157
тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек емес» [3, 141], –
деген сөзінде адам санасындағы ұғым-түсініктердің
сыртқы ортаға танылуы
айқын көрініс табады. Тіл мен сана арақатынасына байланысты теорияларға
сүйенсек, тіл – дүниенің адам санасында сәулеленген сұлбасын сыртқа шығару,
белгілі бір формаға түсіріп бейнелеу құралы. Адам санасы мен ойлау
процесіндегі құбылыстар тіл арқылы ғана белгілі болады. А.Байтұрсынұлы
ойлаудың екі түрін атап көрсетеді: тиісінше ойлау, түйісінше ойлау. Тиісінше
ойлау: заттың «бойына біткен сипатын» ғана ойлап,
сол тұрғыда сөзбен беру,
яғни қазіргі ғылыми тілмен айтсақ, нақты шындық болмыстың тіл арқылы
баяндалуы. Ал түйісінше ойлау: зат туралы «адамның қосқан, таңған
сипаттары», яғни зат, құбылыс туралы сөйлеушінің көзқарасы, танымы, ұғынуы,
қабылдауы тұрғысынан сөз етуі. Ойлау мен сөйлеудің бұл түрінде тілдің
коммуникативтік, информативтік қызметімен қоса, мағыналық реңкі, эмоциясы,
эстетикалық қызметі көрініс береді. Сондай-ақ тілші-ғалым ойлаудың тиіс
жағына
көрік керек емес, нақты шындық керек, ал түйіс жағына көріктеу,
әдемілеу қажет, ол қиял шығаратын сөз дейді. А.Байтұрсынұлы тіл арқылы
танылатын ойлаудың қиял, ақыл негізімен қатар көңіл негізінің де бар екендігін
дәлелдейді.
Тілді танымдық тұрғыдан қарастырған еңбектерде тіл адамға және дүниеге
бағытталған екі жақты субстанция ретінде көрсетіледі. Тіл – адам – ғалам
арақатынасынан адамның дүние туралы, танымының тілде бейнеленуі туралы
мәселе келіп шығады. Дүниенің тілде бейнеленуі А.Байтұрсынұлының
пайымдауында «даналық» деп аталатын ұғымдық жүйе арқылы түсіндіріледі.
Адамның зейіні бүтін
ғаламды тануға жұмсалып, дүниедегі бар нәрсенің
барлығын, яки бар деп ұйғарылған нәрсенің бар-жоқтығын танып, белгілі бір
қарарға келгенде адамда бір үлкен ұғым пайда болатынын А.Байтұрсынов атап
өтеді. Сол ұлы ұғым жүйесі даналық деп аталатынын ғалым тоқтала келе,
даналықтың мақсаты бүтін ғаламды танып, бүтін ғалам атанған дүниенің
жұмбағын шешпек деген тұжырым жасайды [3, 211]. А.Байтұрсынұлының
«даналық»
туралы ойлары талтаным тарихындағы
тіл арқылы берілетін
«дүниенің тілдік бейнесі» туралы идеяларымен үндеседі.
А.Байтұрсынұлы: «Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я
кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын – сөзбен сөйлеп,
сүгіреттеп көрсетуге болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді», – деп тілдің
ерекше болмысын сипаттайды. «Сөз өнеріне жұмсалатын зат – сөз. Сөз шумағы
тіл деп аталады. Сөз өнеріне жұмсалатын сөз шумағы да тіл я лұғат деп аталады»
дей келіп, тілді табиғатына қарай ақын тілі, әншейін тіл түрінде жіктейді. Ақын
тілі көрнекті лебізге құрылса, әншейін тіл жалаң лебізге құрылады. Ақын тілі
мінсіз болу үшін оған қойылатын талаптар ретінде, ғалым тілді таңдап қолдану
және тілді талғап қолдануды атайды. Осы жөнінде мынадай пікір білдіреді:
«Әңгіменің әдемі болып шығуы сөздің тізілуі мен әңгіме айтушының
пікірлеуінде. Неғұрлым сәулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым үй де
сәулетті әдемі болып шығатыны сияқты, неғұрлым жазушы қиялға бай, пікірге
шебер болса, соғұрлым шығарған сөзі пікірлі, әсерлі, әдемі боп шықпақ». «Тілді
таңдап қолдану» туралы тұжырымды сөйлеуші – мәтін –
158
қабылдаушы арақатынасынан алып түсіндіруге болады. «Айтушы ойын өзі үшін
айтпайды. Өзге үшін айтады» деген ғалымның пайымдауы ойдың әсерлі болуы
тыңдаушының қаншалықты түсініп, қабылдауына, оның өзі ой арқылы берілген
ақпараттың қабылдаушыға қаншалықты таныстығына да
байланысты деген
пікірлермен қабысады.
Тілді таңдап қолдану сөздің ішкі мәнінің тереңдігін, қиялдың кеңдігін,
пікір байлығын танытатын шешендік сөйлеуді білдірсе, тілді талғап қолдану
тілдің лексикалық құрамын, сөйлем құрылысын орнымен жұмсауды көрсетеді.
Бұл жөнінде А.Байтұрсынұлы: «Біз қазақ тіліндегі сөздердің бәрін білгеніміз
қазақ тілін қолдану болып табылмайды. Тілді қолдана
білу деп айтатын ойға
сәйкес келетін сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз.
Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бірдей ортақ пайдаланбайды. Әркім әр сөзді
өзінше қолданады, өзінше тұтынады», – деген болатын [4].
Қазақ халқы қашан да болсын атау беруге, санадағы ұғым-түсініктерді
сыртқы ортаға білдіруде ерекше көңіл бөлген, әрі аз сөзбен терең мағыналы ой
жеткізе білген. Осы тұрғыдан келгенде, жазушы Жанайдар Мусиннің «Туған
үйдің түтіні» романының аталуында өзіндік сыры бар сияқты. Ұлтымыз үшін
«түтін»
мәні мен мағынасы ерекше ұғым. Қазақ халқының санасында сан түрлі
ассоциациялар пайда болатыны сөзсіз. «Туған үйдің түтіні» романындағы
«түтін»
концептісін зерттеп, оның танымдық сипаты мен қызметін таныту
барысында қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлы еңбектеріне,
сондай-ақ
қазіргі белгілі ғалымдардың еңбектеріне сүйенуді жөн көрдік.
«Түтін»
концептісін когнитивтік тұрғыдан талдау кезінде, ұлтымыздың
танымында
от, отбасы, Отан, тіршілік, өмір, ел, ауыл, туған жер
мағынасында
танылады. Романда қарапайым қазақ әйелінің жарқын бейнесі аса шеберлікпен
суреттеледі. Басты кейіпкер Бәтіш апайдың жалғыз тұяғы, көзінің қарашығындай
аялап өсірген бауыр еті баласын сағына күткендігі, әрі үміт отын сөндірмей, қара
шаңырағының түтінін ақтық демі қалғанша баласы үшін түтетіп отырғандығын
көреміз. Осы орайда, бір ғана «түтіннің» халқымыз үшін жай ғана сөз емес,
керісінше, оның астарында мол мағына мен түсінік жатқандығын байқадық. Ол
үшін концептіге қарапайым түсінік беруден бастап, оның
тұрақты тіркестер,
мақал-мәтелдер мен бейнелі сөздер арқылы берілудегі мағынасын талдап
түсіндірудің мәні зор.
«Айналайын, Әзтайжан, өзіңді тосуға да тағатым жетпей кетіп
қалғаныма ренжи көрме. Азамат ұлым арып-ашып келе жатқанда туған үйінен
түтін түтемеуі жаман ырым екен. Жаным түршігіп, ормандағы баспанама
тарттым. Нұрашым келген күні ақ түйенің қарны жарылады. Бәтіш апаңның
бары шашылады. Бас сүйіншісі өзіңдікі әз жүректі абзал ұлым Әзтайым...
Бәтіш апаң»
[5, 65].
Достарыңызбен бөлісу: