2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі «Диагностика, аурудың алдын алу, ауру малдарды терапиялау және топырақтағы сібір жарасы ошақтарын залалсыздандыру құралдары мен әдістерін әзірлеу және өндіріске ұсыну» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған № 3 Техникалық тапсырма
1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі – бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы. Ветеринарлық қаупсіздікті қамтамасыз ету.
2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
2.1. Бағдарламаның мақсаты. Диагностика, аурудың алдын алу, ауру малдарды терапиялау және топырақтағы сібір жарасы ошақтарын залалсыздандыру құралдары мен әдістерін әзірлеу және өндіріске ұсыну.
2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Аса қаупті аурулар бойынша (жануарлар аусылы) вакцинасын, жануарлар некробактериозы, диагностикумдерді, диагностикалық зерттеулерді өткізу үшін ұлттық стандарттағы сарысуларын (ірі қара малының лейкозы, бруцеллез, Ньюкасл ауруы, құстар тұмауы), ірі қара малының инфекциялы кератоконъюнктивит қоздырғышын анықтау үшін нақты уақыт тәртібінде мультиплексты полимеразды таспалы реакциясын, жануарлардың аса қауіпті ауруларын (сібір жарасы немесе құс тұмауы) дифференциальды диагностикасы бойынша тест-системасын, емдеу препараттарын (некробактериозе және ауыл шаруашылығы малдарының стрептококкозы) әзірлеу.
2.1.1.2. Қазақстан Республикасының аумағындағы жылқылар мен түйелер басының арасында жылқының инфекциялық анемиясы (ИНАН), тұмау, ринопневмония, екви родококкусы, хеликобактериоз, сақау және трипаносомоз сияқты аурулардың таралуы бойынша деректер алу үшін жылқылар мен түйелердің ауруларына мониторингтік зерттеулер жүргізу керек.
2.1.1.3. Жұқпалы аурулар бойынша иммундық статустың бағалауын жүргізу, патогендердің жаңа штаммдарын бөлу, геномдарды шифрлау және генетикалық талдау жүргізу керек.
2.1.1.4. Тұмау, ИНАН, ринопневмония, сақау, хеликобактериоз, родококкус-екви және трипаносомоз вирустарының штамдарын бөлу және сақтауға беру керек.
2.1.1.5. Жылқылардың инфекциялық анемиясын диагностикалау үшін РДП, трипаносомаларды анықтауға арналған РИФ, тұмау, сақау, екви родококкусы, хеликобактериозды анықтауға арналған ПЦР әзірлеу керек.
2.1.1.6. Жылқылар мен түйелердің инфекциялық және протозойлық аурулары кезінде диагностикалық және профилактикалық препараттарын (ИНАН, тұмау, хеликобактериоз, родококкус-екви, сақау, ринопневмония, лимфангит, трипаносомоз, күйек ауруы және су-ауруы) әзірлеу керек.
2.1.1.7. Жылқы мен түйе ауруларының алдын алу үшін тұмауға, ринопневмонияға, сақауға және екви родококкусына қарсы вакциналар жасап, сынақтан өткізу керек.
2.1.1.8. Вакциналардың зертханалық жануарларға және өндірістік жағдайларда сынауы жүргізу керек.
2.1.1.9. Нормативтік-техникалық құжаттама, нұсқаулық, нұсқау және ұйым стандартын әзірлеу керек.
2.1.1.10. Коммерциализацияға дайын жоғарыда аталған диагностикумдар мен вакциналардың үлгілерін дайындау керек.
2.1.1.11. Жылқылардың ринопневмониясы және түйелердің шешегі бойынша инактивирленген культуралды вакциналардың технологияларын әзірлеу керек.
2.1.1.12. Топырақтағы сібір жарасы бойынша ошақтарын залалсыздандыру және жою үшін әдістемелер және заласыздандыру схемаларын әзірлеу керек.
3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.
4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Аса қаупті аурулар бойынша (жануарлар аусылы) 1 вакцинасын, жануарлар некробактериозына арналған 1 вакцинаны; 6 диагностикумдерді, диагностикалық зерттеулерді өткізу үшін 4 ұлттық стандарттағы сарысуларын (ірі қара малының лейкозы, бруцеллез, Ньюкасл ауруы, құстар тұмауы), ірі қара малының инфекциялы кератоконъюнктивит қоздырғышын анықтау үшін нақты уақыт тәртібінде мультиплексты полимеразды таспалы реакциясын, жануарлардың аса қауіпті ауруларын (сібір жарасы немесе құс тұмауы) дифференциальды диагностикасы бойынша тест-системасын, 2 емдеу препараттарын (некробактериозе және ауыл шаруашылығы малдарының стрептококкозы) әзірленсін.
4.1.1.2. Қазақстан Республикасының аумағындағы жылқылар мен түйелер басының арасында жылқының инфекциялық анемиясы (ИНАН), тұмау, ринопневмония, екви родококкусы, хеликобактериоз, сақау және трипаносомоз сияқты аурулардың таралуы бойынша деректер алу үшін жылқылар мен түйелердің ауруларына мониторингтік зерттеулер жүргізу керек.
4.1.1.3. Жұқпалы аурулар бойынша иммундық статустың бағалауын жүргізу, патогендердің жаңа штаммдарын бөлу, геномдарды шифрлау және генетикалық талдау жүргізу керек.
4.1.1.4. Тұмау, ИНАН, ринопневмония, сақау, хеликобактериоз, родококкус-екви және трипаносомоз вирустарының штамдарын бөлу және сақтауға беру керек.
4.1.1.5. Жылқылардың инфекциялық анемиясын диагностикалау үшін РДП, трипаносомаларды анықтауға арналған РИФ, тұмау, сақау, екви родококкусы, хеликобактериозды анықтауға арналған ПТР әзірлеу керек.
4.1.1.6. Жылқылар мен түйелердің инфекциялық және протозойлық аурулары кезінде диагностикалық және профилактикалық препараттарын (ИНАН, тұмау, хеликобактериоз, родококкус-екви, сақау, ринопневмония, лимфангит, трипаносомоз, күйек ауруы және су-аурасы) әзірлеу керек.
4.1.1.7. Жылқы мен түйе ауруларының алдын алу үшін тұмауға, ринопневмонияға, сақауға және екви родококкусына қарсы вакциналар жасап, сынақтан өткізу керек.
4.1.1.8. Вакциналардың зертханалық жануарларға және өндірістік жағдайларда сынауы жүргізу керек.
4.1.1.9. Нормативтік-техникалық құжаттама, нұсқаулық, нұсқау және ұйым стандартын әзірлеу керек.
4.1.1.10. Коммерциализацияға дайын жоғарыда аталған диагностикумдар мен вакциналардың үлгілерін дайындау керек.
4.1.1.11. Жылқылардың ринопневмониясы және түйелердің шешегі бойынша инактивирленген культуралды вакциналардың технологияларын әзірлеу керек.
4.1.1.12. Топырақтағы сібір жарасы бойынша ошақтарын залалсыздандыру және жою үшін әдістемелер және заласыздандыру схемаларын әзірлеу керек.
Қазақстан Республикасының 10 патенті алу керек:
- аса қауіпті аурулар бойынша (жануарлардың аусылына) қарсы 1 вакцинаға;
- жануарлардың некробактериозына қарсы 1 вакцина;
- 6 диагностикумдарға: диагностикалық зерттеулер жүргізуге арналған 4 ұлттық стандартты сарысуларына (ірі қара малының лейкозы, бруцеллез, Ньюкасл ауруы, құс тұмауы кезінде), ірі қара малының инфекциялық кератоконьюнктивитінің қоздырғыштарын анықтау үшін нақты уақыт режимінде мультиплексті полимеразды-тізбекті реакция (ПТР), жануарлардың аса қауіпті ауруларын дифференциальды диагностикалау үшін тест-жүйесіне (сібір жарасы немесе құс тұмауы), 2 емдік препаратқа (ауылшаруашылығы жануарларының некробактериозы және стрептококкозы кезінде);
- топырақтағы сібір жарасы ошақтарын залалсыздандыру және жою әдістері мен сызбаларына.
Әзірлеу және жариялау керек:
- жылқылар мен түйелердің инфекциялық және протозойлық аурулары (жылқылардың инфекциялық анемиясы (ИНАН), тұмау, хеликобактериоз, родококкус-екви, эпизоотиялық лимфангит, трипаносомоздар) кезінде диагностикалық және ауруларды алдын алу препараттар бойынша әдістемелік ұсынымдар;
- түйе шешегі мен жылқы ринопневмониясына қарсы инактивирленген культуральдық вакцина жасау технологиясы бойынша әдістемелік нұсқаулық;
- топырақтағы сібір жарасы ошақтарын залалсыздандыру және жою әдістері мен сызбаларына әдістемелік басшылық;
- аурулардың таралауы жөніндегі ақпараттық бюллетень (жылқылардың инфекциялық анемиясы (ИНАН), тұмау, хеликобактериоз, родококкус-екви, сақау және трипаносомоздар (түйенің күйек ауруы мен су ауруы);
- жануарлар ауруларының қоздырғыштарын сәйкестендірудің серологиялық және генетикалық әдістері бойынша әдістемелік нұсқаулық.
Тұмау вирусының, ИНАН, сақау, хеликобактериоз, родококкус-екви және трипаносомоз штамдарын бөлу және сақтау керек.
Кем дегенде 2 PhD докторантын, ветеринария ғылымдарының 2 докторын және 5 магистрлерін, 5 магистрантты тарту керек.
Шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда нольдік емес импакт-факторымен 4 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарында кемінде 20 мақала жариялау керек.