Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №232 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының


Конкурс мынадай бағыттарды қамтиды



бет2/7
Дата14.06.2022
өлшемі81,2 Kb.
#36823
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ереже ППИ каз. 2022

3. Конкурс мынадай бағыттарды қамтиды:
-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи білім беру технологиялары;
-орта білім беруді оқытудағы заманауи білім беру технологиялары;
-техникалық және кәсіптік оқытудағы заманауи білім беру технологиялары;
-жоғары білімді оқытудағы заманауи білім беру технологиялары;
-қосымша білім беруді оқытудағы заманауи білім беру технологиялары.


4. Конкурстың тілі
Қазақ, орыс, ағылшын.


5. Бейнематериалдың мазмұны мен түрі:
Бейнематериал тұжырымдамалық педагогикалық идеяны, яғни қысқаша мазмұндалған ойды мазмұндауға тиіс, олар жалпы жоспарда қандайда бір тараптың инновациялық мәнін, кәсіби педагогикалық тәжірибенің қырларын, бағдарларын бекітеді.
-дәріс (оқыту мен тәрбиелеу әдісі, белгілі бір саладағы идеялар жүйесін дәйекті монологтық баяндау);
-сабақ (оқу жұмысын ұйымдастыру формасы, осы жағдайда педагог оқу бағдарламасында айқындалған білім алушыларға қойылған дидактикалық және тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізу үшін саналуан әдістерді пайдалана отырып, нақты кесте бойынша тұрақты құраммен дәл белгіленген уақыт шеңберінде жұмыс жасайды);
-практикалық/лабораториялық жұмыс (теориялық білімдерді тереңдету мен бекіту, дербес сынақтан өту дағдыларын дамыту мақсатындағы өзіндік практикалық жұмыс түрлерінің бірі);
-семинар (жетекшінің тапсырмасы бойынша жекелеген мәселелерді, проблемларды, тақырыптарды білім алушылардың өздігінен оқып үйренуіне құрылған, артынша материалды баяндама, реферат түрінде рәсімдейтін және оны бірлесіп талқылайтын оқу процесінің формасы);
-шеберлік сыныбы (өзінің белгілі бір шығармашылық саласында, педагогикалық қызметте маман өткізетін тәжірибелік шеберлікті жетілдіру бойынша оқытудың айрықша әдісі және нақты сабақ).


6. Конкурсқа қатысу тәртібі
6.1 Конкурсқа ведомстволық бағыныстылығына, меншік түрі мен нысанына қарамастан жиырма екі аталым бойынша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады. (2- қосымша).
6.2 Конкурсқа педагогтар жеке дара, сондай-ақ шығаршылық ұйымдар арқылы қатысуға құқылы.
6.3 Конкурсқа қатысушыларда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары қызметкерлерінің қатарынан міндетті түрде жетекшісі (жетекшілері) болуға тиіс.
6.4 Конкурсқа қатысушылар беретін бейне материалдар саны шектелмейді. Әрбір бейне материалға Конкурсқа қатысу өтінімін толтыру қажет (3-қосымша).

6.5 Конкурсқа қатысуға бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, интернет желісіне орналастырылмаған бейне материалдар жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет