Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет30/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85
Байланысты:
кд каз сайт (1)

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Құс шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған
15 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурс - энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде құс шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Бройлерлер үшін қоректік заттардың қажеттілік нормаларын, азықтандыру режимін және құрамажемнің экорецептерін әзірлеу керек.
2.1.1.2. Ішек микробиоцеонозын жақсарту үшін пробиотиктердің, қышқылдатқыштардың, май қышқылы көздерінің және адсорбенттердің тіркесімін қолдану әдістемесін әзірлеу керек.
2.1.1.3. Өнеркәсіптік және ұйымдастырылған өндірістегі (шағын және орта мамандандырылған шаруашылықтар) құстардың өнімділігі мен көрсеткіштерін арттыру үшін энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу керек.
2.1.1.4. Қазақстанның түрлі табиғи-климаттық аймақтарында суда жүзетін құстарды өсірудің жаңа ресурстарды үнемдеу технологияларын әзірлеу керек.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Бройлерлер үшін қоректік заттардың қажеттілік нормаларын, азықтандыру режимін және құрамажемнің экорецептерін әзірлеу керек.
4.1.1.2. Ішек микробиоцеонозын жақсарту үшін пробиотиктердің, қышқылдатқыштардың, май қышқылы көздерінің және адсорбенттердің тіркесімін қолдану әдістемесін әзірлеу керек.
4.1.1.3. Өнеркәсіптік және ұйымдастырылған өндірістегі (шағын және орта мамандандырылған шаруашылықтар) құстардың өнімділігі мен көрсеткіштерін арттыру үшін энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу керек.
4.1.1.4. Қазақстанның түрлі табиғи-климаттық аймақтарында суда жүзетін құстарды өсірудің жаңа ресурстарды үнемдеу технологияларын әзірлеу керек.
Әзірлеу және жариялау керек:
- бройлерлер мен ұдайы өндіріске арналған балапандарды азықтандыру бойынша әдістемелік ұсыным;
- құстардың өнімділігі мен көрсеткіштерін арттыру үшін энергия үнемдеу технологиялары бойынша ұсыным;
- құс шаруашылығындағы ішек микробиоцеонозын сауықтыру үшін пробиотиктердің, қышқылдандырғыштардың, май қышқылы көздерінің және адсорбенттердің үйлесімін қолдануға арналған әдістемелік нұсқаулық.
Қазақстанның түрлі табиғи-климаттық аймақтарында суда жүзетін құстарды өсірудің ресурс үнемдейтін технологияларына 1 патент алу керек.
Жас мамандарды тарту керек, оның ішінде кем дегенде 1 PhD докторант және 3 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар  шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда кем дегенде Q3 дәрежедегі 2 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарында кемінде 6 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік әсер.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік бағдарлы құс өнімдерін (құс еті, жұмыртқа) арттыру арқылы маңызды экономикалық нәтиже беруге ықпал етуі керек.
Қоршаған ортаға әсер ету.
Жаңа технологияларды әзірлеу, жетілдіру және енгізу экологиялық таза құс өнімдерін өндіруге бағытталатын болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет