Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Қордай ауданы, Соғанды ауылында дүниеге кел-
ген Назарқұл ата бір құрсақтан тараған үш ұлдың
кенжесі. Сұрапыл басталған сәтте ол небәрі 17
жасар бозбала еді. Алдындағы екі ағасы майданға
аттанады. Кейін кенжесі Назарқұлды да соғысқа
шығарып саларда анасы Әлтай бір қап тәтті
тоқаш пісіріп береді. Ана жүрегіндегі мейірімінің
табы бар тәтті тоқаштың дәмі қарт жауынгердің
таңдайында мәңгілік қалып қойған. Ол сол бір әр
шаңыраққа қара бұлт үйіріп, әр отбасын ботасынан
айырып, боздатып кеткен жылдарда қалып кеткен
жастығын, анасының алақанын, қос ағасының
айналайынын әлі сағынады. Отты жылдардың жа-
расы жауынгерлердің жүрегінен мәңгілік жазыла
қоймасы анық. Соның айғағындай болып Жеңістің
70 жылдығын қарсы алып отырған атайдың жана-
рына жас іркілді.
- Соғыста 110 дивизия, 91 полкында минометші
болдым. Менің есімнен кетпейтін сұрапыл Шығыс
Пруссиядағы Кенигсбергтегі шайқас. «Алға,
Алға!» деген бұйрықты естігеннен қарша бораған
оққа қарсы ұмтыламыз. Зулаған оқтан біреудің
басы жұлынды. Бірінің қолы, бірінің аяғы. Кейде
маған «Қанша фашист өлтірдіңіз?» деген сұрақты
қояды. Қайдан білеміз кімнің оғынан, қанша
жаудың қаза тапқанын! Бар білеріміз «Алға!»
сөзін естігеннен алға ұмтылу ғана. Құдай сақтады,
ажалы жоқ деген сол, зулаған оқтың арасында
жүріп аман қалдық. Басыма оқ тиген, ішімде
гранатаның жарықшақтары әлі күнге дейін бар.
Міне, соғыс салған таңба!,- деп Назарқұл атай
басының оқ тиген ойық жерін көрсетті. Соғыс
жылдары Кенигсбергтегі ұрыста Совет солдаттары
жау әскерінің қоршауында қалады. Оң жағында ор-
ман, сол жағында бидай жайқалып тұрған алқапта
орыс ұлтының солдаты Завяловпен Назарқұл
орманға жасырынып үлгереді. Күнімен орманда
жасырынған екеу, түнге қарай егін алқабына
еңбектеп келіп, егістіктен бидай үзіп жеген. Шөл
қысқанда иістенген шалшық суды ішіпті.Сөйтіп,
жеті күнге дейін көзге түспей, жан сақтаған.
Жетінші күні жау әскері жасырынған екеуді
байқап, оқ жаудырғанда Завялов: «Назарқұл,беги.
Ты должен остатся живым!» деп өзі жау қолынан
жараланып, ұсталып қала береді. Ал қазақтың қара
баласы жаудан аман-есен құтылып, өз әскерінің
қатарына қайта қосылған. Кейін немістердің бір
қаласын Совет әскері басып алғанда, үй аралап
жүріп немістердің шілтері төсенішіне атайдың
көзі түседі. Посылка-сый ретінде елдегі анасы-
на сол шілтеріні салып жібереді. Ал енді тағы
бір неміс деревнясында бір үйдің есігін ашып,
мылтық кезеніп кіріп барғанда, бұрышта жан
сауғалап құшақтасып, шырылдап тұрған екі жас
баланы көреді де, Назарқұл ата аяныштан егіліп
балалармен қосыла жылапты. Сондағы әр тамшы
қазақтың қара баласының сұрапыл соғысқа айтқан
лағынеті еді...
«Менің алдымда майданға аттанған қос ағамның
бірі атты әскерде жүріп қаза тауыпты. Екіншісі
хабар-ошарсыз кетті. Біздің Совет армиясы жеңіске
жеткен соң, елге оралдым. Ағаларымнан да, менен
де үйге қара қағаз келіпті. Бірақ әкем түс көреді.
Түсінде қолына үш қарға қонып, оның екеуі ұшып
кетеді де, біреуі алақанында қалып қояды. Сол үш
қарғаның бірі қолда ұшпай қалғаны «кенже ұлым,
Назарқұлым» деп жорыған анам, менің өлгеніме
сенбей қара қағазды жыртып, отқа тастапты.
Бүгінде бір ұл, бір қызымнан алты немере, он бір
шөбере, екі немене көріп отырмын» - дейді қария.
биылғы жыл айшықты оқиғаларымен тарих бетінен орын алатын
өте ерекше жыл болып отыр. соның бірі - Ұлы Жеңіске 70 жыл.
менің бүгінгі айтайын дегенім мұз жастанып, қар жамылып соғыстың
басынан соңына дейін ел қорғауға қатысқан және өзім мақтаныш
тұтатын әкем Есберген Үсіпбайұлы мен еңбек майданына аянбай
өз үлесін қосып, биылғы жылы тоқсанға толғалы отырған анам
Шәрімкүл алашбайқызы туралы болмақ.
әкемді мақтан етемін
Мадина ҮСІПБАЕВА,
ТарМУ «Ақпараттық жүйелер»
кафедрасының аға оқытушысы
Әкем Есберген Үсіпбайұлы 1924 жылы
Байзақ ауданының қазіргі Шахан ауылында
дүниеге келген. Ол кісінің әкесі Үсіпбай ата-
мыз да 1932 жылы халық жауы деген жаламен
өмірі ерте қиылған екен. Апамыз Әйкүл екі
қыз, бір ұлын жеткізем деп жанын салған
жан еді. Сонымен әкем Есберген 17 жасқа
толғанда сұрапыл соғыс басталады да әскерге
алынады, себебі ол кісі комсомолға өту үшін
бір жас қосып, 1923 жылғы болып жазылған
екен. Сол кезде комсомолға өту де «сән»
болғанға ұқсайды. Әкем 1994 жылы бақилық
болған, қазір ойлап отырсам, қандай жерлер-
де болғандығы, қалай соғысқандығы туралы
ешуақытта дұрыстап сұрамағандығым үшін
өкінемін. Білетінім 1942 жылы қолынан жарала-
нып, алты ай әскери госпитальда жатып,
ауылға
келгендігі еді. Ауылда ем-дом қабылдап, 1943
жылы жаз айында қайта комиссиядан өткенде
әскерге жарамды болып, екінші рет соғысқа
аттаныпты. Ауылда жүргенде әкем жалғыз
ұл болғандықтан, ауыл-аймақ жиналып анам
Шәрімкүлге үйлендіріпті. Анасының қасына
келіншегін қалдырып қайтадан майданға
аттанады. Сол кеткеннен мол кетіп, Жеңіс
күнін Германияда қарсы алады. Жеңіс жалауы
желбірегеннен кейін де Польша, Фин жерлерін
неміс басқыншыларынан тазартуға қатысып,
тек аудандық военком шақыруымен ғана елге
оралған. Себебі оны әскери оқуға жібермекші
болып дайындаған екен. Өз ісіне жауапкершілігі
мол, адал, ақжүрек кісі еді. Соғыстан келген
соң, Шымкенттегі ауылшаруашылық тех-
никумын агрономия мамандығы бойынша
бітіріп, кейіннен Алматыдағы Жоғары Партия
мектебінде оқып, өз ауылының экономикасын
көтеруге аянбай атсалысқан еді. Еңбек десе
ішкен асын ұмытып, таңның атысы, күннің
батысы жұмыс алаңында өмірін өткізген
елгезек жан болды. Алла берген өмірі аса
ұзақ болмады, бірақ көзі тірісінде балаларын
оқытып, үйлендіріп үлгерді. Шынымды айт-
сам, біз өткен әңгімелерді жай ғана естиміз де,
көптеген мәселерге көңіл бөлмейді екенбіз. Осы
мақаланы жазар алдында анам Шәрімкүлмен
біраз сұхбаттастым. Соғыс кезінде ауылда
қалған шал-кемпір, қатын-қалаш, бала-шағалар
түгелдей еңбек майданында жүрген. Жеті
жасар балалар да орақ орып, масақ теріп күн
кешкен. Техника да дамымаған кезең емес пе,
ат соқамен жер жыртып, арпа, бидай, жүгері,
қызылша еккен, бәрін де қолмен өңдеген, қол
орақпен орған, қолмен жинаған, ат арбамен
Жамбыл қаласындағы ақ диірменге бидай, қант
зауытына қызылша тасыған. Таңның атысы,
күннің батысына дейін тынбай егістікте жұмыс
істеген, тіпті түннің ортасы, таң атқанға дейін
әскердегі азаматтарға шұлық, жемпір тоқып
майданға жіберіп отырыпты.
- Жеңіске жеткенімізге мың тәуба. Сол
күндерде айлық деген болмаған, оны ешкім
сұрамаған да, нан жоқ, кешке қарай бір уыс би-
дайды қол диірменге тартып, быламық ішеміз.
Күзде қызылша піскенде шоққа көміп кетіп,
ертесіне тамақ ететін едік. Сол жылдары қазіргі
Шахан ауылында 20 шақты азамат әскерге
алынды. Соның төрт-бесеуі ғана оралды, - деп
еске алады анам. Ата-анамыз тоғыз ұл мен қыз
тәрбиелеп өсірді, оқытты, үйлендірді. Анам
бүгінде кіндігінен тараған ұрпағынан 30 не-
мере, 14 шөбере көріп, солардың тілеуін тілеп,
тоқсанның торқасына шығып отыр.
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
2015 жылды Президенттің қазақстан халқы
ассамблеясының жылы деп жариялауында
үлкен мән бар. мұны еліміздегі ұлтаралық
тат улық пен бірлік ті, достық пен
ынтымақтастықты бұрынғыдан гөрі тереңдете
түсудің қадамы бағалауға әбден болады.
Татулықты ту етіп, қазақстанда күн кешіп
жатқан әр ұлттың мәдениетін танып білу
мақсатында «ақпараттық технологиялар,
автоматика және телекоммуникация »
факультеті мен «Достық» жастар ұйымы
ұйымдастырған шараға әр факультет әр
ұлыстың мәдентиеті мен төл өнерін көрсетуге
міндеттелді. студент жастарды өзге
ұлттардың дәстүрін, мәдениетін және тілін
құрметтеуге шақырумен қатар ұлтаралық
достықты, ауызбіршілікке тәрбиелеу және
жастар арасындағы бірлікті нығайтуды негізге
алған фестивальде сөз алған м.Х.Дулати
атындағы Тарму-дың бірінші проректоры
асқар абдуалы еліміздің басты байлығы
бірлік пен ынтымақтың берік орнауы дей келе
қазақстанның басты факторы –көпұлттылығы
екендігін баса айтты. Үш кезеңнен тұрған
байқауға облысымызға белгілі мәдениет
саласының білгірлері төрелік етті. әр ұлтты
бөліп алған факультеттер бірінші кезеңде
өздеріне тиесілі ұлттың ұлттық киімін таныс-
тырса, екінші бөлімде ұлттық өнерін әсем
әндері және ұлттық болмысын көрсететін
билері арқылы сынаққа түсті. қорытынды
үшінші бөлімде ұлттық салт-дәстүрлер мен
ғұрыптардан үзінді көрсетті. байқаудың
қорытындысында жүлделі үшінші орынды
тәжік ұлтын иемденген «ақпараттық тех-
нологиялар», екінші орынды татар ұлтын
әспеттеген «су шаруашылығы және эколо-
гия», бірінші орында орыс ұлтын оңтайлы
таныстыра білген «ақпараттық техноло-
гиялар, автоматика және телекоммуника-
ция» факультеттері қанжығаларына басты.
Ұйымдастырушылар тарапынан қатысушы
командаларға арнайы дипломдар мен
бағалы сыйлықтар табыс етілді.
әсерлі естеліктер
көңіл толқытты
Абай атындағы орталық кітапханада Ұлы Жеңістің
70 жылдығына орай оқырмандар арасында «Ұлы
Жеңіске тағзым!» атты кездесу кеші өтті.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
бүгінгі ұрпаққа берері мол бұл кешке бейбіт өмірі үшін қан майданға
аттанған жауынгер Ұлы Отан соғысының ардагері Назарқұл Елеме-
сов және тыл ардагері Шербек сайлаубек қатысты. қарт жауынгер
Назарқұл қария өз сөзінде соғыс салған жараның жүректе жазылмас
дерті қалғанын айта келіп, жанарына жас алды. қан майданда көрген
қияндықтары, ондағы қиян кескі ұрыс жайында бөлісті. Шербек
ақсақал да 1941 мен 1945 жылдары төгілген тер, яғни тылдағы еңбек
туралы әсерлі әңгіме өрбітті. іс-шара барысында кітапханашылар
қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы
қажырлы да табанды еңбектері туралы деректерге кеңінен тоқталды.
соғыс жайында сондай-ақ, батыр бауыржан момышұлының
қатысуымен түсірілген түрлі бейнефильмдер көрсетілді. Кітапхананың
тұрақты оқырманы аружан Өсер қаһарман атамыз бауыржан тура-
лы монолог оқыды. қазақтың қос шынары, батыр қыздар әлия мен
мәншүктің ерлігі туралы да сөз қозғалып, №46 орта мектебінің 8 сы-
нып оқушысы сара бегалы «әлия» әнін нақышына келтіріп орындады.
бәрінен де жас балғындардың соғыс өрті шарпыған жылдар жайлы
қойған көрінісі, әсіресе, айкен баймұратованың «Жауынгер әкеге
хат» жолдаған қыздың рөлін сомдап, егіліп жылап, қан майдандағы
жауынгер әкесіне амандық тілегені көпшіліктің жүрегіне мұң ұялатты.
Кітапханашылар ақерке мамашариева мен Гүлнұр советова Жеңіс
мерекесіне арналған «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты кітап
көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Кеш соңында қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар
жүйесінің директоры роза алибекова ардагерлерге ұзақ ғұмыр тілеп,
сый-сияпат көрсетті.
Л.НҰРХАНОВА,
Ж.КЕРИМБАЕВА,
№37 орта мектеп
мұғалімдері
Ж и ы н а л д ы м е н
б е й б і т ө м і р г е ж е т е
алмаған, ерлікпен қаза
тапқан ағаларымыз бен
апаларымыздың рухына бас
иіп, бір минут үнсіздікпен
еске алудан басталды. мек-
теп оқушылары Жеңістің
оңайлықпен келмегенін,
қаншама бала жетім
қалып, қаншама қыршын
боздақтарымыз Отан үшін
өмірін қиғанын көріністе
айқын көрсете білді. Ұлы
Отан соғысының алғашқы
ж ы л д а р ы м а й д а н ғ а
аттанған жерлесіміз ы.
сүлейменовтің ерлігі
бізге мақтаныш. қырғын
ш а й қ а с та рд а м е р ге н
көптеген фашистердің
көзін жойып, ерлікпен
қаза тапты. 10 сынып
оқушысы м.базарбеков
ы.сүлейменовке арнаған
«батырға тағзым!» атты
авторлық өлеңін оқыды.
сондай-ақ, жиында Жеңіс
тақырыбындағы, соғыс
жылдары туындаған әндер
шырқалды.
достықтың дархан пейілі
м.Х.Дулати атындағы Тарму-де қазақстан Халқы
ассамблеясының 20 жылдығына орай, «Тарму-ым – ортақ үйім»
атты ұлтаралық фестивалі өтті.
Ерлік ұмытылмайды
Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта
мектебінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына
орай «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!»
тақырыбында фестиваль өтті.
мұғалім
ұлы істерді
атқарады
Қазіргі ғылыми-техникалық
өрлеу ғасырында жоғарғы
деңгейде сапалы білім
беру мәселесі - ең негізгі
мәселелердің бірі. Бұл бағытта
балаларға жоғары деңгейде
білім беретін, еңбекке баулитын,
талабын оятып, қозғау салатын
орын - мектеп.
Айнұр ҚЫСТАУБАЕВА,
«Парасат» колледжі, «Педагогика
және психология» кафедрасының
оқытушысы
бүгінгі өркениетті қоғамда білім беру
жүйесінің ең басты мәселесі – білім
сапасының деңгейін халықаралық
д ә р еж е ге к ө те ру. б ұ л т ур а л ы
Президентіміз Н.ә.Назарбаев «Егеменді
елдің, келер ұрпақтың болашағы,
келешегі білімде жатыр, ол үшін білімді,
білікті ұстаздар керек...» деп ұстаздарға
үлкен жауапкершілік артты. сапалы
білімді азаматтар тәрбиелеу ұстаздар
үлесінде. сондықтан да ұстаз білігі,
беделі қоғамның назарында. сапалы
білім – қоғамды тұрақтандыратын,
рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты
ұрпаққа сабақтастыратын құрал.
Осындай міндетті алға қоя отырып
сапалы білім мен саналы тәрбие
жолында еңбек етіп келе жатқан
қаламыздағы іргелі оқу орындарының
бірі - Тараз «Парасат» колледжі. Жу-
ырда «Педагогика және психология»
кафедрасының оқытушыларымен
«бастауыш білім беру» мамандығының
б і т і ру ш і т ү л е к те р і ме н б і рл е с е
ұйымдастыруымен «мұғалім ісі сырттай
қарапайым болғанымен - тарихтағы ең
ұлы істің бірі» тақырыбында қалалық
дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің мамандары, Жамбыл
облысы, Тараз қаласы әкімдігінің
халықты жұмыспен қамту орталығы
мамандары, № 48 орта мектептің
директордың оқу ісі жөніндегі орын-
басары Гүлзада балабекова және
оқытушылар қатысты. Дөңгелек үстел
барысында «мұғалім мамандығының
ерекшелігі» тақырыбында баяндама
оқылып, қызығы мен қиыншылығы
мол, жауапкершілігі зор ұстаздық
қызметтің қыр-сыры туралы түлектер
мен қонақтар өзара ой бөлісті. бұлақ
көрсе, көзін ашып, бала жанының
бағбанына айналған ұлағатты жандар
турасында айтқанымды қуаттай түсу
үшін көреген ойлы батыр бабамыз
бауыржан момышұлының мына бір
сөзін тіліме тиек етпекпін : «Ұстаздық –
ұлы құрмет. себебі, ұрпақтарды ұстаз
тәрбиелейді. болашақтың басшысын
да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор
егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді...
Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай
ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін
ұстаздарды да сондай ардақтауға
міндеттіміз”. бұл – бұлтартпас ақиқат.
қазақта «бір кісі құдық қазса, мың кісі су
ішеді» деген қанатты сөз және бар. Жер
бетіндегі барша мамандық иелерін білім
нәрімен сусындатып, зейінін ашатын,
сан салалы ғылым сырын ұқтыратын
бірден-бір мамандық иесі ұстаз екеніне
ешкім дауласа қоймас! «бала жүрегі-
кішкентай күй сандық. сол сандықтың
кілтін тапсаң ғана ашылады. мұғалімнің
қолында әр кезде сол кілт тұру керек»
- деп, м. Шаханов ағамыз айтқандай,
әр баланың жүрегіне жол табу, бала
бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең
басты міндеті деп ойлаймын.
заман талабына сай мақсатта
ұ й ы м д а с т ы р ы л ғ а н о с ы н д а й
басқосулардың болашақ жастардың
өз мамандығының қадірін түсінуге
зор мүмкіндік ашатындығына біздің
сеніміміз мол.
7
// «Жамбыл - Тараз» // №17 (1252), 22 сәуір 2015 Жыл
салық төлеу - мәжбүрлік емес, міндет суретті түсірген Владимир алсуфьев.
әлЕумЕТ
салықтан Жалтарғандар
Жазаланады
қалалықтарға да қаржы бар
Тараз қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасында облыс аумағындағы БАҚ өкілдеріне арнайы
баспасөз-мәслихаты өтті.
Ауылдағы ағайын мал шаруашылығы мен егін шаруасын жандандыруға әр түрлі жеңілдіктермен несиелер алып
жатады. Ал қалалықтарға қандай жеңілдіктер бар?..
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
анығын айтқанда, елімізде ауылшаруашылық жағдайы
сонау Ұлы Отан соғысы жылдарына да төтеп берген ел
дамуындағы тарихи фактор. Тіптен, қала тіршілігіне о
бастан ден қойған сонау ақШ, Еуропа елдері де бүгінгі
таңда ауылшаруашылық кәсібіне ерекше көңіл аударып,
билік тарапынан қолдау білдіріп отыр. Елімізде Тәуелсіздік
алған соң, аграрлық салаға көп көңіл бөліне бастады. ауыл
шаруашылығын дамыту мақсатында Ұлт көшбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен «аграрлық несие
корпорациясы» ақ құрылып, аудан, аймақтарда аталмыш
корпорация аясында несие серіктестері жұмыс жасай ба-
стады. бүгінгі таңда «мал өсіремін», «егін егемін» дейтін
кез келген ауыл тұрғынына мүмкіндіктер мол. ал, біздің
айтайын дегеніміз, қала тұрғындарының тіршілік жағдайы.
уақытпен жарысқан қала өмірі ешкімге қарап жатқан жоқ.
қас қағым сәтте өзгеріс. Жаңару, өрістеу, тәуекел...
соңғы уақыттарда ауыл адамдарына қарағанда
қаладағыларды жұмыссыздық дендеп бара жатқандай.
Дегенмен, қазақ атамыздың «екі қолға – бір күрек»
дегені бекер айтылмаған. әрқашан, таразы басын тең
ұстап, талапты төрден қоя білетін мемлекет билігі қала
тұрғындарын да назардан тыс қалдырмаған. қазіргі таңда
жүзеге асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалар
да бар.
– қаладағы кез келген тұрғын «бизнестің жол картасы
- 2020» бағдарламасы арқылы шағын және орта немесе
жеке кәсіп, шаруа қожалықтар мен ЖШс ашып жұмыс
жасай алады. мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау
бар. мәселен, кәсібі бір жылдан аспаған азаматқа өз
жұмысын дөңгелетіп әкету үшін 10 млн. теңге қажет бол-
ды дейік. Ол үшін 3 млн. теңге «Даму» қорына кепілдікке
қояды. ары қарай 70 пайыз оған «Даму» қоры кепіл
болады. Осылайша ол азамат көздеген 10 млн. теңгеге
қол жеткізіп, кәсібін әрмен қарай дамыта алады. сондай-
ақ, кез келген банктен 14 пайыздық үстемемен несие
алатын болса, оның 7 пайызын «Даму» қоры субсиди-
ялайды. Осындай несиелік жеңілдіктермен қазіргі таңда
өңірде 280-ге жуық кәсіпкерлер жұмыс жасауда,- дейді
«Даму» қорының қызметкері, мемлекеттік бағдарламалар
бойынша кеңесшісі Еркебұлан райымбеков. бұған
қоса, «қазагро» ұлттық басқарушы холдингінің соңғы
мәліметіне сәйкес, ауыл тұрғындарына демеу болуға
бағытталған «Кәсіпкер» бағдарламасының шарттарына
өзгерістер енгізіліп, бағдарлама аясында енді тек ауыл
тұрғындары емес, шағын қала тұрғындары да несие
ала алатын болды. «аймақтық және жергілікті қалалық
жүйеде дамып келетін шағын қалалар үшін экономиканың
жаһандануы мен ақпараттық-технологиялық өзгерістер
кезінде қазақстанның индустриалды-инновациялық
дамуға бет бұруы олар үшін жаңа мақсаттарды жүктейді.
сондықтан «ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау
қоры» ақ шағын қалаларды дамыту жолында халыққа
тиімді бағдарламалар ұсынып отыр. бұл дегеніміз - ниет
білдірген адамға мүмкіндік мол деген сөз. Жаңа заманның
адамына жұмыссыздық деген мүлдем жат ұғым болуы
тиіс. адамзат баласы өзінің адами болмысына еңбек
арқылы жеткені ақиқат. Өзімен қоса осынау алпауыт
қоғамды да құра білді. Елді еңбекке тарту мақсатында
жер-жерде, оның ішінде облысымыздағы кәсіпкерлер
палатасы жұмыс жасауда. «Даму» қоры әрдайым қол
ұшын созуға әзір. Ендеше, іске сәт жерлес!
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап
қазақстан республикасының салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы Кодекске бірқатар
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
болатын. қазіргі таңда мемлекеттік
кірістер органдары кәсіпкерлік саласы
мен салық төлеушілерге жасалып отырған
жеңілдіктер және басқа да қызметтер
бойынша жаңа талаптармен жұмыс
жасауда. Осы және ағымдағы жылдың
1 тоқсанында атқарылған жұмыстар
туралы Тараз қалалық мемлекеттік
кірістер басқармасының басшысы Ерлібек
зикеев облыс аумағындағы бақ өкілдеріне
арнайы баспасөз-мәслихатында баяндап
берді. мәселен, ағымдағы жылдың 1
тоқсанына қалалық бюджеттің кірісіне
болжам сомасы 1772,2 млн. теңге болса,
нақты түскені 1920,9 млн. теңгені құрап,
орындалуы -108,4 пайызды көрсеткен.
2014 жылдың 1 тоқсанының түсімімен
салыстырғанда қалалық бюджетке
түсімдердің өсу қарқыны 135,6 пайыз
немесе 504,7 млн. теңгеге артық түскен.
«сондай-ақ салықтар мен төлемдердің
уақтылы және толық бюджетке түсуін
қамтамасыз ету мақсатында салықтарды
әкімшіліктендіру, салық есептілігіне
үнемі камералық бақылау жасау,
уәкілетті органдардың мәліметтеріне
сараптама жасау, салық заңдылықтары
талаптарының орындалуына түсіндірме
жұмыстарын жүргізу, мекемелердің
қаржы экономикалық көрсеткіштеріне
талдау жұмыстары жүргізілуде» деп
атап өткен Ерлібек зикеев берешектерді
де атап кетті.
2015 жылдың 1 сәуіріне дейін Тараз
қаласы бойынша салық және басқа
да міндетті төлемдердің берешек
сомасы 1 млн. 625 мың 400 теңгені
құраған болса, осы жылдың қаңтар
айында бұл сома 840 мың 700 теңге
болған. Яғни, берешек соманы анықтау
жұмыстарының арқасында жыл басы-
мен салыстырғанда 784,7 млн. теңгеге
көбейді. мерзімінде салық міндеттерін
орындамағаны үшін жыл басынан ба-
стап қр салық Кодексінің 279 бабы бой-
ынша 97 салық төлеушіге 1 млн. теңге
айыппұл салынып, олардан 500 мың
теңге өндірілген. 288 бап бойынша 28
салық төлеушіге 500 мың теңге айыппұл
салынып, толығымен өндірілген болса,
91 бап бойынша 61 салық төлеушіге
200 мың теңге айыппұл салынып
өндірілген. сонымен қатар, жолаушы-
ларды тасымалдаумен айналысатын
салық төлеушілерге сараптама жасау
нәтижесінде бірқатар олқылықтардың
барына көз жеткізген. Орналасқан жері
бойынша, Тараз қаласы мемлекеттік
кірістер басқармасында тіркелген,
жолаушыларды тасымалдаумен ай-
налысатын 19 салық төлеушіні са-
раптау кезінде салықтан жалтару
және таза пайдасын жасыру фактілері
анықталған. Жалтару әрекеттері жо-
лаушыларды тасымалдау мекемесі,
қажетті мөлшерде автокөлігі және
жүргізушісі болмаса да конкурс бойын-
ша белгіленген сандағы бағытты ұтып
алып, 2011 жылы 2 шілдеде қр Үкіметі
қабылдаған №767 қаулысының «Жо-
лаушыны және жолжүкті автокөлікпен
тасымалдау» ережесінің 173 бабын бұза
отырып, ұтып алған бағыттарды жеке
кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға жалға
беріп келген. сонымен қатар, қала
аумағында тіркелген автобустардың
барлығында жүру билеті мен бақылау
аппаратының жоқ екендігін және
нәтижесінде нақты табысты бақылаудың
мүмкін емес екендігі анықталған.
мемлекеттік кірістер комитетінің
тапсырмасын орындау мақсатында
ағымдағы жылдың 1 тоқсанында
41 тақырыптық тексеру жүргізілген.
39 жағдайда қателіктер анықталып,
2 жағдайда салық заңдылықтарын
бұзушылық анықталмаған. Тексеру-
лер қорытындысы бойынша заңсыз
айналымдағы 884 литр, яғни 1530
шөлмек алкоголь өнімдері анықталып,
жол берілген қателіктер бойынша
әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа
жолданған. қазіргі таңда қаламызда
той-думандарда суретке түсіретіндер,
асаба-әншілер сынды жалпы тойда
көрсетілетін қызмет түрлерімен айналы-
сатындарды, таксистерді, базарлардағы
алып-сатарларды, жеке мүлігін лоторея
ойнату арқылы сататындарды визуал-
ды есепке алу жұмыстары басталған.
Есепке алған соң, салық заңнамалары
шеңберінде оларды жеке кәсіпкер
ретінде тіркелуі үшін нұсқама ұсыну
басталады деп күтілуде.
1 сәуірден бастап, басқарма тара-
пынан «Түбіртек талап ет!» акциясы
бастау алған. аталмыш акцияның
негізгі мақсаты -қала тұрғындары
мен қонақтарына Тараз қаласы
аумағындағы кез келген сауда
нүктесі, демалыс және ойын-сауық
орталықтары, тамақтанатын орындар
секілді халыққа қызмет көрсететін орын-
дардын алған қызметі үшін түбіртек
талап етуді көздейді. Яғни, әрбір тұрғын
өздеріне ақылы түрде қызмет көрсеткен
қызметтеріне төлем көрсетілген қызмет
түрі арқылы мемлекеттік бюджет-
ке салықтар есептелінетін болады.
мұнымен қоса әр аптаның бейсенбісі
Тараз қаласы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының ақпараттарды
қабылдау-өңдеу орталығы ғимаратының
2 қабатында бірыңғай кеңес беру күні
болып жарияланған. қаланың кез кел-
ген тұрғыны салық мәселесі бойынша
осы күні аталған орынға келіп, өзіне
қажетті кеңес алуына мүмкіндігі бар.
атқарылған жұмыстарға жіті тоқталған
Тараз қалалық мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы Ерлібек зи-
кеев қала тұрғындары мен жеке кәсіп
иелерін салық төлеуде салғырттық
танытпауды ескерді. сондай-ақ, 2015
жылдың 2 тоқсанына арналған міндет-
жоспарларымен бөлісті.
8
// «Жамбыл - Тараз» // №17 (1252), 22 сәуір 2015 Жыл
ДЕНсаулық
9
// «Жамбыл - Тараз» // №17 (1252), 22 сәуір 2015 Жыл //
g
бүгінде ерлер денсаулығы қоғамның өзекжарды мәселелерінің бірі. әсіресе, соңғы жылдары ер
азаматтардың белсіздігі белең алуда. Осынау олқылықтың алдын алу және онымен күресу мақсатында
Таразда «Ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір» орталығы жұмыс істейді. аталған орталықтың
ел игілігіне жұмыс істеуіне мұрындық болған медицина ғылымдарының докторы, профессор, Жарбо-
сынов атындағы урологиялық ғылыми-зерттеу орталығының бас директоры мырзакәрім алшынбаев
шаһарымызға арнайы ат басын бұрып, «Ерлер денсаулығын арттыру мен сақтау» тақырыбында өткен
конференцияға қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |