156
ұқсатып барып образ жасайды, неге қарама-қарсы қояды деген сияқты бір топ
түсінік талданады.
Қазақ халқының тарихи дамуының түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс-
тіршілігін, салт-дәстүрін, дүниені қабылдауын, сенімін, мифтік, діни
көзқарастарын, ұстанымын, тұтынған бұйым-заттарын, сол арқылы әлеуметтік
күйін, басынан өткізген түрлі оқиғаларын, ұлт, халық ретінде қалыптасу
жолындағы күресін сол ұлттың тіліндегі көне сөздер, фразеологизмдер, аңыз-
ертегілер мен жырлар, мақал-мәтел арқылы қазақ тілтанымының негізі салынды.
Осы тұрғыда қазіргі тіл білімінің маңызды мәселелері тізбегінде тілдің
танымдық қызметін айқындайтын когнитивті лингвистиканың қазақ тіл
біліміндегі қалыптасып дамуын ерекше атауға болады. Когнитивтік
лингвистикада тілдің таным құралы мен танымның алғы шарты екендігі басты
назарда ұсталынады. Ол бірнеше ғылым салаларының өзара ұштасуы негізінде
пайда болды. Когнитивтік лингвистиканың қазақ тіл білімінің зерттеу нысанына
айналып, оның жеке мәселелерінің сөз бола бастауы – ХХ ғасырдың 90-
жылдары. Тіл біліміндегі осындай бетбұрыстар туралы: «Лингвистикалық
поэтиканың дәстүрлі ғылыми базасы – тіл білімі қазіргі таңда ерекше қарқынмен
дамуда. Оның негізгі қаруы гуманитарлық білімнің ғылыми прагматикасындағы
интеграциялау принципі, соның ішінде адами ғылымның жетістіктерін белсенді
құру және шығармашылықпен синтездеу – ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр басындағы
лингвистиканың өзіндік дамуы мен концептуалды- конструктивті девизі, яғни,
антропологиялық лингвистиканың қайта тууы», – деп көрсетті ғалым Қ.
Ахмедьяров [1, 250].
Лингвистиканың бүгінгі бағыттарының қазақ тіл білімінде көрініс табуы
күні бүгін пайда болған жоқ, тамыры тереңде жатыр. Қазақ тіл білімінің жан-
жақты зерттелуіне еңбегі сіңген, қазақ тілінің емлесін біріздендіруге күш салған
тілші-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен тілдің танымдық табиғаты
туралы алғашқы пікірлерді кездестіруімізге болады. Ғалымның тіл ерекшелігін,
тіл қызметінің жан-жақтылығын танытуға арналған ғылыми пайымдауларын
саралай келіп, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.И.
Нұрдәулетова оларды мазмұны мен көтерген мәселесінің бағыт-бағдарына қарай
бірнеше топқа жіктеп көрсетеді:
1.
Тілтаным теориясындағы тіл – ойлау – дүние бейнесі арақатынасына
байланысты пікірлермен сабақтас пайымдаулары;
2.
Поэтикалық тіл табиғатын «қарапайым» тілден айыра танытуға
арналған ғылыми тұжырымдары [2, 40].
Адам баласының танымы тілде көрініс табады. Ойымыз тіл арқылы
шығады. А.Байтұрсынұлы сөз өнеріне тірек болатын адам санасының үш негізін
атап көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: