Конференциясының ЕҢбектері


ТҤРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ОЮ-ӚРНЕКТЕРДІҢ СИНТЕЗІ



Pdf көрінісі
бет48/67
Дата06.03.2017
өлшемі5,18 Mb.
#8376
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67

ТҤРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ОЮ-ӚРНЕКТЕРДІҢ СИНТЕЗІ 

 

Тлеубаев С.Ш., Тлеубаева Б.С. 

Академиялық инновациалық университеті, М.Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 



 

Резюме 

В  докладе  рассматривается  синтез  орнаментов  в  культуре  тюркских  народов.  Орнаменты  – 

узоры,  состоящие  из  ритмически  упорядоченных  элементов  для  украшений  каких-либо  предметов  – 

появились в древнейшие времена.  Техника нанесения орнамента, виды орнаментов имеют много общего у 

тюркских народов. 

 

Summary 

In  the    following  article  dancing  art  is  disclosed  as  one  of  forms  of  traditional,  national  culture.  The 

formation  of  sovereign  state  and  joining  of  new  independent  states  to  the  world  geopolitical  system  lead  to 

apprehension  of  mixing  of  traditional  cultures.  The  author  agrees  with  the  views  of  western  and  native  scholars, 

who emphasize in their works. 

 

Оюлар  –  бҧл  ежелгі  заманда  пайда  болған  қандай  да  бір  затты  ҽшекейлеуге  арналған 



ырғақты  ретімен  тҧратын  ҿрнектер.  Оюлардың  тҥрлері  мен  орналасу  техникасы  бойынша  тҥркі 

халықтарының  ортақ  нҽрселері  кҿп.  Неміс  ғалымы  Херман  Хаожк  Анатолия  мен 

Тҥркіменстандағы кілемдердің дайындаулында елеусіз айырмашылықтар бар деп атап кҿрсетеді. 

Мҧның  себебін  ол:  «бҧл  кілемдердің  ою-ҿрнектерінің  тҿселуі  Анатолияға  орныққан  кҿшпелі 

тҥркілердің ҽдісін қайталайды» деп тҥсіндіреді. 

Тҥркі кілемдерінің ҽрбір ою-ҿрнегінің ҿз атауы бар. Мысалы «бота мойын», «садақ оғы», 

«сегізқырлы    жҧлдыз»,  «қарғатҧяқ»,  «бҧғымҥйіз»,  «бҥйірін  таянған  қыз»,    «қазтабан»,  «ілгек», 

«шҧғыла», «ҥшайшық» жҽне т.б. 

Тоқыма  бҧйымдарында  кҿбіне  енисей  ою-ҿрнектері  мен  ежелгі  тҥркі  алфавитінің  ҽріптік 

белгілерін еске тҥсіретін ою-ҿрнектер пайдаланылады. Ҽшекейлерден Орхон-Енисей руналарына 

ҧқсас  ою-ҿрнектерді  табуға  болады.  Ғалымдар    тҥркі кілемдері  ең  алғаш  Орталық  Азияда  пайда 

болды деп санайды. 

Пазырықтық  кілем  тҥркілердің  алғашқы  кілемі  болып  саналады.  Бҧл  кілем  біздің  б.д. 

дейінгі бесінші жҥзжылдықта пайда болған. Кілемде 3600 ҿрнек бар, оның кҿлемі 1,90 х 2,  онда 

«ғҧндардың гҥлі» тҿрт жапырақты гҥл бейнеленген. 

Ҽрбір ҿрнек ҿзінше бір мазмҧнға ие. Мысалы,  «бҥйірін таянған қыз» оюы бҥйірін таянған 

ҽйел  мҥсінін  еске  салады.  Бҧл  ҿрнек  кілем,  шҧлықтар    мен  қолғаптар  ҿндірісінде  кҿп 

қолданылады. 

Алматы кілемдерінде қораз бейнесін еске салатын оюлар кездеседі. Сонымен бірге мҥйіз, 

сегізқырлы жҧлдыз, мысық табан, U(у) жҽне V(В) ҽріптері тҥріндегі майда ҿрнектер де кездеседі. 

Бҧл оюлар  бес уақыт -  намаздың белгісіндей. 

Тҥркілер оюларға аса мҽн берген. Бас киімдегі ою-ҿрнекке қарап-ақ, адамның бір кездері 

тҥбірі бір болған  қай ҧлтқа (ҿзбек, татар, тҽжік, қазақ, қырғыз) жататынын ажыратуға болады. 

Қырғыздарда мынадай оюлар «қошқар мҥйіз», «тҧмарша» бадам гҥлі», ҿзбектерде – «мақта 

гҥлі»,  «бадам»  оюлары    кҿптеп  кездеседі.  Ал,  қазақ  оюларын  ҥш  топқа  бҿлуге  болады: 


296 

симметриялы,  аралас,  сыңарсыз ҿрнектер. Олардың арасындағы негізгісі «қошқар мҥйіз» болып 

табылады. «Мҥйіз» оюы бірнеше тҥрге бҿлінеді. Былайша айтқанда, кҥнделікті тҧрмыста нақ осы 

«қошқар мҥйіз» кең қолданысқа ие. 

Ҿнертанушы  ғалым  В.Чепелев  айтқандай:  «Қазақтар  ҿрнектер  мен  оюлар  ҽлемінде  ҿмір 

сҥретіндей».  Халық  қазынасы  болған,  ҥйлесімді  орындалған  оюларда  ата-бабаларымыздың  салт-

дҽстҥрі шынайы кҿрініс табады.  Ою-ҿрнек ҿнері халықтың тарихы мен орын ерлік істері туралы 

сыр шертетін, ҿзіндік ҽпсана іспетті. Бҧл ҿнер халықтың ҿзіндік ерекшелігін кҿрсете отырып, сол 

халықпен  бірге  дамиды.  Халық  шеберлері  ҽрбір  оюға  лайықты  орын  таба  білген.  Мысалы,  бас 

киімге  салынатын  оюлар  сыртқы  киім  мен  шалбарларға  пайдаланылмаған.  Мҧны  былайша 

тҥсіндіруге болады. Мысалы, «итқҧйрық» оюы ешуақытта бас киімге салынбаған. 

Сыртқы киім мен қыздардың кҿйлегіне гҥл немесе қарлығаш тҥріндегі оюлар салынған. 

Балалардың киіміне қошқар мҥйіз,  бҥркіт, жеребе ҧшы тҥріндегі оюлар бейнеленген. 

Ертеректегі  тастарға,  ағашқа  салынған  оюлар,  кейінірек  киізге,  алашаға,  кілемге  жҽне 

тҧрмыстың  ҿзге  де  заттарына  «кҿшкен».  Таңба  сынды  нақты  бір  маңызы  бар  белгілердің 

арқасында,  біз  олар  туралы  тҥсінік  ала  аламыз,  яғни  оюлар  нақты  бір    ҿмірлік  қажеттіліктерге 

байланысты туындаған. 

Оюлар салу ҿнері қолданбалы ҿнердің бір бағыты болып табылады. Оның тҥрлері, аталуы 

тҧрмыстағы  қолданысы  мен  падаланылуына  байланысты.  Оюлар  салудың  бірнеше  ҽдістері  бар:  

кестелеу,  керіп  тігу,  жасырын  тігістеу,  торлап  тігу.  Ҿру,  тоқу,  сырмақтау,  тігу,  сызу,  бояу, 

сҥйекпен  бедерлеу,  кҥміс  жалату,  чеканкалау  сияқты  ҽдістер  қолданылмайтын  сала  кемде-кем. 

Олар  тҧрмыста,  қҧрылыста,  мҽдениет  саласында,  сҽулет  ҿнерінде  кеңінен    қолданылады  жҽне 

ҽлемдік ҿнерді дамытуда маңызды рольге ие. 

Тҥркі халықтарына ортақ оюлар 

Қасиетті  қой  – Жерорта теңізі мен Тынық мҧхитқа дейінгі кҿптеген мҽдениеттерге тҽн  - 

ҿмірлік қуаттың жҽне жайлылықтың ежелгі белгісі іспетті. Оған деген табынушылық ежелгі иран 

ғана емес,  сонымен қатар ежелгі тҥркі тайпалары арасында да кеңінен таралған.  Қазақтарда қой  

барынша таза  жануар деп саналған. Қойдың, оған туыстас жабайы арқардың (тау қойы) жҽне сібір 

таутекесінің  бейнелері  ежелгі  шығыс  ҿнерінде  неолит  дҽуірінен  бастап,  ортағасырдың  аяғына 

дейінгі барынша кең таралған тақырыптар. 

Тҥркілер  заманында  Қазақ  даласына  ҥлкен  тҥркі  тайпаларының  келуіне  байланысты 

мемориалдық  ескерткіштердің  бой  кҿтеруінің  жаңа  дҽстҥрі  туындады.  Мысалы,  Қозы-Кҿрпеш 

жҽне  Баян  сҧлу    сияқты  ірі  мавзолейлермен  қатар,  қарапайым  тас  қобдишалар  да  жердің  бетін 

жайлай  бастады.  Ертедегі  кҿшпенділердің  дҽуірінен  бҧл  заманның  айырмашылығы,    мазарлар 

қҧрылысы  қорғандарға  айналып,    адамдардың  назары  жердің  астынан  ҥстіне  ойысты.  Негізінен, 

тҥркі  мемориалдық  ескерткіштерінің  айнымас  атрибуты  болып,  скиф  заманындағы  «бҧғы 

тастардың»  даму  дҽстҥріндей  болған  тас  мҥсіндер  еді.  Орталық  Азия  мен  Қазақстанның 

оңтҥстігінде  дала  тайпаларының  жер  ҥстіндегі  мазар  қҧрылысының  жандану  дҽстҥрі  қола 

дҽуірінен  бар  болатын,  дегенмен  ол  сақ-массагеттер  заманында  Қазақстанның  солтҥстігі  мен 

батысына таралмады. Осы жайттарға  қарамастан бҧл ой-пікір ҿзінің ҿміршеңдігін жойған жоқ, ал 

тҥркі тайпаларының келуі оны қолдай тҥсті. 

Батыс  Тҥркі  қағанаты  Қазақстан  мен  Орталық  Азияның  аймағында  кең  бастапқы 

феодалдық  мемлекет  қҧра  отырып,   асыл  текті  тҥркі  ақсҥейктері    халықаралық саудаға  белсенді 

араласып  кетті.  Шығыс  пен  Батысты  жалғаған  «Ҧлы  Жібек  жолының»  ең  ҧзақ  бҿлігін  иеленген 

тҥркі тайпалары ҿзге отырықшыл халықтармен тығыз мҽдени байланысқа енді. Осы кезеңде салт-

дҽстҥрлердің,  мҥдделердің  қақтығысы  мен  идеологиялық  алмасулар  жҥріп  жатты...  «Жібек 

жолындағы  кездесулер  таныстықты  одан  ҽрі  арттырып,  сҽулет  пен  ҿнер  саласында  ҿзара 

алмасушлықты туындатты». Скиф заманында жақын шығыстың мҽдениетінің тҥрлері мен бірқатар 

қағидаларын  қабылдаған  Орта  Азияның  ежелгі  жермен  айналысқан  халқы  согдилер  тҥркі 

тайпаларының  мҽдениетіне  барынша  маңызды  ҽсер  етті.  Олар  Согда  далаларынан  Шығыс 

Тҥркістанға дейін қоныстардың тізбегін қҧрып, сауда керуені жолына қоныстанған далалықтарға 

суармалы жермен  айналысуды,  сауданы, қолҿнерді, оның ішінде  кҿркемдік  қолҿнер  дағдыларын 

алып келді. Тҥркі қағандары согдалық қҧрылысшылар мен алтын бҧйымдары ҧсталарын  кеңінен 

пайдаланып,    ҿрнекті  маталар  мен  кілем  тоқыма  бҧйымдарын  ыждақаттылықпен  саудалады.  

Осының  арқасында  ирандық  оюларға  қарағанда,  согдилік  оюлар  далалықтар  арасында  кеңінен 

таралды.  Дегенмен,  далалықтардың  ҿзіндік  ою-ҿрнек  ҿнері  қалыптаса  бастады.  Ежелгі  шығыс 

ҿнерінен  бастау  алған  оның  ҿсу  сипаты  қайта  туындап,  оңтҥстікке  нақты  шынайы  тҥрінен    де 

артық  дамып  жетті.  Орта  Азияның  қолданбалы  ҿнеріне  жақын  мҽнге  ие  қимақтардың, 


297 

қырғыздардың. оғыздардың ою-ҿрнектерінің даму барысы осындай еді. Кҿріністер кестесінің жҽне 

сызбасының артықшылығы ҿсу кезеңі ҥрдісімен бай болатын.  Қайта жандану кезеңінде маңызды 

элементтер  мен  мҽтіндер  кейбір  детальдерге  айналды,  ҿрнектерді  орындаудың  шығармашылық 

барысы  да  ҿзгеріп  отырды.  Оюлар  табиғаттың    тек  қана  шынайы  тҥрлерін  ғана  емес,  олардың 

метафизикалық болмысын да кҿрсетті.  Дала оюлары  тегіс абстрактілі ҿрнектерге  ҧмтылды.  Бҧл 

орайда  орта  ғасырлық  тҥрік  оюлары  сақ  массагет  ою  ҿнеріне,  архаизмге  барынша  жақын.  Ол 

ҿзінің  ҿң  бойында  қола  дҽуірінің  белгіліері  мен  сарынының  геометриялық  бейнелік  белгілерін 

(ҽсіресе қамыс ҿру жҽне тоқымада) жҽне  скифтік сібір аңдары стиліндегі икемді ҽрі серпінді тҥрін 

ҿзгерместей сақтады. Дегенмен «мҥйіздердің», ҥшжапырақтың, пальметтаның орамдары мен ҿзге 

де қисық сызықты мҽтіндер дала оюларында басты элементке ие еді. 

VІ  ғасырдың  екінші  жартсында  Алтай  тҥркі  тайпаларының  саяси  жҽне  соғыс 

белсенділігінің  дҥмпуі  орын  алды.  Монғолияның  жҽне  ҿзге  аудандардың  тҥркі  тайпаларымен 

бірікккен олар, аз ғана уақыт ішінде мықты жауынгер елді  қҧра білді. Тҥркі қағанатының осылай 

бірден билік қҧру кезеңі Орта Азия мен Қазақстанның этникалық картасын ҿзгертті. Бҧл жерлерге 

енді  ҥлкен  тҥркі  қоныстары  келе  бастады  жҽне  олар  жергілікті  иран  тілді  тайпалармен 

жақындасып, олардың тҥркіленуіне жол ашты. 

Тҥркілердің  ҽртҥрлі  мҽдени  туыстас  тайпаларды  біріктерген  бірін-бірі  алмастырған 

бастапқы  феодалдық  мемлекеттерінің  ынтымақтастығы  берік  емес  болатын.  Олардың  осы 

шашыраңқылығын,  кҿшпелі  тайпалардың  орталыққа  қарай  ҧмтылысы  шиеленістіре  тҥсті.    Бҧл 

жайттар  рулардың, ал кейбір кездері бір тайпа елдің тҥгелімен бҿлек кетуіне себеп болды. Ҽрине 

бҧл  ҥлкен адамдар тобының бір-бірімен белсенді араласып, қорытындысында  - бірыңғай мҽдени 

байланысқа  ие  болуына  септігін  тигізді.  Бҧл  мемлекеттерді  феодалдық  қарым-қатынастардың 

берік    орнығуы  шҧрайла  мекендерде  қалалардың  пайда  болып,  сауда  мен  қолҿнерінің  дамуына, 

ҿсуіне  жол  ашты.  Тасымал  саудасы  мен  базарға  арналған  тауар  ҿндірісі  феодалдық  билеушілер 

мен  ҽскербасшыларын  тҥрлі сҽн-салтанат заттармен қамтамасыз етті. Далалалықтарға тек Орта 

Азияның  бҧйымдары ғана емес, жақын шығыстың, иранның, қытай шеберлерінің де туындылары 

келе  бастады.  Тҥркі  қоныстарының  талғамына  сай  Оңтҥстік  Қазақстан  мен  Жетісудың  қалалық 

қолҿнершілерінің  ҿз  қолтаңбасы  пайда  бола  бастады.  Ол  жақын  шығыстық,  орта  азиялық 

дҽстҥрлердің далалық дҽстҥрмен араласуына жол ашты. Ҽрине қолҿнер бҧйымдарымен бірге ою-

ҿрнек  ҿнерінің  ҥлгілері  де  қатар  енді  жҽне  олардың  далалық  ою-ҿрнекке  ҽсерін    ескермеуге 

болмайды.  Ол  ҽсіресе  ақсҥейктер  ҥшін  жасалынатын  қолданбалы  ҿнер  ҥлгілерінде  ерекше 

байқалады. 

Монғол шапқыншылығы Қазақстанның шаруашылығына, ҽсіресе оның қалаларының ҿсіп-

ҿркендеуіне  орасан шығын келтірді. Елдімекендердің жаңа ҥлкен араласуы қазақ халқының бірігу 

ҥрдісін біраз уақытқа  тежеді. Тек Алтын Орданың қҧлауынан кейін ғана, бҧл  ҥрдістің қайтадан 

жандануына алғышарттар туындады. ХVІ ғасырдағы Қазақ хандығының қҧрылуы қазақ халқының 

қалыптасуының  маңызды  кезеңінің  аяқталуын  білдірді.  Қазақ  феодалдық  қоғамы  революцияға 

дейін  туыстық  тайпалық  жҥйені  сақтап  келді.  Тарихи  ҽдебиеттер  мен  қҧжаттар,  сонымен  қатар 

этнографиялық  қҧжаттар  олардың  негізгі  шаруасы  –  кҿшпелі  малшаруашылығына 

жағдайластырылған  ХІХ-ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақтардың  шаруашылығы  мен  тҧрмысын 

жеткілікті  тҥрде  толығымен  кҿрсетеді.  Ҽрбір  қазақ  руының  жайылым  мен  су  кҿздеріне 

байланысты кҿшетін жайлаулары мен қыстаулары болатын. Ҿткен замандарда кҿршілік негізінде 

қауымдастыққа  біріккен  қазақтар  ауыл-ауыл  болып  кҿшетін.  Ҽрбір  ауылдың  ҿз  қыстаулары 

болған,  кейде жазғы жайлауға кҿшерде ауылдар бірігіп те кететін. 

Орталық Қазақстанның географиялық ортасының  ерекшеліктеріне байланысты Манғыстау 

мен Ҥстіртте жазғы жайылымдардың тапшылығы орын алатын, сондықтан да қыстаудан кейін ірі 

шаруашылықтар  солтҥстікке  қарай  Омбы  мен  Оралға,  Ырғыз  бен  Торғайға,  Есіл  мен  Тобылға 

кҿшетін. Кейде мҧндай жолдардың бір жақты ҧзақтығы   1000 шақырымға дейін созылатын. Ара 

қашықтығы 20-30 ш.м. болатын қҧдық пен қҧдықтың  арасын жолдар жалғайтын. Маңғыстау мен 

Ҥстіртте  кҿшпелі  мал  шаруашылығының  жабық  нҧсқасы  қолданылатын,  яғни      адамдар  малмен 

бірге  арнайы  қыстауларға  қайта  қоныстанатын.    Кҿшпелі  рулар  мен  тайпалардың  ҿміріндегі 

олардың  рҿлі  ҿте  зор  еді.  Тҧрақты  мекен-жайлар  мен  мҽдени  ғимараттардың  болмауы  себепті,  

мазарлар  бірден-бір  монументті  қҧрылыстар  болатын.  Ол  жалпы  руластық  мҽдени  ҽрекеттердің,  

рулық туыстықтың жҽне ҧрпақтар сабақтастығының белгісіндей еді. 

Оңтҥстік  Қазақстан  мен  оңтҥстік  батыстың  жҧмсақ  қысы  жыл  бойына    киіз  ҥйлермен 

кҿшуге  мҥмкіндік  берді,  қыстауларда  тҧрақты  қыстақтардың  болуы  де  солтҥстік  аудандарға  тҽн 

еді. Кҿшпелілердің негізгі мал шаруашылығы ҧсақ малдар болатын. Ол негізгі  азық-тҥлікті – ет 



298 

пен  сҥтті,  сонымен  қатар  ҥй  шаруашылығы  мен  қолҿнер  ҥшін  –  тері  мен  жҥнді  беретін.  ХХ 

ғасырдың  басына  дейін  қой  ақша  орнына  жҥретін  айырбас  қҧралы  болды.  Бҧл  жануардың 

тҿзімділігі мен ҧзақ жолдарға шыдамдылығы, қар астынан ҿзінің азығын  тауып жеуі қазақтардың 

шаруашылығында  оны    бірінші  орынға  қоюға    мҥмкін  еді.  Оның  шаруашылықтағы  басты  ролі 

археологтардың    қола  дҽуіріндегі  жерлеу  рҽсімдерінде  тапқан,  қойға  деген  табынушылықты 

тудырды. Бҧл Қазақстанның, Орта жҽне Орталық Азияның оншақты мыңдаған петроглифтерінде 

кҿрініс тапты. 

 

Әдебиеттер 

1.

 



Д.Шоқпарҧлы «Қазақтың қолҿнері», Алматы, 2005, «Ҿнер». 

2.

 



С.Тҿленбаев,  М.Ҿмірбекова  «Қазақтың  ою-ҿрнектері»,  Алматы,  1993,  «Қазақстан», 

«Қағанат» ЛТД. 

3.

 

Ш.Жиенқҧлова «Ҿмірім менің ҿнерім», Алматы, 1983. 



4.

 

Ш.Жиенкулова «Тайна танца», Алматы, 1980. 



5.

 

Т.Қышқашбаев,  Ҽ.Шаңқыбаева,  Г.Жҧмасейітова,  Л.Мамбетова,  Ф.Мусина  «Қазақстанның 



хореографиясының тарихы»,  Алматы, 2005,  «Изатмаркет». 

 

 



ҼОЖ 793.3 

 

ХАЛЫҚ БИІНДЕГІ ҚАЗАҚЫ САЛТ-ДӘСТҤРЛЕРІ 



 

Тлеубаева Б.С., Бакирова С.А. 

М.Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 



 

Резюме 

В статье изложены характеристики казахских традиций народного танца, отражающие языком 

пластических движений жизненный уклад кочевого народа. 

 

Summary 

The  article  describes  the characteristics of  the  Kazakh traditional folk  dance,  reflecting  the language 

of plastic movements of the nomadic lifestyle of the people. 

 

Қазақ  халық  биінің  теориялық  пайымының  мҽселесі,  оның  халық  салт-дҽстҥрлерімен 



органикалық  ҥндесуі  тарапынан  қаралады.  Президентіміз  Н.А.Назарбаев  Қазақстан  халқына 

жылдағы жолдауында ҽрбір халықтың ҿмірінде салт-дҽстҥрлердің маңызды орын алатынын атап 

айтты:  «...  Олардың  халық  ҿміріндегі  орыны  даусыз.  Мҽдени  дҽстҥрлер  ҽрдайым  ҽлеуметтік 

ҿркендеудің  қайнар  кҿзі  болған...  Нақ  осы  салт-дҽстҥрлер  адамның  «жоғалуына»  мҥмкіндік 

бермей, қайта қазіргі заманның ҿзгерістеріне ҿзінің ҿмірін ыңғайластыруына жол ашады» /1/. 

Зерттеушілер  халық  билері  деп    нақты  бір  ҧлттың  биін  атайды.  Би  ҿнерінің  танымал 

зерттеушісі  А.К.Кульбекова  /2/    аталған  феноменнің  интерпретациясы  «ҧлт»  жҽне  «халық» 

тҥсініктерінің мазмҧнынын арасында тепе-теңдік белгісін қоймайтынын айтады, немесе соңғысы 

ҽртҥрлі  тарихи  кезеңдерде  ҿзгеріп  отырады  деп  санайды.  Автордың  пікірі  бойынша    этностың 

ертедегі  ҿркендеу  кезеңдерінде  қалыптасқан  жҽне    сол  халықтың  биі  дҽстҥрінде  тҥрлі  нҧсқалық 

негіздерді  қҧрайтын  халық  биі  этнопластикалық  қалыптарда  негізделген.  Би    мҽдени  кҿрініс 

ретінде ҿзіндік мҽтінге ие. Ол ҿзінің ерекше ырғақты тілінің кҿмегімен сол этностың  нақты бір 

мҽдени-тарихи кезеңінің ерекшеліктері мен тҥрлері ретінде кҿрініс береді. 

Қазақ  халқының  би  ҿнері    салт-дҽстҥрлермен,  музыкалық фольклормен,  ҿткізілген  ойын-

сайыстармен,  отау  қҧру  ҽдет-ғҧрыптарымен  жҽне  т.б.  тікелей  байланысты.  «Ертедегі  билердің 

кҿптеген канондық тҥрлері бізге жетпегенімен, халықтың есінде олардың мазмҧндық тақырыбы,  

кҿптеген  ҧрпақтардың  дҽстҥрлік  қызығушылығы,  би  ырғағының    майталмандары  қалып  қойды,  

немесе  ҿнердің  осы  тҥрі  қазақтарда    қозғалыстар  мен  қимылдардың    нақты  бір  жҥйесімен 

шектелмеген,  -  деп  жазады  А.Кульбекова.  –  Фольклорды,  материалдық  мҽдениеттің 

ескерткіштерін,  жазба  қҧндылықтарымызды,  қазақ  тілінің  лексиконын  оқу  мынадай  негіздеуге 

алып  келеді  -    шамандық,  ойын-сайыстық  билер  қазақ  қоғамының  рухани  мҽдениетін  байыта 

отырып, ежелгі уақыттан қазіргі кҥндерге дейінгі  даму ҥрдісін береді» /сол жерде/. 

Халық  дҽстҥрлері  туралы  айтар  болсақ:  кҥрделі,  заңды  ҽлеуметтік  кҿрініс  болып 

табылатын  дҽстҥрлердің    ҿміршеңдік  мҽселесін  анықтау  жҽне  олардың  қоғам  ҿмірінің  барлық 



299 

жағына  ҽсері  отандық  жҽне  шетелдік  танымал  ғалымдардың  зерттеулерінде  кҿрініс  тапқан. 

Олардың  ҽрқайсысы  халық  шығармашылығындағы  дҽстҥрлердің  пайдаланылу  мҽселесінің  

теориясы мен практикасына ҿздерінің ҥлесін қосты. 

М.С.Магауов  /3/  жҥргізген  зерттеулердің  талдауы  кҿрсетіп  отырғанындай,  «дҽстҥр» 

тҥсінігі  кҿпқырлы.  Зерттеушілер  философиялық  ҽдебиеттегі  дҽстҥрлердің    болуын  анықтау 

мҽселесінің  ҥш  негізгі  жолын  анықтады.  Бірінші  жолдың  ҿкілдері  (Э.А.Баллер,  Э.С.Маркарян, 

В.Д.Плахов жҽне т.б.) дҽстҥрді ҽлеуметтік заңдармен, топтық стереотиптермен, ҽлеуметтік-мҽдени 

сабақтастықпен    қатқылдана  тҥседі.  Екінші  жолдың  ҿкілдері  (С.А.Арутюнов,  Ю.Б.Бромплей, 

И.В.Суханов  жҽне  т.б.)  «дҽстҥр»  тҥсінігінің  кҿлемін  қоғамдық  сана  саламыен  шектейді.  Ҥшінші 

жолдың  ҿкілдерінің  (Л.П.Буева,  В.Б.Власова,  В.А.Кочетов  жҽне  т.б.)  ойы  бойынша    дҽстҥр 

ҽлеуметтенудің    жҽне  кҥнделікті  ҿмірдің  тҽжірибесінің  шығармашылық  факторының  қҧралы, 

заттық ҽлемнің адами қатынастарының жҽне іс-ҽрекетінің кҿрінісі  болып табылады. /сол жерде, 

14б./. 


Н.С.Сарсенбаевтың,  В.Б.Власованың,  Ж.К.Хайрушинаның  жҧмыстары  халық  салт-

дҽстҥрлерін  зерттеу  мҽселесіне,  олардың  заманауи  мҽдениеттегі  орыны  мен  рҿліне,    мҧралық 

қҧндылықтардың  ҿзара  ҽрекеті  мен  рухани  инновацияларға,  дҽстҥрлер  мен  жаңашылдықтардың, 

шығармашылықтың байланысына арналған. 

Н.С.Сарсенбаев  «дҽстҥр»  мен  «ҽдет-ғҧрып»  тҥсінігіне  салыстыру  жасайды.    Ғалымның 

анықтауы  бойынша  әдет-ғҧрыптар  –  «...қоғамдық  пікір  кҥшімен  қорғалып,  ҧрпақтан  ҧрпаққа 

берілетін  адамдардың  қоғамдық  мінез-қҧлқының,  ҿмірі  мен  тҧрмысының  тарихи  қалыптасқан  аз 

немесе  кҿп  тҧрақты  нормалары.  Ҽдет-ғҧрыптар  адамдардың  тҧрмысындағы  қалыптасқан 

қоғамдық  қатынастардың  тҧрақты  нормалары...  Салт-дәстҥрлер  -    бҧл  тарихи  тҧрақты 

қалыптасқан  жҽне  қоғамдық  пікір  кҥшімен  қорғалып,  ҧрпақтан  ҧрпаққа  берілетін  адамдардың 

қоғамдық қарым-қатынасының барынша қамтылған нормалары мен ҧстанымдары» /4/. 

Халықтық  ҽдет-ғҧрыптар  мен  салт-дҽстҥрлер  адамдардың  ҿндірістік  ҽрекеті  ҥрдісіндегі 

тҧтынушылығынан туындайды. Адамдардың қоғамдық мҽнез-қҧлқындағы тҧрақты нормалар мен 

ҧстанымдарды бекіте отырып, олар ҥлкен танымдық маңызға ие. Дҽстҥрлер мен ҽдет-ғҧрыптарда 

сол  халықтың    ҧлттық  бейнесі:  тҧрмысы,  халықтың  мҽдениеті,  балаларды  жҽне  жастарды 

тҽрбиелеудегі  жалпы  танылған  қабылдауы,  қҧралы  мен  ҽдісі  кҿрініс  табады  (Н.С.Сарсенбаев, 

С.А.Ҥзақбаева, К.Ж.Қожахметова). 

Осылайша,    талдаулар  «дҽстҥр»  тҥсінігі,  «ҽдет-ғҧрып»  тҥсінігне  қарағанда  барынша 

ауқымды  екенін  кҿрсетеді.  Ғалымдар  «дҽстҥр»  тҥсінігін  тҥрлі  мағынада  қарастырады:  1). 

Тҧлғаның  ҽлеуметтену  қҧралы;    2).  ҽлеуметтік-педагогикалық  ортаның  бҿлімі;  4)  тҧлғаның 

қалыптасу  факторы;  4)  қалыптасқан  ҿзара  қарым-қатынастарды  жҥзеге  асыру  тҽсілдерін  жаңа 

ҧрпаққа беру формалары. 

Біздің зерттеуіміздің бағытын соңғы анықтау нақтылай тҥседі. Осы туралы бізге  ғасырлар 

қойнауынан жеткен дҽстҥрлі қазақ халық билері растайды. Олардың бойында дала халқының ҿмір 

сҥру нақышы кҿрініс тапқан. 

Қазақтардың  дҽстҥрлі  халық  билері  мазмҧндық  бағыты,  сипаты  жҽне  орындалу  мҽнері 

бойынша мынадай топтарға бҿлінеді: 

Салт жоралғы, әдет-ғұрыпты - «Бақсы ойыны», «Айқосақ» (бақсы билері), «Жезтырнақ» 

(жалмауыздың биі), «Буын би», «Жар-жар», «Қоштасу» (қалыңдықтың қҧрбыларымен қоштасуы), 

«Айда, былпым» (бойжеткен биі), «Келіншек» (бойжеткеннің бозбаламен биі), «Шалқыма» « биік 

ҿкшемен билеу). 



Жауынгерлік-аңшылық  -    «Сайыс»  (жекпе-жек),  «Ақат»  (ежелгі  ерлер  ырғағының  мҽтіні 

бойынша би), «Қылышпен би», «Мерген» (садақпен би), «Қоян-бҥркіт», «Қҧсбегі - дауылпаз» ( қҧс 

аулау жҽне дауылпазбен билеу). 

Тұрмыстық  -  еліктеушілік  -  «Ҿрмек  би»  (тоқымашылар  биі),  Ортеке  (секіргіш-таутеке 

биі), «Қаражорға», «Тепең кҿк» (жҥйріктің шабысы). 



Топтық көпшілік – «Алқа-қотан» (бҥйір мен бҥйір), «Алтынай», «Кербез-би» «Ырғақты», 

«Қаз-қатар», «Балбырауын», «Кҿкпар», «Қосалқа», «Шашу» жҽне т.б. 

Қазақ билерінің барынша сипатты ерекшеліктеріне олардың домбыра, қобыз  жҽне даңғыра 

ҽуенімен  орындалуы  болып  табылады.  Дҽстҥрлілік    орындау  жылдамдығынды,  буындар 

қозғалысында,  қимылдар  шалттығында  байқалады.  Ерлер  биінде  тҧлғаның  жинақылығы,  ал 

ҽйелдер  биінде  белдің  икемділігі  мен  қолдың    қимылы  міндетті.Кез-келген  жігіт  ат  ҥстіндегі 

кҽсіби ойынды жеңіл орындай алмайды.  Осындай  шеберлік тек дарынды бишіге ғана тҽн. Қазақ 

халық билері ҥшін алтыбақан теуіп, жалын айналасында  тҥнгі топ болып ҽн салу дҽстҥрлі. 



300 

Қазақ  музыкалық  фольклорының  арсеналында    халық  биінің  дҽстҥрлі  билер  ырғағы  - 

«кҥйлер биі» терминологиясы бар. 

Ҽдебиеттерден  білгеніміз:    ҿткен    уақытта  халық  би  ҿнерін  кҿптеген  суырып  салма 

ақындар  мен  ҽншілер  меңгерген.  Олардың  қатарында  –  «ағаш-аяқ»  атанған    танымал  ҽнші 

Берікбол  Кҿпенов,  Шашубай  Қошқарбаев,  Жҥнісбек  Жолдинов,  Қарсақ  Қопабаев  жҽне  тағы 

басқалар  бар.  Суырып  салма  ақындар-ҽншілер  барлық  мерекелерде,  жҽрмеңкелерде,  сахналық 

кҿріністі  билерде,    бишілердің  икемділігі  мен  кҥшін  кҿрсететін  би-ойындарда,    пантомимо  мен 

ҽзілдер қойылымында қҧрметке ие болған. 

Ҿзбекҽлі  Жҽнібеков  халық  ақыны,  павлодарлық    Жҥнісбек  Жолдинов  туралы  айтқанда, 

оның  қозғалыстары  мен қимылдарына  бас  иген. Ж.Жолдинов    ҿзінің  биінде  бҥркіттің  шарықтап 

ҧшуын,  аңға  тҥсуін,  оның  қырағы  да  қаһарлы  кҿзқарасын,  темірдей  тырнақтарын,  қанатының 

қағысын,  басының  маңғаз    кейпін  керметтей  суреттей  білген.  Ол  сонымен  қатар,  «Айқосақ», 

«Жезтырнақ»,  Қылышпен  би»,  «Бала  бҥркіт»,  «Қаза-қалмақ  биі»,  «Қҧсбегі»,  «Алқа  қотан»  жҽне 

т.б. ҿте шеберлікпен орындаған. 

Қазақ  халық  билерінің  дҽстҥрлілігін  сипаттай  отырып,  қазақтардың  этникалық 

мҽдениетінің  жҽне  ҿнерінің  білгірі  Ҿ.Жҽнібеков  ҿз  естеліктерінде    ҿзге  мҧсылман  халықтарына 

қарағанда  қазақ  билерінің  айырмашылығын,  яғни  бозбала  мен  бойжеткеннің  қосарлана  билеуін 

ерекше атап кҿрсетті. Мысалы. «Келіншек»,  «Қоян-бҥркіт» жҽне т.б., алайда сол заманда далада 

би  мектептері  болмағаны  бҽрімізге  аян.    Жазба  кҿздері    куҽландырғандай,  кейбір  рулардың, 

тайпалардың  сарай    сайқымазақтары  мен  кҥлдіргілері  сынды  ҿздерінің  биші-шеберлерін  (қулар) 

мен ҿзбек «масқарапаздары» сияқты  ҿнерлі жігіттері болған. 

Оның, Шымкент қаласында ҿткен пікірсайыс кешінде Мҧхтар Ҽуезовтың аузынан есіткен 

халық  биі  «Ортекені»  орындаушылардың,  яғни  апанға  тҥскен  тағы  таутекені  бейнелейтін 

ортекеші-бишілердің  ҿнері  туралы  ҽңгімесі  барыншы  қызықты.  Бҧл  бидің  мазмҧндық  сызығы 

біздің заманымызға дейін жеткен бірқатар жартастағы суреттерде, аңыздарда кездеседі. 

Осылайша,  фольклорды,  замандастарымыздың  естеліктерін,  материалдық  мҽдениет 

ескерткіштерін,  жазба  деректерін,  қазақ  тілінің  лексиконын  оқығанымызда,  халық  билері: 

шамандық,  ойын  сайыс  билері  жҽне  т.б  ерте  заманнан    бҥгінгі  кҥндерімізге  дейінгі  қазақ 

қоғамының даму ҥрдісінде бірге ҿріліп, оның рухани мҽдениетін байытты жҽне дҽстҥрлерді сақтай 

отырып, заманауи би мҽдениетін дамытты. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет