159
синонимдер: ай (месяц) мен ай (луна); ағылшын тілінде:
sky және heaven; ана
концептісі қайын ене (теща, свекровь) сөзімен басқаша айтуға болады;
концептілерді антонимдермен жаңартуға болады: барлаушы және тыңшы, сараң
және үнемді). Ал «түтін» концептісіне қатысты кілт сөздер:
от, отбасы,
тіршілік, жалын, газ, тұман, белгі.
2-
кезең.
Тілдік материалдарды жинау. Оған сөзжасамдық ұяның барлық
компоненттері (күш, күшті), мақал-мәтелдер, фразеологизмдер анықталады.
«Түтін» концептісінен туындайтын сөзжасамдық тарам :
түтін – түтінді
– түтінде – түтіндік – түтіндей – түтінсіз – түтінше.
Ж.Кейкіннің жинап құрастыруымен шыққан «Қазақтың 7777 мақалы мен
мәтелі» жинағында «түтін» концептісімен төмендегідей
мақал-мәтелдерді
анықтадық:
➢
«Сырты бүтін, іші түтін»
деген мақал сырты жақсы, бірақ іші белгісіз,
түсініксіз деген мағынада айтылада. Сырт
тұлғасына қарасаңыз өте
қарапайым, кейде тіпті қызықты адам сияқты әсер қалдыратын адамдар бар,
бірақ егер бұл адамды жақынырақ танысаңыз оның мүлдем басқа қасиеті
белгілі болады. Яғни, аталған мақалға мән бере қарап отырсақ, адамды сырты
түріне
қарап емес, ішкі жан дүниесіне қарап бағалап, сырласу керек деген
мағынада айтылған.
Бұл орайда, «түтін» концептісі
бос, мағынасыз, нашар
деген мағынаны білдіреді.
➢
«Түтін түтету»
– өз алдына үй болып отыр мағынасын береді. «Түтін
түтетті» тіркесі ертеден тілідік айналымға енген : үй болу, сол үйдің отын
өшірмеу.
«...Анаңның ақ сүтін ақтағың келсе, адам бол. Шешеңнің сары майдай сақтаған
шаңырағына ие болып, биікке көтер, ақтық демі бітіп, көзі жұмылғанша отын
өшірмей, сөндірмей кеткен отын маздатып, туған үйінің түтінін түтет
[5,
66].
«Туған жердің түтіні күйесіз»; «Өзге елдің оты, Өз еліңнің түтініне
татымас»; «Түтіндігі бүтін, түтіні түзу»; «Адам қатесіз болмайды, От
түтінсіз болмайды»; «Туған үйдің түтіні жылы, туған ананың күтімі
жылы», «Түтін шыққан үй жылы, Төскейлей шыққан күн жылы»
[7].
Достарыңызбен бөлісу: