Конфессиядан тыс синкреттік философия ұғымы, түрлері



бет6/8
Дата17.02.2022
өлшемі35,53 Kb.
#25758
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
12 лекция дін фил (1)-1

Теософия негізі – космос, эволюция рухы және жоғары даналык ілімнің барлығы. «Ғылыми» тәсілдермен күдіретті даналықты тануға, оны жеке адамның колына жеткізуге және ең ақырында өлімнен кейін адамды «жұмақтай шаттыкка» бөлеуге талаптанады. Бұган «жасырын күштерді», жеке бастык рухани-кұдіретті өзегін айқындау арқылы тек кұпиялы білімдерге (эзоториялық ілімдерге) ие болған теософияның «ұсталары» ғана жете алады. Қысқаша айтқанда, эклектикалык тұрғыдан түрлі Шығыс және Батыс діндері мен идеалистік жүйелерін (негізінде буддалык, индустік және үнділік діни-философиялық ойдың баска да бағыттарын) өз бойына сіңірген теософия дүние және адам туралы ғылымға қарсы мистикалы-қияли түсініктердің жиынтығы болып табылады. Теософия – «ана дүниемен» қатынасудың мүмкіншілігі туралы; жоқты-барға сенушілікті қуаттайтын діни-мистикалық ілім,мистикалық құдайтану. Бұл термин «Ареопагитикада» «теология» терминіне синоним ретінде қолданылады. Кейіннен теософияны шіркеудің догматтары мен ашылу идеяларына байланысты теологияға қарсы қоя бастады. Теософия мистикалық тәжірибе арқылы жүзеге асатын құдайтану ілімі деп анықтады: теософия – субъективті мистикалық тәжірибеге негізделеді. Теософияға гностицизм, неоплатонизм, каббала, герметизм, розенкрейцерство ілімдері де кіреді. Бұл ілімнің негізінде әлем бірінші себептен немесе Абсолюттен бастау алады деп есептелген. Әлемдегі барлық заттар адам да алғашқы себептің бір бөлігі болып есептелген, Е. П. Блаватская ілімі үнді философиясына негізделеді (буддизм, индуизм және брахманизм).

Теософия ілімі «Теософия“ термині “құдайылық даналықты” білдіреді, неоплатониктерден шыққан. Р. Флада (1574-1637), Парацельс (1493-1541), Я. Беме (1575-1624), Л.К. Сен-Мартен(1743-1803), Э. Сведенборг (1688-1772) есімдерімен байланысты дамыды. Әсіресе XIX-XX ғасырда теософия мен антропософия кеңінен таралды. Теософия барлық діндердің негізі ретінде қаралады, негізін қалаушы ретінде Е.П. Блаватская танылған (1831-1891) ол Теософиялық қоғам құрды. Оның идеяларының систематизациясы А. Безант (1847-1933), Р. Штайнердің (1861-1925) шығармаларынан көрініс тапты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет