Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



бет62/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85
4.1.1.16. «Халал» стандарттарын қолдана отырып, ауылшаруашылығы шикізатын қайта өңдеу технологияларын әзірлеу.
«Халал» стандарттарын қолдана отырып, ауылшаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және өндіру бойынша нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу керек.
«Халал» стандарттарын қолдана отырып, жануар және өсімдік тектес шикізатты қайта өңдеу технологияларын әзірлеу керек.
Қазақстан Республикасының патенттерін алу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 3 PhD докторант пен 5 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 6 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 10 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде әзірленген өсімдік және жануар тектес өнімдерді сақтау және терең қайта өңдеу технологияларын енгізу шығындарды азайтуды және шикізат бірлігінен өнімдерді өндіруді арттыруды қамтамасыз ете отырып, жоғары сапалы тамақ және азықтық өнімдерін өндіруге ықпал етеді, нарықтың қажеттіліктерін өтеу ғана емес, сонымен қатар экспортқа бағдарланған өнім бола алатын өнімдердің жаңа түрлерін алуға мүмкіндік береді және тұтастай алғанда елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Жаңа технологиялар, рецептуралар, тамақ өнімдерін өндіру бойынша модульдік желілер, а/ш жануарларына арналған зерттеулер нәтижелері, ұсынымдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ агробизнес өкілдерімен дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, білім тарату орталықтарында дәрістер өткізу жолымен жарияланатын болады.
Зерттеу процесіне РhD жас ғалымдарды, магистранттарды және докторанттарды тарту АӨК азық-түлік және қайта өңдеу саласы үшін жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Күтілетін әлеуметтік әсер: халықтың әртүрлі топтары үшін нарықты функционалдық өнімдермен молықтырудан; халықтың функционалдық тамақтануын ұйымдастырудан; қосымша жұмыс орындарын құрудан; ұқсас өнімдерді импортты алмастырудан; макро және микроэлементтер тапшылығына байланысты неғұрлым кең таралған аурулардың туындау қаупін төмендетуден; жалпы ұлт денсаулығын нығайтудан; өмір сүру сапасын арттырудан; тамақ өнімдерінің отандық тауар өндірушілерін қолдаудан; елдің қажетті функционалдық тамақ өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттырудан тұрады.
Нәтижелерді енгізу мынадай түйінді нәтижелерге және экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді:
- өсімдік және жануарлардан алынатын өнімдерді сақтау мен терең өңдеудің ресурстық және энергия үнемдейтін технологияларын енгізу есебінен өнім өндірудің өзіндік құнын 10 % - ға дейін төмендету;
- өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнімдерді қайта өңдеу және сақтау салаларын нормативтік-техникалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
- өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің табыстылығын 25% - ға дейін ұлғайту;
- қалдықсыз өндірістің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін және табыстылығын 15% - ға арттыру;
- отандық және шетелдік нарықтарда кеңінен қолданылуы мүмкін өнімдердің жаңа түрлерін алу;
- қайта өңдеу саласының кәсіпорындарында бәсекеге қабілетті инновациялық технологияларды енгізу есебінен АӨК-дегі инвестициялық тартымдылық пен еңбек өнімділігін арттыру.
Бағдарламаның міндеттерін шешу ҚР аграрлық секторына азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін экономиканың жоғары табысты саласына айналуға, экспорттық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді, шағын фермерлікті дамытуға алып келеді; өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін құндық мәнде ұлғайтуға мүмкіндік береді; елдің ЖІӨ-ін, сондай-ақ бюджетке салықтық түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді; ішкі және сыртқы нарықтарда сапалы тамақ өнімін отандық өндірушілердің ұстанымын нығайтады.
Күтілетін экологиялық әсер.
Экологиялық әсер жануарлар мен өсімдіктерден алынатын қайталама шикізат ресурстарын терең қайта өңдеу мен пайдаланудан тұрады, бұл қоршаған ортаға жүктемені азайтады, Өндіріс қалдықтарын азайтуға, тамақ және қайта өңдеу саласында шикізат ресурстарын тиімсіз пайдалануды болдырмауға көмектеседі, табиғат қорғау талаптары мен адамдардың өмір сүруінің экологиялық жағдайларын сақтауды қамтамасыз етеді, мекендеу ортасының сапасын арттырады.
Тамақ өнімдері мен сусындар өндірісінде табиғи, экологиялық таза компоненттерді пайдалану және синтетикалық өнімдердің ластану қаупін азайту.
Бағдарлама қосымша экологиялық сараптаманы қажет етпейді, өйткені жоспарланған технологиялар барлық қажетті экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл қызмет қоршаған орта үшін қауіпсіз және Қазақстан Республикасының ережелері мен заңдарына қатаң сәйкестікте өтетін болады. Осы қызметке байланысты экологиялық тәуекелдер өте аз мөлшерде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет