Конкурс жүлдегерлері анықталды «Қызай ана»


ҚЫЗАЙ АНА МҮСІНІН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН



бет2/2
Дата12.11.2022
өлшемі0,99 Mb.
#49634
түріКонкурс
1   2
Байланысты:
Қызай ана

ҚЫЗАЙ АНА МҮСІНІН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН
СИПАТТАМА
​Қызай ана – қазақ халқы қадір тұтқан қасиетті, киелі аналардың бірі. Қызай ана өзінің туа біткен ерекше қабілетімен, ақыл-парасатымен, өжет батылдығымен, көрегендігімен, әдеп-ибалығымен, ісмерлігімен елдің құрметіне бөленген, тіпті кумиріне айналған тарихи тұлға.
​Қызай ананың азан шақырып қойған аты – Күнбибі. Ол Ұлы жүздегі атақты Бәйдібек би мен қасиетті Домалақ анадан туған. Шамамен 1402 жылы қазіргі Түркістан облысындағы Қаратаудың Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келіп, 1472 жылы 70 жасында қазіргі Жетісу облысының шығыс-оңтүстігіндегі Матай тауының солтүстік сілемінде өмірден өтіп, сол жерде жерленген.
​Қызай анадағы ерекше қасиеттер геннен тараған. Өйткені оның әкесі атақты бай, әйгілі би Бәйдібек Қарашаұлы, анасы Түркістандағы Баб – Талап мешітінің имамы Мақтұм Ағзамның қызы Домалақ ана. Күнбибідегі тектілік пен киелік ата генінен, ана сүтімен дарыған қасиеттер болып табылады.
​Күнбибі - жаратылысынан зерек әрі сұлу болған. Анасы оны жастайынан мәпелеп тәрбиелеп, әдепті, білімді, ісмер және ұлттық жөн-жосыққа жүйірік етіп қалыптастырады. Бойжете келе оның атағы алысқа тарайды.
​Орта жүзде Матай тауын мекендеген Найман Төлегетайдың төрт ұлының бірі Матайдан тараған Келдәулет би (Аталық атанған), баласы Шағырға атақты Бәйдібек бидің қызы Күнбибіге құда түсіп, 17 жасында келін қылып түсіреді. Күнбибінің сұлулығына таңданған Матай жұрты «Қыз-ай десе, Қыз-ай екен-ау» - деп жүріп оны «Қызай» деп атап кетеді.
​Қызай ана өмірінде екі рет некеленіп, Итемген (азан шақырып қойған аты Жеңіс), Меңіс, Бегімбет, Дербіс деген төрт ұл туып өсіреді. Осы «Төрт қызайдан» тараған ұрпақ қазір бір миллиондай халықты құрап отыр.
​Күнбибінің өмірдегі өнеге-үлгісі де «Қызай» деген аттың мән-мағынасын айшықтағандай. Ол өзіндегі тектілік пен білімділікті моральдік әдептілік арқылы көрсетіп, абысындарын айрандай ұйытып, ағайын-туыстардың береке-бірлігін нығайтады. Ол парасаттылықпен ұрпақтарын шарушылықты шалқытуға, тұрмыстарын жақсартуға баулиды. Ол қазақи киім-кешектер негізінде жаңашылдықпен «Қызай қалпақ», «Қызай тақия» «Қызай кимешек», «Қызай кесте» үлгісін қалыптастырады. Бұл модельдер қазақ киімдерінің бір үлгісі ретінде қазірге дейін өз жалғасын тауып келеді.
​Қызай ана - киелі адам болған. Оның алғысын, батасын алғандардың малы мен жаны қатар өсіп, ұрпақтары көбейіп отырады. Бұл қоғамдық тәжірибе дәлелденген тарихи ақиқат.
Қызай анада осындай қасиеттер болғандықтан оның ұрпақтары қасиетті анасына қойылған ат бойынша өздерін мақтанышпен «Қызай руымыз» немесе «Қызай еліміз» деп атап келеді.
Әйгілі суретші Аман Абзалбекұлы майлы бояумен салған Қызай ананың жоғарыдағы портреті, әртүрлі басылымдарда жарияланып келе жатқан, қоғамда кеңінен танылған бірден бір сағым сурет. Мүсіншілер осы сурет бойынша Қызай ананың тұрған немесе отырған толық келбетін сомдауы керек. Басты талап – Қызай ананың дара қасиеттері мүсін көркемдігімен көрінуі қажет.





* ескерту: ұсынылған фотосуреттердегі мүсіндік ескерткіш мысал ретінде берілген

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет