Конференцияда талқылады басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ерқанат манжуов ашып, жүргізіп отырды. Ол ағымдағы жыл аймақта өтетін қазақ



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата19.01.2017
өлшемі4,84 Mb.
#2199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дайындаған Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

«ӘлЕм КІтапқа

 жазылу үшІН жаралғаН»

ОрТа

11

   //    «Жамбыл - Тараз»  //  №17 (1252),  22 сәуір  2015 Жыл   //



g

 әріптесіміз, сыйлы азамат, профессор серік Ераханұлы му-

насипов 60 жасқа келе отырып көп табыстарға жетті. сегіз қырлы 

бір сырлы жігіттердің бірі серік Ераханұлы 1972 жылы Жамбыл 

жеңіл  және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтқа түсіп, оқу 

мен спортты қатар алып жүрді. Институт және облыс намысын 

республикалық бүкілодақтық жарыстарда қорғады. 

ғылымға

қҰштар жаН

Еңбек жолын 1977 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ 

өнеркәсібі  технологиялық  институтын  бітірген  соң, 

Алматының  «Жетісу»  өндірістік  бірлестігінде  шебер 

стажеры  қызметінен  бастап  1978    жылы  «Былғары 

бұйымдарының  технологиясы»  кафедрасында  кіші 

ғылыми  қызметкер,  ассистент  ретінде  қызмет  етті. 

Одан кейін Мәскеудегі Еңбек Қызыл Ту орденді жеңіл 

өнеркәсіп  технологиялық  институтында  зерттеуші 

стажері  болып  аспирантураға  түсті.  Ал,  1989  жылы 

«Былғары-галантереялық бұйымдар және аяқ киім техно-

логиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының 

кандидаттық  диссертациясын қорғады.1989 жылдан бері 

«Былғары бұйымдарының технологиясы» кафедрасының 

доценті, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Бірнеше 

жыл бойы 05.19.05 «Былғары және үлбір технологиясы» 

мамандығы бойынша К14.56.03 диссертациялық кеңесінің 

мүшесі болды. 2001 жылдан бері Қазақстан Республикасы 

жоғары оқу орындарын атестаттау комиссия құрамында. 

1998  жылдан  бері  ТМД  елдерінің  жеңіл  өнеркәсіп 

бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің мүшесі. Серік 

Ереханұлы «Былғары бұйымдарының технологиясы», 

«Былғары бұйымдарды конструкциялау», «Жеңіл және 

тоқу өнеркәсіп тауарлары және бұйымдары технологи-

ясы», «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы 

және конструкциялау». 5В05072600 «Жеңіл және тоқыма 

өнеркәсіп тауарлары және бұйымдары технологиясы» 

секция бойынша білімгерлердің ғылыми жұмыстарының 

Республикалық  конкурстық  комиссиясының  төрағасы 

қызметін атқарды. Біздің әріптесіміздің жетекшілігімен 

орындалған білімгерлердің ғылыми жұмыстары бірнеше 

рет республикалық конкурс жүлделеріне ие болды. 2008 

жылы Новосибирск-Бердск қалаларында өткен киім, аяқ 

киім және аксессуарлардың жас дизайнерлерінің «Sib Way-

2008» 1-ші халықаралық конкурсында ол жетекші болған                                                                               

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ білімгерлердің жұмыстары 

«Этно-аяқ киім» номинациясында 3-ші орын алды, ал өзі 

сол конкурста  қазылар алқасының мүшесі болды. ҚР 

Білім және ғылым министрлігінің Республикалық  оқу-

әдістемелік кеңесінің жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің 

нормативтік-құқықтық  актілері  бойынша  жұмыстық 

тобына мүше болып, өзінің белсенділігін  көрсете білді. 

Секең  университетімізде  «ТарМУ    ұлағатты  ұстазы», 

«Магистранттардың  үздік  жетекшісі»  атақтарына  ие 

болған. «КР БҒМ білім беру ісінің  құрметті  қызметкері» 

атағының иегері,  2011 жылы «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» 

грантын ұтып алған. Білім саласына сіңірген еңбегі үшін 

2015 жылы  А.Байтұрсынов атындағы күміс медалімен ма-

рапатталды. Ол 200-дей ғылыми-әдістемелік жұмыстардың 

авторы. Оның ішінде  20 оқулықтар, мен оқу құралдары,   

сөздіктер, монография, патенттер мен авторлық куәліктер 

бар. 500 астам жоғары білімді жеңіл өнеркәсіп саласының 

инженерлерін, 15 магистр даярлады, PhD докторанттарға 

кеңесші    болды.    Сондай-ақ,  Серік  Ераханұлы  биыл 

университетіміздің  атынан  республикалық  конкурсқа 

қатысып, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің арнайы 

зерттеу жұмыстарын өткізуге грантын тұнғыш рет ұтып 

алды.


Әнуарбек ӘЙМЕН,

М.Х.Дулати атындығы Тараз мемлекеттік 

университетінің технологиялық 

факультетінің деканы 

Абайдың төртінші қара сөзі

Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі 

бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп 

өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас 

ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған 

кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік 

істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай 

ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не 

ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек.

Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шару-

асына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ 

болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса 

керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен 

жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай 

ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол 

демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы 

қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық 

орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір 

орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, 

орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен 

азайт!

Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының 

ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де - бір 

антұрғандық. Және әрбір жаман кісінің қылығына 

күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан 

күл, ызалы күлкі - өзі де қайғы. Ондай күлкіге 

үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның 

жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның 

жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат 

көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа 

жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің 

бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-

ау, құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен, 

жүректен келмейді, қолдан жасап, сыртыменен бет-

аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік 

үшін күлетін бояма күлкі.

Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ор-

тада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей

бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді 

ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп 

өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар 

малына сатып алуға таба алмайды.

Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - 

өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз 

қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара 

жер де береді, құр тастамайды.

 

„



қалалық мәдениет үйінде дәл осындай тақырыппен 

б.момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық 

гимназиясындағы  оқушылар үйірмелерінің қорытынды 

концерті болып өтті. Түрлі бағытта жұмыс жасайтын 

мектепішілік бұл үйірмелерде 491 бала қамтылған. 

мұнда оқушылардың танымдық, эстетикалық 

қабілеттерін дамыту, ынтасын жетілдіру, қоғамдық 

белсенділігін арттырып, уақытты тиімді пайдалану 

үшін бар жағдай қарастырылған. 

Талпынған жетер мұратқа  



Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Күмбірлеген  күй,  шарықтаған 

әннен  бастап,  түрлі  аспапта  өнер 

көрсетіп, мың бұрала билеуге құштар 

бүлдіршіндер  «Қазақ  хандығының 

құрылғанына  -  550  жыл»,  «Ұлы 

Жеңістің - 70 жылдығы», «Қазақстан 

ха лқы  асс амблеясының  -  20 

жылдығына» орай өз өнерлерін ортаға 

салды. Сахна шымылдығы Сейдахмет 

Мәдидің жетекшілігімен «Бозінген» 

жас  домбырашылар    ансамбілінің 

орындауындағы  «Еркем-ай»  әнінен 

бастау  алып,  «Келіншек»  күйінің 

күмбіріне  ұласты.  Кеш  барысында 

соғыс ардагерлерінің құрметіне орай 

Тілеухан Жұмахановтың «Дүрбелең за-

ман» қойылымынан үзінді көрсетіліп, 

отты жылдар шежіресінен сыр шертер 

көріністер  балғындардың  шынайы 

талантын  танытты.  Кеште  бұдан 

өзге  «Таңшолпан»,  «Аяла»  би  топ-

тары,  «Әлем»  би  студиясы  және 

көркем  гимнастика  шеберлері  өнер 

көрсетті. Ән-күймен көмкерілген кеш 

соңында гимназия директоры Айша 

Ниязбекова  сөз  алып,  өнер  көгінде 

қанаттанып келе жатқан балғындарға 

шығармашылық табыс тіледі.

ӨӨӨӨӨӨӨ ӨӨӨӨӨӨ ӨӨӨӨӨӨӨӨ   



ТірШіліК

12

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №17 (1252),  22  СӘУІР  2015 ЖЫЛ 



g

 Жалған дүние. қас-қағым сәтте арыстай азаматымнан  ай-

ырылып қаламын деп, үш ұйықтап тұрсам да, түсіме кірмеген 

еді. Жаңбырлы сәуірдің  27-ші түні болатын. 



бақытым да, 

бағым да ӨзІҢ ЕдІҢ... 

  1 мамыр – қазақстан халқы бірлігі күні, 7 мамыр – отан қорғаушылар  және 

 9 мамыр – Ұлы жеңіс күні мерекелеріне арналған 

 мәдени іс-шаралар жоспары

Клара ЖҰМАТҚЫЗЫ                                       

Ке ш к і   а с т ы   і ш і п   б о л ғ а н   с о ң , 

Алматыдағы  балалармен  сөйле сіп, 

қал-жағдайларын  білдік.  Сонан  соң, 

Астанадағы  Қадірбек  пен  Нұрсұлу 

екеуімен  хабарласып  болғаннан  кейін, 

ертеңгі 28-нде болатын алқа отырысы-

на дайындаламын деді. «Бүгін ертерек 

жатайын,  таңертең  ерте  тұрамын  ғой» 

деген-ді.  Бір-бірімізге  «Қайырлы  түн» 

тілеп, демалуға жатқан балаларымның 

әкесінің  қайта  маған  тіл  қатпай  кете 

барады деп, кім ойлаған? Жедел жәрдем 

келгенше қалай өмірін сақтап қаламыз деп, 

жанталасумен  болдық.  Дәрігерлер  келіп, 

алғашқы көмектерін көрсетті. Бірақ, әттеген-

ай!?  Дәрігерлердің  «Жүрек  соғуы  тоқтап 

қалды» дегеніне сенген жоқпын, сенгім де ке

лмеді...                                                                        

   Ардақты да, сүйікті асыл жарым!  

  Өзің жайлы қағаз бетіне түсіру, өзің жайлы 

өткен шақта айту қандай қиын десеңші. Өзіңді 

бұл өмірден өтіп кетті деп айтуға аузым, жазуға 

қолым да бармайды. Білемісің, бәрін  біліп 

сезінсем де, жүрегім мойындағысы келмейді. 

Амал қанша? Жазмыштан озмыш жоқ  екен 

бұл жалғанда. Елім  деп елеңдеп, халқым 

деп қайраттанып, жұртым деп жайраңдап, 

ағайын деп  арсалаңдап, бауырым, құдам, 

досым,  бала-  шағам  деп  қолындағы  ба-

рын алдарына тартып, қолынан келгенше 

көмегін  аямай, көңілдеріне қарап, ешкімді 

ренжітпей, қиналған шақтарында бірге болып, 

қуаныштарын бөлісіп, ешкімді жатсынбай 

жүретін Кенжекем-ай!

Кенжекең  адамгершілігі  мол,  ақкөңіл, 

ақ жарқын, өз еңбегіне адал, терең  білімді, 

кісілігі жоғары, тәрбиелі жан еді. Аузын ашса, 

жүрегі көрінетін адал, ағайынның бірлігін, 

қызметінде әріптестерінің ынтымағын ұстай 

білді. Ұйытқысы болды. Адам тағдырына,  

оның іс-әрекетіне үлкен жүрекпен қарайтын. 

Ағайынға  ақылшы,  досқа    адал,  отбасы-

на  тірек, ортасына үлкен аға, енді біріне 

әкедей бола білді. Өзіне тәлім-тәрбие берген  

ұстаздарын құрметтеп, қадірлей білді. Өзі де 

талай жас мамандарды тәрбиелеп, биік   беле-

стерге қанаттандырды. Үнемі жанашыр болып, 

қал-жағдайларын сұрап отыратын. Өз  ісіне 

тиянақты, тапсырманы бұлжытпай уақытында 

орындайтын, жауапкершілігі де жоғары еді. 

Өзін қоршаған жандарға жанашырлықпен 

қарап, ешкімді бөле жармайтын. Қиналса да 

қиналғанын ешкімге білдіртпейтін. Әр істі 

ақылмен, сабырмен, кейде әзілмен  шешетін. 

Ғұмырымда Кенжекеңмен бірге барлық 

қиыншылықты да, қуанышты да бірге бөлістік. 

Өмірдегі әр жетістігіміз еңбектің арқасында 

келіп еді. Қиыншылығы мен қызығы мол, бірге  

өткізген әр  күніміз бақытқа, сыйластыққа 

толы болатын. Себебі, мен осындай  тамаша 

жанға демеу бола отырып, бірге ғұмыр кештім, 

ұрпақ сүйдім. Дүниеге келген әр перзентіміздің 

орны бөлек деуші еді. Алғашқы перзентіміз 

Серғали шетінеп кеткенде, қасымда жұбатумен  

болатын. «Клара, уайымдамашы. Біз достары-

мызды әлі-ақ қуып жетеміз» дейтін. Ортадағы 

сыйластық пен махабаттың арқасында дүниеге 

екі қыз, екі ұл әкелдік. Тұңғышымыз Жансая 

1991 жылы дүниеге  келгенде, қуанышында 

шек болмады. «Мен «Әке» атандым, мені 

«Әке» атандырған кішкентай балапаным, оны  

дүниеге  алып  келген  өзіңсің деп» перзентха-

надан үйге алып келген күні, мойныма «Алтын  

алқа» әкеліп  салған еді. Кішкентай Жансаяны 

қолына алып: «Менің әкем де дәл 33  жасын-

да  алғашқы перзенті Гүлсім әпкемді көрген 

екен, мен де 33-де алғаш рет әке болдым» деп 

айтқаны әлі есімде. 

Кенжекең  қызметте  жүріп,  адал  да 

қалтқысыз қызметінің арқасында жетістіктері   

молайып, қызмет сатысымен өсуіне  ықпал 

етті.  1993-94  жылдары  облыстық    қаржы  

бөлімінен Кенжекеңе бізге қызметке ауысып 

кел деген ұсыныс келді. Бірақ ол ұсынысты 

қабылдай алмады. Анам мен отбасым ауылда, 

үйде  шаруашылығым бар, облысқа барғанда 

тұратын баспанам да жоқ деді. Уақыт  өтіп 

жатты. Заман талабына сай, қаржы  саласын 

меңгеріп  шыңдала  түсті.  Өйткені,  ол  өз 

кәсібіне адал болатын. Заман көшінен қалмау 

керектігін ұғынды. 1994 жылы Сапарғали, 1996 

жылы Төреғали дүниеге келіп, шаңырағымыз 

шаттыққа толып, үлкен отбасына айналдық. 

Ұл-қыздарды бірге тәрбиелеп өсірдік. Бала-

ларына ардақты да қамқоршы әке бола білді. 

Оларға ешқашан дауыс көтеріп сөйлемейтін. 

Балаларды «Алтыным», «Айым», «Күнім», 

«Жаным»,  «Құлыншақтарым»,  «Жарық 

жұлдыздарым», «Баға жетпес бақыттарым 

менің» деп еркелететін. Балалардың Кла-

ра  дегенге  тілдері  келмей,  «Каля  мама» 

дейтін.  Үйде  балаларға  қонақ  отырғанда 

дастархан басына келе бермеңдер, қонақтар 

кеткен соң, барлықтарың сол дастарханға 

келіп отырасыңдар деп отыратынбыз. Бір 

күні  министрліктен  келген  қонақтарды  

аққудың сыңарындай...    

шығарып салдық. Дастарханға балалардың 

бәрі жайғасып отырды. Далада кірмей  үш  

жастағы Төреғали ұлымыз қалып қойыпты. 

Есіктен кірмей, сырттан айқайлап тұр. «Каля 

мама, үйге кілуге бола ма?» деп. Осы оқиғадан 

кейін, папасы балаларға қосылып, мені «Каля  

мама» деп атайтын болды. Сол жолы бір шат-

танып күлген едік отбасымызбен.1998 жылы 

облыстық қаржы бөлімінің басшысы Болат 

Аманбеков ағамыз тағы да  ұсыныс жасады. 

Кенжекең ол ұсынысты қабыл алып, қалаға 

ауысты...

2002 жылы кішкентай нәрестелі болып, 

дүниеге кенжеміз Аружан атты қызымыз келді. 

Аружанын ерекше еркелететін. Бұл қызымды 

өзім  туғанмын  дейтін.  Аружан  мектепке   

барғанда: «Мен папамның қызымын. Мені 

папам туған» деп жүретін.

Кенжекең қайын жұртына да сыйлы күйеу, 

қадірлі  жезде,  құрметті  бажа  бола    білді. 

Әкемнің үйіне барғанда «Балам жоғары  шық» 

деп, әкем төрге қасына отырғызып алатын. 

Атасының қасына шығып алған соң: «Мен 

атамның баласымын, менен кейінгілер күйеу 

баласындар»  деп,  бажаларымен  әзілдесіп 

отыратын. Қайын жұрттың да қуанышы мен 

қайғысын шын жүрегімен  бөлісе  білді.Ал, өз 

шәкірттеріне деген ағалық, ұстаздық ықыласы 

ұшан-теңіз тұғын. Қалалық қаржы бөлімін 

меңгере отырып, өзінің ұстазы Болат ағаның 

салып  берген  жолымен  Меркі  ауданында 

қаржы бөлімі басшысының орынбасары болып 

қызмет атқаратын Жорабек Баубековті қалаға 

қызметке шақырды. Кенжекеңнің ұсынысын 

қабылдаған соң, Жорабекті қалалық қаржы 

бөлімі басшысының орынбасары етіп қызметке 

алды. Отбасыңмен тұратын баспана тауып 

беремін деп, өзіміздің үш бөлмелі пәтерге 

әкеліп орналастырды. Қаладағы қаржы сала-

сын түсіндіріп, өзі бағыт-бағдар беріп отырды. 

Өзі тәрбиелеген шәкірттері – Жорабек Баубе-

ков, Жақсылық Сапаралиев, Гаухар Олжаба-

ева, Жеңіс Пәрімбеков және Талғат Мұқанов 

барлығын мақтан ете білді. Өз шәкірттерінің 

өскеніне шын ниетімен риза болып жүретін.  

Әріптестерінің, достарының арасында сыйлы, 

қадірлі болды.  Құрмет, беделге ие болды. 

Мемлекеттік қызметте 31 жыл қызмет атқарды. 

Қай қызметте болса да, абыроймен, адал атқара 

білді. Осы еңбектері бағаланып ҚР Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Қазақстан 

Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» 

мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік 

мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен және 

көптеген Құрмет және Мақтау қағаздарымен  

марапатталды. 

Ендігі  тілеріміз,  Алла  алдыңнан 

жарылқасын, жаның жанатта болып, нұрың 

пейіштің төрінде шалқысын! Біз сенің ақыл 

сөздеріңді есте ұстап, жарқын бейнеңді мәңгі 

жүрегімізде сақтаймыз!

№1 Қарттар үйі

25 сәуір  2015 жыл  10.30  Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 

арналған «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығы көркемөнерпаздарының 

концерттік бағдарламасы 



Қалалық мәдениет үйі

24 сәуір 2015 жыл  11.00 Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына орай «Ғасыр сазын 

тербеген Тәттімбет пен Нұрғиса» атты музыкалық кеш

29 сәуір 2015 жыл  16.00  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Тараз жастар 

орталығының ұйымдастыруымен «Майданға тағзым!» атты патриоттық әндер 

байқауы


4 мамыр 2015 жыл

10.00 «Мен Отанды қорғаймын» атты облыстық жастар акциясы



Бокс сарайы

25 сәуір 2015 жыл

12.00 Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған 

жасөспірімдер арасында бокстан халықаралық турнир



Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

5 мамыр 2015 жыл

11.00 «Жамбылдықтар – Ұлы Отан соғысына қатысушылар. Олардың соғыс және 

еңбек жолдары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция

«Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945)» атты кітаптың және 

деректі фильмнің тұсаукесері



ҚР Тұңғыш Президенті саябағы

4  мамыр 2015 жыл

10.00 «Мен Отанды қорғауға дайынмын» атты облыстық акция

4 -10 мамыр 2015 жыл

20.30 Ұлы Отан соғысындағы  Жеңістің 70 жылдығына  арналған кинофильмдер 

көрсетілімі

6 мамыр  2015 жыл

12.00  Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған 

«Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығы көркемөнерпаздарының концерттік 

бағдарламасы



Ы. Сүлейменов ескерткішінен ҚР Тұңғыш Президенті саябағына 

дейін (1 бағыт),

 Ағаділ Сухамбаев ескерткішінен - Қонаев көшесі-Жансүгіров көшесі-

«Жеңіс» саябағы (2 бағыт)

6 мамыр 2015 жыл

11.00 Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Оңтүстік» 

өңірлік әскери қолбасшылығы құрылымдарының қала көшелері бойымен  сапта 

жүріп ән айту шеруі  

Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы

25 сәуір 2015 жыл

10.00 Чернобыль апатында қайтыс болғандардың белгі тасына гүл шоқтарын қою 

рәсімі


6 мамыр 2015 жыл

17.00 Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған 

«Оңтүстік»  өңірлік әскери қолбасшылығы көркемөнерпаздарының концерттік 

бағдарламасы

8 мамыр 2015 жыл

10.00  Ұлы Отан соғысындағы  Жеңістің 70 жылдығына  орай «Авто-мото шеру»



«Баласағұн» орталық концерт залы

30 сәуір 2015 жыл

12.00 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ән-би 

ансамблінің концерттік бағдарламасы

6 мамыр 2015 жыл

11.00 Облыстық Қазақстан  халқы ассамблеясының XVIII сессиясы

7 мамыр  2015 жыл

10.00  Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиналыс, мерекелік концерт

Отан қорғаушылар күніне орай  Астанада өтетін әскери шерудің тікелей көрсетілімі

Қаладағы ескерткіштер

6,7,8,9 мамыр 2015 жыл

9.00-18.00  Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған 

мектеп оқушыларының іс-шарасы, «Естелік вахтасы»

9 мамыр 2015 жыл 

8.30-9.30  Бір  мезгілде  соғыс  ардагерлерінің, көпшіліктің, мекеме ұжымдарының, 

облыстық және қалалық мекемелердің ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі: 

-«Даңқ» обелискісі;

- «Қарасу» мөлтек ауданындағы обелискіге, 

- «Жеңіс» саябағындағы Стеллаға 

- Б.Момышұлы ескерткішіне

- А.Сухамбаев  ескерткішіне

-Ы. Сүлейменов ескерткішіне

- Қант кентіндегі обелискіге 

- Зоя Космодемьянская ескерткішіне

- Тайыр Тастандиев ескерткішіне

- Құмшағал алқабындағы обелискіге

Сүлейменов көшесі - Жамбыл даңғылының қиылысы

6 мамыр 2015 жыл

9.15 «Мәңгілік өлмейтін полк» шеруі

6 мамыр 2015 жыл

10.00 Ы.Сүлейменов ескерткіш-бюстінің салтанатты ашылу рәсімі

Төле би даңғылы

9 мамыр 2015 жыл

9.30 «Мәңгілік алау» мемориалының салтанатты ашылу рәсімі

  

Орталық «Достық» алаңы

1 мамыр 2015 жыл

10.00 Қазақстан  Халқы бірлігі күні мерекесіне орай «Достық композициясы»,  

кәсіпорындар,  облыстық және қалалық мекемелер, оқу орындары ұжымдарының 

салтанатты шеруі, мерекелік концерт

 

1 мамыр 2015 жыл



20.00 Қазақстан  Халқы бірлігі күні мерекесіне орай мерекелік концерттік бағдарлама

7 мамыр 2015 жыл

9.00 Отан қорғаушы күніне арналған қала тұрғындарының қатысуымен велошеру, 

мерекелік концерт

9 мамыр 2015 жыл

10.00 Ұлы Жеңіс мерекесіне  арналған театрландырылған көрініс, «Оңтүстік»  өңірлік 

әскери қолбасшылығына қарасты барлау ротасының қойылымы, Оңтүстік әскери 

өңірінің, ішкі істер департаменті, төтенше жағдай басқармасының, шекара  қызметі,  

әскери кафедраның білімгерлері, мектеп оқушыларының салтанатты шеруі, әскери 

техниканың көрмесі, мерекелік концерттік бағдарлама

9 мамыр 2015  жыл

20.  00  Облыстық  филармония  әншілерінің,  «Оңтүстік»  өңірлік  әскери 

қолбасшылығының концерттік бағдарламасы, мерекелік отшашу

Тұрар Рысқұлов саябағы маңындағы

«Сосновый бор»

9 мамыр 2015 жыл

12.00 Ұлы Жеңіс күніне ардагерлерге, тыл қызметкерлеріне  арналған мерекелік 

дастархан, концерттік бағдарлама  

Не? қайда? қашан?


қҰрақ КӨрПЕ

     13


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №17 (1252),  22 сәуір  2015 Жыл

әпитөк  сағат  тықылы,  жүрек  лүпілі,  тіпті  таң  атып, 

күннің батқанын да сезбеді. Тойға барса да ойға батып, 

өмірінде  көрмеген  алыс  та  жақын,    желіге  жегілген 

жекжат-жұрағаттарын  ойлаумен  болатын.  Кеше  ғана 

мектеп  бітірген  сияқты  еді,  бүгін  жиырманың  екеуіне 

қалай келгенін де байқамапты.

уақыт өте келе жақсының барлығы жерде емес, желіде 

деген ой қалыптастырды. Оған себеп те жоқ емес еді. 

Дүкенші  жігіт  оған  ғашық  екенін  айтқанда  бет-әлпет, 

түр-тұлғасына барлай қараған қыз оның бойынан мін 

таппаса да, өміріне  сын тақты: екеуінің ортақ достарын 

желіден іздестіре бастады. Желіде желікпей, твиттерде 

тіркелмей, агентте әңгіме айтпай қалай ғұмыр кешуге 

болатынын түсінбеген ол жігітті желіде жеке кездесуге, 

өз әлеміне шақырды. алайда жас жігіт желісіз-ақ жел 

тұрып, твиттерсіз-ақ таң атқанын, сезімді компьютердің 

тақтайшасындағы тықылдан емес, жүрегінің дүрсілінен 

сезгісі келетінін жеткізді. әпитөк  поштада хат алысып, 

сурет салыспай жатып, адамдармен қалай араласуға бо-

латынын ұға алмай-ақ қойды. сөйтіп, екеуі екі жаққа кетті. 

Кейін кездескен жігіттердің бірі ақ туфлимен қара шұлық 

кигені үшін жазықты болса, екіншісі джинсы кимейтіні 

үшін  кінәланды.  бірі  шымқай  қара,  бірі  шикі  сары, 

енді  бірі  тым  қысқа  бойлы  болғаны  үшін  кездесулері 

ұзаққа бармады. әпитөк сөйтіп жүріп өзінен кейінгі бес 

сіңлісінің  үйлену  тойына  қатысты.  Күйеу  балаларын 

көргеннен  сықылықтай  күліп,  сіңлілерінің  таңдауына 

тұз құятын. бір күйеу баласын маймылдың баласына 

ұқсатса, екіншісін торай деп тұқыртты. Үшіншісін танауы 

делдиген сусиырға баласа, одан кейінгілерінің бірі негр, 

бірі ауылбай атанды. сөйтіп жүріп өзінің қалай отыздан 

асып  кеткенін де байқамады.

әдеттегідей  өмірдегі  шынайы  кездесулерден  жолы 

болмайтынына  сенген  қыз,  енді  өз  бағын  тек  қана 

желіден жүздестіретініне кәміл сенді. сенімі де алдаған 

жоқ.  Көп  күттірмеді  де.  агентте  супер  бойдақ  деген 

лақап атпен тіркелген күн келбетті, ай жүзді сымбатты 

серімен сөз байласты.сөйтіп, қырыққа таяған қос сүр 

бойдақ бір-бірінің суреттегі жансыз бейнесіне өлердей 

ғашық болып, той күнін белгіледі. Олар бір-бірін құлай 

сүйгені  соншалық  -  көруге  міндетті  емес  деп  шешті. 

себебі,  олар  желіде  желдей  есіп,  құйындай  жүйткіп 

жүріп-ақ, бір-бірінің суреттерін көріп, қиялындағы жан-

дарын  кезіктіргендей күй кешті. бүгін әпитөк өзі  үшін 

терлеп-тепшіген сұлулық салондарына алғысын айтып, 

өзінің желідегі әлеміне салу үшін суретке түсіп, сансыз 

селфи  жасады.  сан  сынаққа  алынып,  сан  рет  күлкіге 

ұшыраған  күйеу  балалары  бажасын,  сіңлілері  үлкен 

жездесін көруге асықты. сыртқы есік айқара ашылып, 

құдалар да ішке енді. Танауы делиіп, қап-қара күс-күс 

қолдарымен  алқызыл  раушан  гүлін  құшақтай  ұстап, 

торайдай  толықсыған  әбенін  көргенде  әпитөк  талып 

қалды. себебі ол суреттен сымдай тартылған, сымбат-

ты әртіс жігітті көріп жүргенін білген жоқ еді... әпитөк 

есін  жиғанда  өзінің  қатары  әлдеқашан  жанұя  құрып, 

әлдеқашан бала сүйіп қойғандары есіне түсті. бұл маған 

кездескен жігіттердің соңғы тұяғы болуы мүмкін, деген 

оймен бетіне су шашып, төніп отырған әбеннің мойнына 

еріксіз асыла кетті. әбен әпитөкке ұнау үшін өзінің шы-

найы бейнесін жасырып, әртістің суретін қойып, есімін 

жасаған  жалған  амалдарының  оң  шешім  тапқанына 

риза кейіппен келіншегінің бетінен шөп еткізді де «супер 

бойдақтардың соңғы селфиі» деп суретке түсіріп жіберді 

де, желіге желімдей салды.

Супер бойдақтардың 

      соңғы селфиі

бақыт Шәрәпи

Жарқыраған  қалалардың  бірінде  елдің 

назарын өзіне ерекше аударған дүкен ашы-

лыпты. маңдайшасына былай деп жазылған:

«бұл дүкенге әрбір әйел адам өмірінде бір-

ақ рет кіреді. Дүкен алты қабаттан тұрады. 

Кез келген қабаттан күйеу таңдап алуыңызға  

болады.  Жоғарғы  қабаттарға  шыққан  соң, 

қайтадан төменгі қабатқа түсіп таңдау еркінен 

айрыласыз»

Дүкеннің  мынадай  жарнамасына  еліккен 

бойжеткен  «биссмиллә»  деп  дүкеннің 

босағасынан аттайды.

бойжеткен  1-қабаттағы  кіреберіс  есіктен: 

«жұмысы  бар  жақсы  еркек»  деген  жазу-

ды  оқып,  сәл  аялдайды  да,  нәпсісі  қозып 

2-қабатқа  өрлейді.  2-қабаттағы  кіреберісте 

«қызмет  орны  бар,  балаға  бауырмал  ер-

кек» деген жазуды оқиды. мүмкін бұдан да 

жақсысы бар шығар деп бойжеткен 3-қабатқа 

көтеріледі. 3-қабаттың кіреберісінде: «мұнда 

жұмыс орны бар, балаға бауырмал, келбетті 

азамат»  деген  жазуды  оқиды.  Тұла  бойы 

толқып,  алқынған  қыз,  үшінші  қабаттың 

жақтауына  сүйеніп  тұрып,  асқан  ынтықпен 

4-қабатқа қарайды. сөйтіп, оған да көтеріледі. 

Дүкеннің 4-қабатының кіреберісінде «тұрақты 

жұмысы бар, балаға бауырмал, келбетті, үй 

шаруасына да икемді, пысық, жігерлі жігіт» 

деп жазылыпты.

қабаттан қабатқа көтерілген сайын нәпсісі 

ойнап, басы айналып келе жатқан қыз «не 

болса  да  осы  жігітті  көрейін»  деп  өз-өзіне 

келіп,  сәл  тосылады  да,    5-қабатқа  зор 

үмітпен  тағы  қарайды.  бір-бір  басып  оған 

да  көтеріледі.  бұл  қабаттың  кіреберісіне: 

«жұмыс орны бар, балаға бауырмал, мықты, 

жігерлі, ердің ері, әйелге мейірбан, иманды 

азамат»  деп  бадырайтып  тұрып  жазыпты. 

қыздың тізесі дірілдеп, «осыған тоқтасам ба 

екен?» деп, бір күліп, бір жымиып әлсін-әлсін 

күрсініп көп тұрады. бір мезетте сайтан нәпсі: 

«жоғарылаған  сайын  жігіттің  де  кереметін 

кезіктіріп келесің, тәуекел, соңына дейін көр!» 

деп сыбыр еткендей болады.

сонымен арманның асау толқыны тербеген 

бойжеткен соңғы қабаттың баспалдағына еп-

теп аяқ салады. Өрлеп келеді, өрлеп келеді… 

үміт  пен  үрей  сапырылысқан  дүлей  сезім, 

ұйтқып  соққан  борандай  жүрегін  аузына 

әкеледі.  бұл – соңғы қабат. Одан ары таңдау 

да жоқ, астыңғы қабаттарға оралу тағы  жоқ.

ақ маңдайы жарқ етіп 6-қабатқа көтерілген 

қыз  кіреберістегі  жазуды  оқып,  сілейіп 

тұрып қалады. алдындағы тақтада «сіз бұл 

дүкеннің  424519-ші  клиентісіз.  бұл  жерде 

төменгі қабаттағы азаматтардан артық аза-

мат  таба  алмай  отырмыз,  табылып  жатса 

әкелеміз. Келгеніңізге алғыс айтамыз!» деген 

жазу тұр.

Нәпсіге  бой  ұрып  алданған  қыз  сылқ 

етіп  сол  жерде  отырған  да  қалған.  сөйтіп, 

«Отырған  қыз»,  «Кәрі  қыз»  атанып  шыға 

келген.  қысқасы  қыздар  керемет  жігітті 

қалайды.  бірақ  «тең-теңімен»  дейді  қазақ. 

Немесе  «екі  жарты  –  бір  бүтін»  дегендей, 

әркімнің өзіне лайық жартысы бар. Олай бол-

са, өз қатарларыңдағы, өз ауылдарыңдағы, 

тіпті  өз  маңайларыңда  жүрген  жібі  түзу, 

ес-ақылы  дұрыс  жігіттерге  тұрмысқа  шыға 

берсеңіздерші! әлі-ақ, құдай қаласа, ұрпақ 

өсіріп,    еріңіздің  қадырын  танып,  отыз 

ұлымнан  осырақ  шалым  артық  деп  отыра-

сыздар!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет