Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет69/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85
2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың АӨК кооперативті процестердің дамуына, ауылдық жерлердің тұрақты дамуына және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсерін зерттеу» ғылыми-зерттеу жұмысына арналған № 1 Техникалық тапсырма



1. Жалпы ақпарат:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
2.1. Бағдарламаның мақсаты: 2025 жылға дейін ҚР АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде АӨК тұрақты дамуын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін әзірлеу.
2.1.1. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:
2.1.1.1. Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теңгерімді азық-түлік нарықтарын қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі және жалпы қабылданған азық-түлік қауіпсіздігінің көрсеткіштері бойынша олардың конъюктурасын болжау жөніндегі шараларды әзірлеу және негіздеу.
2.1.1.2. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру бойынша шараларды әзірлеу.
2.1.1.3. Дамыған елдердің тәжірибесін және оның Қазақстанның АӨК экономикалық жағдайларына бейімделуін ескере отырып, АӨК субъектілерін субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
2.1.1.4. АӨК дамытудың басым бағыттары бойынша және өңірлер бөлінісінде пилоттық жобалар мен тұрақты жұмыс істейтін кооперативтер мысалында ұсақ тауар өндірушілерді (ШФҚ, ЖҚШ) біріктірудің тиімділігін зерделеу және ғылыми негіздеу.
2.1.1.5. Экономикалық кибернетика әдісін қолдана отырып әзірленген салааралық теңгерімнің динамикалық модельдері негізінде Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығының, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің ауыл шаруашылығы өндірісінің экономиканың аралас салаларына және ауылдық аумақтардың әлеуметтік дамуына әсерін бағалау.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер:
4.1.1.1. Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теңгерімді азық-түлік нарықтарын қалыптастыру және жұмыс істеуі, олардың конъюнктурасын болжау жөніндегі шараларды әзірлеу және негіздеу.
Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін бағалауды, оны сақтау жүйесіндегі проблемаларды анықтауды, өңірлік сәйкессіздіктерді, оны айқындайтын критерийлерге қол жеткізу деңгейін және олардың орнықтылығын сипаттайтын индикаторлар жүйесін әзірлеуді ұсыну керек.
Республика халқын азық-түлікпен жабдықтаудың жоғары орнықтылығы жүйесін құруды қоса алғанда, стратегиялық бағыттарды әзірлеу және республиканың азық-түлік қауіпсіздігін орнықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды негіздеу, оны кеңістікте құру АӨК салаларының табиғи-экономикалық ресурстарына, тұтынушылардың саны мен құрылымына, азық-түлік өндірісінің ғана емес, оны жеткізудің құнына, қалыптасып отырған баға жағдайына негіздеу керек.
Теңгерімді азық-түлік нарықтарын қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі, азық-түлік нарықтарының жекелеген түрлерінің тепе-теңдік дамуы мен перспективалық параметрлері бойынша ықтимал сценарийлерді қоса алғанда, олардың конъюнктурасын болжау жөніндегі шараларды (ұсыныс пен сұраныс көлемі, ішкі сұранысты қанағаттандыру және сыртқы нарыққа тұрақты қатысу үшін бағаның қолайлы деңгейі), өнімді өңіраралық жылжыту және нарықтардың теңгерімділігін сақтау жүйесіндегі кедергілерді жою (әсерлерді айтарлықтай азайту) жөніндегі шараларды әзірлеу және негіздеу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 3 РhD докторант пен 5 магистрант.
2 ұсыным дайындау керек.
Зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу туралы 2 куәлік алу керек.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда 1 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 2 мақала жариялау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет