Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



бет59/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85
4.1.1.1. Өсімдік шикізаты мен жаңа тағамдық ингредиенттерді қолдана отырып, ет өнімдерінің экспортқа бағытталған жаңа түрлері мен жылқы, сиыр, қой, ешкі және құс етінен жасалған консервілер технологиясын жасау.
Өсімдік шикізаты мен жаңа тағамдық ингредиенттерді қолдана отырып, жылқы еті, сиыр еті, қой еті, ешкі еті мен құс етінен жасалған ет өнімдері мен консервілердің экспортқа бағдарланған жаңа түрлерінің 4 рецептурасын әзірлеу керек.
Ет өнімдері мен жылқы еті, сиыр еті, қой еті, ешкі еті мен құс етінен жасалған консервілердің экспортқа бағдарланған жаңа түрлерінің 4 технологиясын әзірлеу керек.
Өсімдік шикізаты мен жаңа тағамдық ингредиенттерді қолдана отырып, жылқы еті, сиыр еті, қой еті, ешкі еті мен құс етінен жасалған ет өнімдері мен консервілердің экспортқа бағдарланған жаңа түрлерінің сенсорометриялық, термодинамикалық, реологиялық, микробиологиялық көрсеткіштерін зерттеу керек.
Өсімдік шикізаты мен жаңа тағамдық ингредиенттерді қолдана отырып, жылқы еті, сиыр еті, қой еті, ешкі еті мен құс етінен жасалған ет өнімдерінің жаңа түрлерін ұйымдастыру стандартының 4 жобасын әзірлеу керек.
Өсімдік шикізаты мен жаңа тағамдық ингредиенттерді қолдана отырып, жылқы еті, сиыр еті, қой еті, шшкі еті мен құс етінен жасалған ет өнімдерінің жаңа түрлеріне Қазақстан Республикасының патентіне 4 өтінім және ЕАЭО патентіне бір өтінім әзірлеу керек.
Web of Science деректер базасында Science Citation Index Expanded индекстелетін және (немесе) Scopus базасында Citescore бойынша кемінде 30 (отыз) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарға 2 мақала және БҒССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда 4 мақала жариялау керек.
4.1.1.2. Функционалдық бағыттағы ет өнімдерін өндіруде ІҚМ және құстың жанама шикізатын қайта өңдеудің ресурс үнемдеу технологиясын әзірлеу.
Ет және сүйек шикізатын көп сатылы ұсақтау мен мұздатудан тұратын жұқа паста түрінде өңдеу схемасын жасау керек.
Ет және сүйек пастасындағы ұсақ сүйек бөлшектерін толығымен ыдырату әдісін әзірлеу керек.
Майда ұсақталғаннан кейін сүйек бөлшектерінің микроқұрылымы мен мөлшерін зерделеу керек.
Ірі қара мал мен құстың сүйек шикізатының минералды заттардың (кальций, магний, темір, фосфор және т.б.), ақуыз, май компоненттерінің құрамын зерделеу керек.
Амин қышқылы, май қышқылы құрамы бойынша теңдестірілген минералды заттардың көп мөлшері бар функционалды ет өнімдерін өндірудің рецептурасы мен технологиясын әзірлеу керек.
Әзірленген рецептуралар мен технологиялар бойынша ет өнімдерінің тәжірибелік партиясын ет өңдеу кәсіпорындары жағдайында әзірлеу керек.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 мақала және БҒССҚК ұсынған отандық басылымдарда кемінде 2 басылымды жариялау керек.
4.1.1.3. Құрамында еті бар құрама консервілерді алу мақсатында құстарды сою кезінде бөлінетін жанама шикізатты ұтымды қайта өңдеу технологиясын әзірлеу.
Құс еті мен өсімдік шикізатын қайта өңдеудің жанама өнімдерінен ет-өсімдік консервілері технологиясын әзірлеу керек.
Құс етін және өсімдік шикізатын қайта өңдеудің жанама өнімдерінен ет-өсімдік консервілерін өндіру жөніндегі ұйымның (ТШ және ТН) 2 стандартын әзірлеу керек.
ҚР патентін алу мақсатында құс етінен және өсімдік шикізатынан ет-өсімдік консервілерін өндіру тәсіліне өтінім беру керек.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 мақала және БҒССҚК ұсынған отандық басылымдарда кемінде 2 басылым жариялау керек.
4.1.1.4. Тамақ өнеркәсібі үшін аналық ара сүтшесін өндіру және қайта өңдеу технологиясын жасау.
Бал араның сүтше негізіндегі 1 биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) технологиясы және бал араның сүтше негізінде ББҚ өндірісі бойынша 1 ұсыным әзірлеу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кем дегенде 1 PhD докторант пен 1 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік ғылыми журналдарда кем дегенде 2 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық журналдарда кем дегенде 5 мақала жариялау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет