Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет66/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85
Байланысты:
кд каз сайт (1)

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу кезінде технологиялық процестерді механикаландыруды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған
4 Техникалық тапсырма

1. Жалпы ақпарат:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Ауыл шаруашылығы өнімі мен шикізатын қайта өңдеу және сақтау.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен сақтаудың инновациялық технологияларын жасау.
2.1.1. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндетерді шешу қажет:
2.1.1.1. Таза жүнді шыңдарды алудың қысқартылған әдісі үшін технологиялар мен жабдықтарды әзірлеу.
2.1.1.2. Топырақ пен су ресурстарының құнарлылығын жақсарту үшін қауыз бен сабаннан биокөмір алу технологиясын жасау.
2.1.1.3. Құрамында крахмал бар шикізатты терең өңдеу схемасында түйіршіктелген көмірсулар-ақуыз өнімдерін өндіруде қолданылатын жабдықты әзірлеу.
2.1.1.4. Дәнді дақылдар мен оны қайта өңдеу өнімдерінің агротехнологиялық ағынын цифрландыруды енгізу үшін нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу.
2.1.1.5. Жемістер мен көкөністердің сапасын автоматтандырылған бақылауға және сұрыптауға арналған оптикалық-электронды құрылғыны жасау.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер:
4.1.1. Таза жүнді шыңдарды алудың қысқартылған әдісі үшін технологиялар мен жабдықтарды әзірлеу.
Жуылмаған жүннен таспа қалыптастыру үшін машинаны жасау керек.
Таспада жүнді жууға арналған технология мен шағын жабдықты жасау керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде 1 магистранттан кем емес.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және 2 отандық басылымдарда кемінде 2 мақала жариялау керек.
4.1.1.2. Топырақ пен су ресурстарының құнарлылығын жақсарту үшін қауыз бен сабаннан биокөмір алу технологиясын жасау.
Ғылыми-техникалық және конструкторлық құжаттаманы әзірлеу керек.
Күріш қауызы мен сабанды биокөмір қайта өңдеу бойынша зертханалық тәжірибелер жүргізу, пиролиздің оңтайлы параметрлерін табу, алынған биокөмірдің құрамы мен қасиеттерін анықтау керек.
Күріш қалдықтарының пиролизін жүргізу және тәжірибелік-өнеркәсіптік жағдайларда қалдықтарды биокөмірге қайта өңдеуді жүргізу үшін қондырғы әзірлеу және жолға қою керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 1 PhD докторант пен 2 магистрант.
Web of Science немесе Scopus басылымдарында кемінде 1 мақала және БҒССҚК ұсынған басылымдарда кемінде 3 мақала жариялау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет