның адамгершiлiк әлемi// Ұлт
тағылымы, №6.1999 ж. – 6 б.
6.
Ғабдуллин Н. Замандас келбетi. – Алматы, 1972 ж. – 302 б.
106
7.
Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет хрестоматиясы. – Алматы:
«Ана тiлi», 1993 ж. – 201 б.
8.
М.Мағауин. Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет. – Алматы: «Ана
тiлi», 1992 ж. – 342 б.
9.
Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшiлiк басылым. Мектеп жасындағы
оқушылар мен көпшiлiкке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А.
–
Алматы: «Алматыкiтап», 2018. – 7 б.
ӘОЖ 85.03(5 Қ)
Уранова Сәния Сайрановна
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ
Бөкен Гүлназ Сайлаубайқызы
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ
asya_2309@mail.ru
ПРОЗАДАҒЫ ПСИХОЛОГИЗМДІ ДАМЫТУШЫ
(БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
Аннотация: Мақалада қарымды қаламгер Бексұлтан Нұржекеевтің «Бейтаныс әйелдің
құпиясы», «Не үшін» әңгімелері зерттеу нысанына алынады. Аталмыш әңгімелердегі
кейіпкерлердің бейнесі, образдық болмысы, белгілі жағдайдың, қоғамдық фрустрациядағы
экзистенциясы, тұлғалық портреті зерделенеді.
Тірек сөздер: прозадағы психологизм, образ, бейсаналы күй, экзистенция, жатсыну
Көркем прозаның адамның ішкі жан дүниесіне тереңдеп баруға, оларды
жан-жақты бейнелеп, тануға, сөйтіп шығарманың эстетикалық әлемін
айқындауға мүмкіндігі мол. Негізінен алғанда, психологизмнің өзіндік әлемі,
яғни поэтикасы бар. Ең біріншіден, психологизмнің бейнелеу тәсіліне /прием/
психологиялық талдау /психологический анализ/ мен өз-өзін талдау
/самоанализ/ жатады. Психологикалық талдауда бейтарап /үшінші жақтан/
баяндаушы әңгімелесе, өзін-өзі талдауда көбіне бірінші жақтан баяндалады.
Десек те, психологизмнің ең алдыңғы қатарда тұратын тәсілі – ішкі монолог.
Жалпы шынайы көркем туындыға тән өмірлік шындықты көркемдік тұрғыдан
нанымдылықпен бейнелеп, тануда, шығарманың эстетикалық әлемін
айқындауда әдеби психологизмнің атқарар рөлі зор. Яғни психологиялық
прозада қолдылатын әдеби тәсілдер көркем туындының композициялық,
статистикалық, дыбыстық, ырғақтық баяндау элементтерін ерекшелендіріп,
кейіпкердің психологиялық жағдайы мен автор сөзін анықтап, нақтылайды.
Сондай-ақ бұл психологиялық бейнелеу құралдары арқылы шығармадағы
айтылатын ой-идеялар сюжеттік, композициялық, жанрлық, стилистикалық
жағынан тұтас ұйымдастыру тұрғысынан қарастырылады.
107
Әдебиеттің өзі адамтану ғылымы екендігін ескерсек, көркем шығармадағы
адамның есті-ессіз іс-әрекеттерін, жан құбылыстарын, сезімдік түзілістерін
психологиялық талдау тәсілі ғана жете бейнелері хақ. Осы орайда фрейдизмнің
алатын алатын орны ерекше. З.Фрейд жеке адам құрылымындағы
(индивидуальная безсознательность) бейсаналалық әрекеттерге назар аударды
және адам жанының жасырын, қозғаушы күштерін ашты. Ол адам өзінің
қылықтарының туу себебін кейде түсіндіріп бере алмайды деп атап көрсетті,
оларды санамен аңғаруға болмайды және бұлардың нақты себептерін түс көру,
сандырақтау, ырықсыз қозғалыс сияқты бейсаналы құбылыстарды зерттеу
арқылы ғана анықтауға ғана анықтауға мүмкіндік туады.
Белгілі зерттеуші, ф.ғ.д. Ш.Елеукенов З.Фрейдтің осы ілімін былайша
түсіндіріп береді: «...Адамның жан дүниесі үш сатылы. Бірінші саты – Ол
/ОНО/. Ол дейтіні – адамның сексуалдық және жауыздық әуейіліктерінің
аласұрып қанағат тілейтіндігі, оған қоғамдық тәртіп бойына сіңген күй-жай
қарсы тұрады. Бұл үшінші сатыны Фрейд үстем МЕН /сверх Я/ деп атаған. Адам
жан дүниесі, іші осы екеуінің айқас алаңына айналады. Міне, осы жағдайда төбе
би ролін ортаңғы саты, инстанция – МЕН атқарады. Адамды нақтылы жағдайға
бейімдейді»[1,59]. Жазушыларды қатты қызықтырған ессіздік күйді
Ш.Елеукенов “Қамалған қазағына жол таппаққа”, “Прозаға қадам басу” атты
ғылыми мақалаларында “Бейсаналы” деп ала отырып, бұл құбылыстың көрмек
әдебиетте көптеген шығармашылық ізденістер мен әдеби бағыттардың дүниеге
келуіне себепкер болғанын, оны М.Жұмабаевтың символизмімен байланыстыра
зерделі зерттеу жүргізіледі.
Шынында да бейсаналы күй адамның өзіне сезілмегенмен, сыртқа еріксіз
әрекеттер арқылы болса да білінбей тұрмайды. Олар әдебиетте кейде саналы –
жүйелі ой ағымы, белгілі бір іс-әрекеттер арқылы айшықталса, енді бірде
автордың еркіне көнбейтін ішкі бір толқу, тебі реністің қуатты бір толқыны,
қозғаушы күші – бейсаналы күй арқылы айшықталса, енді бірде автордың еркіне
көнбейді. Жоғарыдағы ғалымдарының ой-пікірлерінен шығатын түйін- жүйелі
ой-ағымдарына арқа сүйейтін кең мағынадағы психологизм барлық әдебиетке,
оның барлық жанрларына тән болса, кейде саналы, кейде жүйесіз “сана
тасқынын” пір тұтатын тереңдетілген психологизм тек психологиялық талдау
тәсілдерінен тұратын, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін жан-жақты, қазбалай
жазатын психологиялық прозаның еншісіндегі рухани құбылыс. Олай болса, ішкі
сөз Ш.Құдайбердиев айтқандай, жан құбылысы, кейіпкер ойының тууы мен
қозғалысы сол, психологиялық сәттегі кейіпкердің келбеті мен денесіндегі
сезімдік қимыл қозғалыстармен тікелей байланысты.
Әдебиеттегі психологизм – динамикалық, аналитикалық және синкреттік
болып бірнеше түрге бөлінеді. Бұлардың бәрі көркем шығармаға тән тәсілдер.
Сол себепті де психологиялық прозаның басқа жанрлардан қандай
айырмашылықтары бар деген қарапайым сауал туары сөзсіз. Және жанрдың өзі
–
өнердің көп қырлы, жан-жақты категориясы. Онда әдебиеттің әр түрлі әдістері
мен көркемдік тәсілдері көрініс табады. Ал, жанрға тән жанрлық – шығарманың
белгілі бір жанр аясында жазылатылатындығы.
108
Ғалым
Г.Пірәлиеваның[17,204]тұжырымдауынша,
психологиялық
шығарманың өзіне тән жанрлық, көркемдік, стильдік ерекшеліктері: Біріншіден,
психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген
мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді. Екіншіден,
мұнда ең бастысы – жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде
адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға
айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада шым-шытырық оқиғалар
тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі
сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданды. Үшіншіден, психологиялық
прозаның эстетикалық, көркемдік әлемі өзінің жанрлық, көркемдік, стильдік
талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс
сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды.
Дәл осындай теориялық тұжырымды А.Байтұрсынов дарынды сөзде былай
деп береді: “Ақындар ғалымдар сияқты уақиғасын яки нәрсені болған күйінде,
тұрған қалпында бұлжытпастан айтып, дұрыс мағлұмат беріп, ақиқаттауға
тырыспайды... Оның бәрін ақындар өз көңілінше түйіп, өз ойынша жорып, өз
ұйғарымында суреттеп көрсетеді. Сол өзі ұйғарған түріндегі ғаламды сөзбен
көрсетуге бар өнерін, шеберлігін жұмсайды. Сөйтіп шығарған сөзі, көркем сөзі
шығарма болады дей келе, оларды
“1.Әуезеленіп айтылуына қарай.
2.Толғанып айтылуына қарай.
3.Ғаламдап айтылуына қарай” үшке бөледі.
“Әуезелеуші айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқарғы ғаламда
болған істі әңгіме қылады ”. «Ақын әуезе түрінде сөйлегенде уақиғаның ішінде
өзі болып, басынан кешірген адамша сөйлемей, тек сыртта тұрып баяндап,
уақиғаға көз салған адамша, хатта біреуден естіген адамша айтады. Уақиғаны
бұлайша түрде айтып көрсету тысқарғы түрде айту болады»[2].
А.Байтұрсынов
әлемдік
әдебиеттану
ғылымында
қалыптасқан
психологиялық бейнелеу тәсілін ұлттық сөз өнерінде дәйекті түрде қолдана
білген. Сөйлеу, ойлау жүйесі арқылы ішкі сезімді суреттеу – тура тәсіл (ішкергі
ғалам) болса, екіншісі – жанама (тысқарғы ғалам), яғни кейіпкерлердің
психикасы мен санасындағы процестер тікелей бейнеленбей, тек сыртқы іс-
әрекет, дене-кескіндегі мимикалық қозғалыстар, сыртқы көріністер арқылы
айшықталады. Жазушы кейіпкерінің ойы мен сезімін оқырманына жеткізудің
тағы бір тәсілі – оның жан дүниесінде жүріп жатқан психологиялық процестің
атын атап, түсін түстеу арқылы беру болып табылады.
Негізгі психологиялық шығарманың жанрлық, стильдік ерекшелігін ашатын
көркемдік бейнелеу құралдары – ішкі монолог, монолог, ойлау, қиялдау, ой-
түйсік, ес, еске алу,елес, елестету, түс-сандырақ, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі
талдау т.б. психология ғылымында да тән категориялар. Алайда, көркем
туындыдағы бұл категориялар әдеби тұрғыда көркемдік тәсілдер, адам жанын
талдаудың таптырмас құралы ретінде қарастырылса, жантану ғылымында
адамның жан жүйесінің заңдылықтарын зерттейтін категориялар болып
табылады. Сондықтан да көркем шығармадағы өмір шындығының ең
109
жоғарғы эстетикалық әлемі мен рухани құндылық деңгейі психология
заңдылықтарымен сабақтас.
Бұл орайда, ұлттық сипат дей келе, біз, ең алдымен, ұлттық мінез, ұлттық
психология, ұлттық дәстүр, ұлт тілі деген құрамдас дүниелерді ұмытпағанымыз
жөн. Қазақ әдебиетіне тән ерекшелік те жазушылар шеберлігіне, өз
кейіпкерлерінің психологиясын, оның жандүниесімен астаста беруіне тікелей
байланысты. Сондықтан жалпы халықтарды біріктіретін психология бар да, сол
сияқты оларды бір-бірінен ажырататын ұлттық мінез бен ұлттық дәстүр бар.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары М.Мағауин, Д.Исабеков, Ш.Мұртаза,
Қ.Жұмаділов, Қ.Түменбай, Н.Ораз, Т.Ахметжанмен бірге зерттеу нысанымызға
алған Б.Нұржекеев те прозаны жанрындағы психологизмді дамытуға орасан үлес
қосты. Әсіресе, Б.Нұржекеев өз прозасында кейіпкерін өірдің жақсы- жаманын
«арқалату» мақсатында емес, кейіпкерінің жан-дүниесіндегі сапырылысына орай
қараған. Кейіпкерлерін әрбір қиындықпен кездескенде жеңіп шығатын,
құндылықтардың сырын түсініп қана қоймай, сол үшін күресетін күрескерлік
рухты бойларына дарытады. Мәселен, «Бейтаныс әйелдің құпиясы» атты
жинағындағы («Күләштің соңғы көктемі», «Қыз сезім», «Кәріс қызы», «Екі
қырсық» және т.б. әңгімелердің негізгі тақырыбы – әйел мен еркек арасындағы
сезім сырлары, яғни махаббат мәселесі. «Бейтаныс әйелдің құпиясы» әңгімесінде
жазушы аты-жөні белгісіз бейтаныс әйелдің құпия күнделігін ойда-жоқта қолына
түсіреді де, үйне алып келіп бастан-аяқ оқып шығады. Бар әңгіме осы.
Күнделіктегі жазбалар бейтаныс әйелдің бүкіл құпиясын, яғни жан дүниесіндегі
толқыма-толқыныстарын, сезіміндегі сергелдеңдерін толық ашып берген:
«Жаным! Әр күнім, әр түнім сізді ғана ойлауға арналатын болды. Қайда жүрсем
де, не істесем де сіз миымда, көз алдымда тұрасыз да қоясыз. Тұтқыныңызға
мықтап түсірген екенсіз. Торыңызга қалай, қай уакытта шырмалыш қалғанымды
да білмеймін. Осынша естен айрылуга болады деп кім ойлаған?! Әcipece менің
жағдайымда. Жалғыз ғана үмітім – сіздің маған деген көңіліңіз. Сіз суып
кетсеңіз, ол соққыны көтере алмайтын шығармын. Суымаңызшы!» – деген әйел
күнделігіндегі жазуларды оқиды да, оған өз ойын тіркеп, көзқарасын білдіріп
отырады: «Сөз сыңайынан әйелдің жас, еркектің егде екендігі бірден
аңғарылады. Оның үстіне әйелдің күйеуі, еркектің әйелі бар болу керек.
«Әсіресе, менің жағдайымда»,– деуі, сірә, сондықтан [3, 53-68].
Әңгіме толықтай осындай психологиялық тәсілмен жазылған. Басты
кейіпкер «ұят» экзистенциасында. Алдымен, күнделікте үзінді келтіріледі де,
соңында автордың соған деген көзқарасы беріледі.
Көркем әдебиетте адамның жан адамға аша алмайтын құпия сырларын ашып
көрсететін көркемдік тәсілдердің бірі бұл. Осылай бейтаныс әйелдің құпия
сезіміне автормен бірге біз де күә боламыз, қызыға түсеміз. Тіпті күнделікті бізге
шығарма ішіндегі кейіпкер дауыстап оқып беріп отырғандай әсерде қаламыз.
Шығарманың соңына дейін бейтаныс әйелдің кім екенін, түр- түсін ажырата
алмаймыз. Өйткені онда не портрет, не диалог жоқ, сонда да күнделігі арқылы
оның қандай ада екенін жазбай танимыз. Ішкі ойлары, сезім сырлары,
санасындағы сан алуан толқыныстар арқылы жанының нәзіктігін,
110
тектілігін, жүрегінің нұрлылығын, бәрін аұқылға жендіре алатын парасат-
пайымдылығын, жалпы табиғи болмысының тазалығын, қазақ халқының
менталитетіндегі әйел образын елестетеміз. Адам жанын жегідей жеген жан
жарасын, ішіне запырандай жиналған қүпия сырын өзіне ашпағанда кімге
ашпақ? Қоғамдық экзистенциа шеңберіндегі ол сырын ақ қағазға ақтарады.
Сөйтіп шері тарқайды. Ендеше, бейтаныс әйелдің құпиясы күнделігі арқылы
ашылуы заңды, сенімді, нанымды. Оқырманды сендіреді. Кейіпкердің жан-
дүниесіндегі арпалыстарды Б.Нұржекеев оның сана-сезіміндегі алақұйын
арпалыстар мен ар алдындағы арпалысқа қарсы қояды. Өмірде өшпейтін,
ескірмейтін, мәңгілік ештеңе жоқ. Бәрі де өткінші. Сезімде суып, көңіл де қалады
екен. Бейтаныс әйелдің телегей теңіздей тодқыған сезім селі аз ғана уақыттың
ішінде сарқылған судай тартыла қалады. Әйел күнделігі де аяқталып қалады:
«Бұдан былай менімен бос уақыт өткізіп әуре болғыңыз келмесе, өстіп жоқтан
өзгені сылтауратқаныңызды күні бұрын білгенмін. Сөйтіп, сезімімді де
біржолата өлтіріп тастайды-ау деп қорыққанмын. Байқаймын сол күдігім
расталғандай»[3,75]. Күнделіктегі жазбалардан тек әйелдің ғана емес, онымен
көңіл-хошы жарасқан бөгде еркектің де қандай адам екеніні сыр беріп қалады.
Әрине, басында еркекке іш тарта қалғанымызбен, әңгіменің соңында оның да
бетпердесі ашылып, секем аламыз. Міне, бұл автордың шеберлігі. Шеберлігі ғана
емес, оның ерекшелігі, өзіндік қолтаңбасы. Тақырыбы үйреншікті махаббат
тақырыбы болғанымен, соны суреттегі өрнегі өзгеше, соны, формасы жаңа.
«Бейтаныс әйелдің құпиясын» тәмамдауда да Б.Нұржекеев ерекше кульминация
жасайды: «Бірақ мен бәрібір бақыттымын, өйткені шын сүю дегеннің не екенін
аз уаықт болса да бастан кештім: рахатын да таттым, азабын да таттым. Сол үшін
сізге ризамын. Қалғанын келешек көрсетер[3,92].
Сурет пен сезімнің астасуы, ой мен танымның шарпысуы осы екі сөйлемге
сыйып кеткен. Жазушыға тән шеберліктің шендесер тұсы да осындайда анық
байқалады. Жоғарыда қарастырғанымыздай, жазушы махаббат тақырыбын басты
шығармаларының асыл арқауы ете отырып, әйел мен еркектің арасындағы
күрделі қарым-қатынасты, ерлі-байлы жұптың қайшылықты тыныс-тіршілігін
терең психологиялық мәнде ашуды мақсат тұтады. Бексұлтан Нұржекеевтің 80-
жылдардың соңын ала жарық көрген «Ерлі- зайыптылар» атты көлемді романы –
сол үдеден шыққан шығарма. Жазушы бұл романында да жауыр болған
каноннан қашады. Күллі романды басты үш кейіпкер – Ілескүл, Зеріп, Мұқаның
монологтық сырына құрады. Осы үшеуі арқылы әйел затының әркімге айтыла
бермес, тіпті Тәңірі қосқан жарына да тіс жармас, тек өзімен өлгенде көрге бірге
ала кететін жан сыры болатынын ішкі иіріммен, суреткерлік шеберлігін айқын
танытады.
Бексұлтан Нұржекеұлының қандай шығармасын оқысақ та, барлығында
терең мән-мағына, астарлы ой бар. Жазушы өзіне тән, ешкімге ұқсамайтын жазу
стилімен басқа қаламгерлерден ерекшеленіп тұрады. Негізінен әңгімелері
махаббат тақырыбына көптеп жазылған. Ер мен әйел арасындағы нәзік сезімді
әдемі жеткізуші десек қателеспейміз. Жазушы махаббат тақырыбын ғана
қозғамай, сонымен қатар ауылдағы өмір, жастар, тәрбие, адам бойындағы
111
адалдық, кісілік, адамгершілік сияқты мәселелерді қарастырған. Көріп
отырғанымыздай жазушының шығармалары түрлі тақырыптарды қамтиды.
Қаламгер сан сырлы, алуан қырлы өмір шындығын өте керемет, көркем
сөзбен кестелеп, әрін келтіріп, оқиғаны суреттеуде өзінің сұңғыла
суреткерлігімен, шынайы шеберлігімен оқырманның көңілінен жол тапты. «Не
үшін» әңгімесін алып қарайтын болсақ, қысқа ғана әңгімеде өте көп көркемдегіш
құралдардар қолданылған. Автор кейбір жерлерде ойын әсем әрі нақты жеткізу
үшін тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді ұтымды қолданған. Мысалы,
«Бөгде жүрісті біреуді байқап, ит арс ете қалды». Осы мысалда «ит арс» дегеніміз
метафра болады. Себебі иттің үргенін жеткізу үшін автор арс деген сөзбен
алмастырған. «Үйдегілер оянбады». Бұл сөйлемдегі
«үйдегілер» деп тұрғны синекдоха тәсілі арқылы жасалып тұр. Себебі автордың
айтқысы келгені сол үйдің ішіндегі адамдар. Бөлшектің орнына бүтінді
қолданып тұрғанын байқаймыз. «Түн өлі денедей сұлық». Мына жерде автордың
теңеуді қолданғын көруге болады. Түнді өлі адамға теңеп тұр, яғни ештеңені
сезбей, көрмей тұр деген мағынада қолданған.
«Қорыққан баладай түн де тым-тырыс». Бұл жерде де түнді қорыққан
балаға теңегенін байқаймыз. «Жамандықты сезіп, жайдақ аттыға нән төбет
жанталаса тұра ұмтылғанда бүкіл түнді өзімен бірге сүйрей жөнелгендей еді;
ызалы ырыл мен атылған екпін тау қопаратындай» [3,102]. Осы сөйлемдегі
«нән» деген сөз эпитет. Себебі сөйлемді әсерлі, айшықты ету үшін қолданылып
тұр. «Шірене тартып жұлқып қалғанда, қарс етіп қарағай есік қақ айрылды».
«Қарс етіп» деген сөз тіркесі бұл жерде эпитет арқылы беріліп тұр.
«Қозғалып, тіпті қорқып үлгергенше, қарулы қол кеп кеңірдегіне жармасты».
«Қол» деп тұрғанымыз адам деген мағынада қолданылып, метонимия тәсілі
арқылы жасалып тұр. Автор осы әңгімеде портретті де қолданған. « Жұмекен –
жұрт сүйсінген жігіт. Ерегіс жанжалдарын былай қойғанда, балуандығы мен
батылдығы – ол өз алдына әңгіме. Әсіресе аңшылығы аңыз. Мүлт жібермейтін
мұндай мерген, шынында, бұл өңірде бұрын соңды болып көрмеген. Оғы
атқанын қуалап жүріп тиетіндей дәлші. Жақсы атақтың астарына жаман әдет те
жасырынады: Жұмекен жұт нәпсілі де жігіт. Бойдақ болғанымен, құшағы қысыр
күні жоқ. Мінезіне сай түрі де тоң» [3,107].
Автордың «Не үшін» атты әңгімесі тоғыз бөліктен тұрады. Әр бөлікте әр
түрлі ой айтылған. Басында белгісіз бір адамның түн ортасында жасаған
қастандығы жайлы жазса, екінші бөлімінде сол адамды толықтай сипаттап
қандай адам екенін, немен айналысатынын толық ашады. Үшінші бөлімінде
Жұмекеннің туған ағасы Әбдікен туралы баяндап, Жұмекен екеуінің бір-біріне
ұқсамайтындығын сөз еткен. Осылайша автор бір бөлімнен екінші бөлімге
ауысқан сәтте, басындағы ойды оқырмаға жеткізу үшін толықтай ашу
мақсатында әр бөліде жеке бір ойды қамтыған.
Әңгімені оқып отырып бұл жерде лирикалық шегіністін бар екендігін
байқауға болады. Әсіресе бір бөлімнен екінші бөлімге ауысқан кезде өте қатты
байқалады. Осы сәтте автордың ойы шашыраңқы ма деген де ой келеді. Сонымен
қатар үшінші бөлімнің ішінде автор Жұмекеннің ағасы Әбдікен жайлы айтып
келе жатып, Жаркентке бандылардың басып кіргендігі, ауыл
112
адамдарының мүшкіл халін суреттеп кеткен. Осы сияқты лирикалық шегіністер
бұл әңгімеде кездеседі.
Егер де шығарманың басындағы ойды соңындағысымен салыстыратын
болсақ, автор бұл әңгімені Әбдікеннің досы Үмбеттің көрген түсі арқылы беріп
отыр. Басындағы ойды автор бізге жауыз кейіпкердің жағымсыз қылықтары
арқылы көрсете отырып, келесі бөлімдерде оны тарқатып үзіп- үзіп жеткізді.
Жоғарыда айтқандай автордың ойының шашыраңқы болуы осы әңгімені
кейіпкердің түсі арқылы жеткізуінен деп ұғуға болады.
Қорытындысына дейін қаламгер оқырманды қызықтырып қойды. Негізгі
кейіпкерді туған ағасы өлтіріп, дүниеден озғанына өзін кінәлі санап жылап
жатады. Содан соң тоқсан сөздің тобықтай түйінін «Үмбетей өзінің қалай
өлмегеніне аң-таң. Ұйқысынан оқ оятып жібергендей көкжиектен күн де
көтерілді» деп аяқтайды. Бұл да жазушының өзіне тән ерекшелігін танытады.
Шығарманың «Не үшін» деп аталуының өзінде үлкен мән-мағына жатыр.
Сайып келгенде, автор бұл шығарма арқылы оқырманға жақын адамдарға, ата-
анаға қамқор болу керектігін, әрқашан үлкеннің ақылын тыңдау қажеттігін
айтады. Жағымсыз кейіпкер Жұмекен арқылы қаламгер бізге арсыз қасиеттерден
арылуға үн тастайды. Сен өзіңнің жаман қылықтарыңмен туғаныңды өзіңе қарсы
қоя аласын дегенді айтады. Бір сәтте қолыңда бар байлығыңнан, өз өміріңнен
айырылып қаласын деген үлкен ойланатындай ой тастайды. Менің ойымша
қазіргі таңда да бұл тақырып өте ауқымды. Себебі қазіргі қоғамда туғандар бір-
бірін көре алмайды, әрдайым қастандық жасағысы келеді.
Өзінің ағайындыларына да сенбейтіндер де кездеседі. Барлығы емес
әрине, дегенмен ондай жоқ емес бар. Жоғарыда атап көрсеткен автордың
көтерген үлкен мәселесі ол ата-анаға деген құрмет. Бұл мәселе де бүгінгі күні өте
актуалды десем қателеспеймін. Өйткені көп жағдайда бала өзінің туған ата-
анасын құрметтемейді, қолындағы асылын бағаламайды, қарттар үйіне
тапсырады. Бұл әрине бүгінгі қоғамнын ойланатын жағдайы. Шығармада
Жұмекеннің ата-анасы өзінің баласының қандай жаман, қатыгез екенін біле тұра,
оны барлығы жақтырмаса да олар онымен бірге кетуге бел буып отыр. Бұл
жерден балаға деген сарқылмас махаббаты байқаймыз. Менің ойымша әр перзент
өзінің қос қанатын барында бағалап, тек қана алғысына бөленуі керек. Одан
артық бақыт жоқ деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |