Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет73/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

Месопотомия, Тигр, Ефрат 
өзендері аралығында б.э.д. 3100 ж. – б.э. 75 ж.
); 2.Ежелгі элам жазуы (
Эламда 
б.э.д. 3000ж. – б.э.
); 3.Ежелгі үнді жазуы (
Үндістанда, б.э.д. 2200 ж.
); 4.Қытай 
жазуы (
Қытайда б.э.д. 1300 ж.
); 5.Египет жазуы (
Египетте б.э.д. 3000 ж.
); 
6.Крит жазуы (
Крит, Греция жерінде б.э.д. 2000 – 1200жж.
); 7.Хет жазуы 
(
Анадолы, Сирияда б.э.д. 1500 – 1700 жж.
). Сонымен бірге жазу тарихына шолу 
жасағанда тоқтала кететін тағы бір жазу жүйесі ол араб графикасын қосады [1, 
40]. Егер Ұлы дала жерімізден әлем деңгейінде табылып жатқан археологиялық 
зерттеулердің нәтижелері мен О.Туна, А.Аманжолов, О.Сүлейменов, А.Бахти, 
Г.Қосымова т.б. ғалымдарымыздың зерттеулеріне сүйенсек, онда түркі руника 
жазуын да жоғарыда аталған жазулардың қатарына қосуға болады. Бұл, әрине өз 
алдына жеке әңгіме. Жалпы руника жазуы негізінен магиялық, сакральдық, 
мемориальдық т.б. тақта жазуларында қолданылған және тек қана түркі 
руникасы емес германдық, скандинавтық, англо-саксондық, кавказдық т.б. 
түрлері де бар. Қысқаша айтар болсақ, Еуропа халықтары да көне түркі руника 
жазу таңбаларына ұқсас әріп-таңбаларды қолданылған. Ал көне Кипр жазуының 
таңбалары түркі жазуына тым ұқсас. Ағылшын-саксон руникасының таңбалары 
да көне түркі әріптеріне жанасады. Бұл Негау деген жерден табылған бір көне 
дулығаға бедерленген жазу таңбалары екен. Сол сияқты Герман руникасының 
таңбалары да көне түркі әріптерінің сұлбасын еске салады. Осының барлығы 
руника жазуы тек түркілерде ғана емес, көшпенділер атының тұяғы жеткен 
жерлердегі елдердің бәріне мәлім болғанын айғақтайды. Біз Еуропа халықтары 
көне түркі жазуын қабылдап алды деген ойдан аулақпыз. Алайда, Еуропаның 
ежелгі руника жазуы көне түркілер жазуына ұқсас екенін, олардың арасында 
қандай да бір байланыстың, сабақтастықтың барын байқау қиын еместігін 
айтқымыз келеді. 
Барша әлемге «Орхон-Енисей, Талас жазуы» атанған әдеби мұраны 
ғалымдардың біразы фин-угор халықтарының жазуы, солардан қалған мұра деп 
тұжырымдады. Енді бір тобы кейбір таңбаларының сыртқы ұқсастығына қарап, 
бұл жазуды Герман халықтарының ескерткіші деп дәлелдеуге тырысты. Мәселен, 
Байер – кельт жазуы, Тихзен – гот жазуы, Ремюзе – үйсін, индогот, скандинавия 
елдерінің жазуы, Клопорт – грек жазуы деп, славян жазуы деп – Спасский, фин 
жазуы деп – Аспелин, ал Ксенофонтов – якут жазуы деп жорамалдаған сан алуан 
пікірлер болды. Әйтеуір қисынсыз ой-пікірлерін ұсынып, түркілерге жолатқысы 
келмеді. Өйткені, Европа ғылымында көшпелі түркілерде ешқандай мәдениет 
жазу-сызу болған емес, мал соңында жүрген деген астамшылықтан туған дарақы 
ұғым мықтап орныққан және осындай түсініктен бертінге дейін арыла алмай 
келгендігі ақиқат. Дүниежүзілік дархан ғылым жолында алғаш болып, пайымсыз 
дау-дамайға нүкте қойған данышпан ғалым В.Томсен нақты бұлтартпас 
деректермен Түркі жазуы деп дәлелдеген соң, жоғарыда айтылған жансақ пікірлер 
сап тыйылды. Ғалым құпия жазу таңбаларының дыбыстық мағыналарын 
анықтап, жазудың оңнан солға қарай 


150 
оқылатынын және ең алғаш 
түрік 
және 
тәңір 
сөздерін оқыған соң, жазудың 
толық құпиясы ашылып, В.Томсеннің оқу әдісімен 1894 жылдың қаңтарында 
В.Радлов Күлтегін ескерткішінің тұңғыш аудармасын жасайды. Осыдан соң 
Европа, Ресей, Монголия, Қазақстан елдерінің бірлескен және жеке ғылыми 
экспедициялары археологиялық тұрғыдан жан-жақты (суретке түсіру, 
көшірмелерін алу және жариялау, аудару, ғылыми талдау т.б.) зерттеу, 
жәдігерлерді жинау, лингвистикалық жағынан оқылу теориясы мен 
грамматикасын жазу, сөздігін құрау, философиялық, этнопсихологиялық 
тұжырымдамаларын жасау, саяси баға беру тәрізді жұмыстары түркітану 
ғылымында кең құлаш жайғандығы мәлім. Бұл салада, әсіресе батыстан 
(В.Томсен, Н.Витсен, Н.Спафарий, Д.Мессершмидт, П.Паллас, Ф.Страленберг, 
А.Ремюза, М.Кастрен, И.Аспелин т.б.) гөрі орыс түркітанушылары жан-жақты 
ғылыми зерттеу жағынан жемісті еңбек етті: В.Радлов, Г.Байер, Г.Спасский, 
П.Мелиоранский, А.Самойлович, В.Бартольд, Ю.Тугушева, С.Малов, В.Котвич, 
А.Кононов, И.Батманов, В.Насилов, В.Кондратьев, С.Киселев, С.Кляшторный, 
Д.Васильев, Е.Убрятова, И.Стеблева т.б. Моңғол ғалымдары да атсалысты: 
Н.Сэр-оджов, Д.Баяр, Ц.Доржсүрэн, Г.Сүхбаатар, М.Шинэхү, Г.Менэс т.б. Түркі 
ғалымдары да зор үлестерін қосты: Х.Оркун, Т.Текин, Г.Абдурахманов, 
К.Аширалиев, Л.Кызласов, М.Ахметов, А.Юлдашев, К.Сартаев, Н.Гаджиева, 
Ғ.Айдаров, Ғ.Мұсабаев, А.Аманжолов, Қ.Сартқожаұлы, М.Жолдасбеков т.б. 
Соңғы кездегі статистика негізінде көне түркі руника жазба ескерткіштерінің 
ұзын-ұрға саны алты-жеті жүз (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет