Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



бет70/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85
Байланысты:
кд каз сайт (1)

4.1.1.2. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу.
Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын, ауыл халқының өмір сүру сапасының экономикалық компоненттері мен индикаторларын, жұмыспен қамтуды және кірістерді зерттеу керек.
Ауылдық елді мекендер мен ауылдық өзін-өзі басқарудың әлеуметтік инфрақұрылымын кешенді дамыту модельдерін әзірлеу керек.
АӨК еңбек ресурстарының экономикалық белсенділігінің өсуін қамтамасыз ететін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кірістілігін арттырудың және ауылдық кедейлікті еңсерудің ұйымдастырушылық-экономикалық шараларын әзірлеу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 1 РhD докторант пен 2 магистрант.
2 ұсыным дайындау керек.
Зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу туралы бір куәлік алу керек.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда 1 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 2 мақала жариялау керек.
4.1.1.3. Дамыған елдердің тәжірибесін және оның Қазақстанның АӨК экономикалық жағдайларына бейімделуін ескере отырып, АӨК субъектілерін субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Агробизнесті мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамыту бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ұсыну және оң тәжірибені Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеу бойынша ұсыныстар әзірлеу керек.
АӨК субъектілерін субсидиялау тетігінің тиімділігін оның салалары бөлінісінде экономикалық бағалауды ұсыну керек.
Шаруашылық жүргізудің шағын нысандарын (ЖҚШ, ұсақ ШФҚ) біріктіруді ынталандыру және ЖҚШ-ны ЖК мәртебесіне ауыстыру мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерін субсидиялау механизмін әзірлеу керек.
Технологиялық жабдықтарды (бордақылау алаңдары, мал сою цехтары және т.б.) сатып алуға инвестициялық субсидиялар беру арқылы өнімді өндірушіден тұтынушыға дейін жылжыту инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру механизмін әзірлеу керек.
Өндірістік қуаттылықтардың жүктемесін арттыру және отандық ауыл шаруашылығы шикізатын пайдалану мақсатында қайта өңдеу кәсіпорындарын субсидиялау тетігін әзірлеу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 3 РhD докторант пен 5 магистрант.
2 ұсыным дайындау керек.
Зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу туралы 2 куәлік алу керек.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда 1 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 2 мақала жариялау керек.
4.1.1.4. АӨК дамытудың басым бағыттары бойынша және өңірлер бөлінісінде пилоттық жобалар мен тұрақты жұмыс істейтін кооперативтер мысалында ұсақ тауар өндірушілерді (ШФҚ, ЖҚШ) біріктірудің тиімділігін зерделеу және ғылыми негіздеу.
Кооперативтік негізде ауылда кәсіпкерлікті дамыту және ауыл халқының табысын арттыру үшін ЖҚШ әлеуетін пайдалану мүмкіндігіне экономикалық баға беру керек.
ЖҚШ жеке кәсіпкер мәртебесіне ауыстыруды және шаруашылық жүргізудің шағын нысандарын ауыл шаруашылығы кооперативтеріне тік үлгідегі біріктіруді ынталандыру тетігін әзірлеу керек.
Шаруашылықтардың шағын нысандарын (ЖҚШ, ШФҚ) көлденең үлгідегі ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру тетігін әзірлеу керек.
Өнімді өндірушіден тұтынушыға дейін тұрақты өткізу және тиімді ілгерілету мақсатында аудандық деңгейдегі көтерме-тарату орталықтары және өңірлік деңгейдегі тауар-логистикалық орталықтары бар ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тиімді жұмыс істеу тетігін әзірлеу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 3 РhD докторант пен 5 магистрант.
2 ұсыным дайындау керек.
Зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу туралы 2 куәлік алу керек.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда 1 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 2 мақала жариялау керек.
4.1.1.5. Экономикалық кибернетика әдісін қолдана отырып әзірленген салааралық теңгерімнің серпінді модельдері негізінде Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығының, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің ауыл шаруашылығы өндірісінің экономиканың аралас салаларына және ауылдық аумақтардың әлеуметтік дамуына әсерін бағалау.
Экономикалық кибернетика әдісін қолдана отырып әзірленген салааралық теңгерімнің динамикалық модельдерін жасау үшін ақпараттық жүйені әзірлеу керек.
Ақпараттық жүйені толтыру, салааралық баланстың динамикалық модельдерін жасау үшін оны жетілдіру керек.
Ауыл шаруашылығының, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің ауыл шаруашылығы өндірісінің экономиканың аралас салаларына және Қазақстан Республикасындағы ауылдық аумақтардың әлеуметтік дамуына әсерін бағалау керек.
Өнеркәсіптік пайдалануға енгізу үшін ақпараттық жүйеге бір авторлық куәлік, сертификаттар және анықтамалық құжаттар алу.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 1 РhD докторант пен 2 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда 2 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 3 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер. Әзірленген ұсынымдар мен ұсыныстар АӨК отандық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін, АӨК кәсіпорындарының еңбек өнімділігін арттыру, ресурстық әлеуетті (өндірістік, жер, еңбек және т.б.) ұтымды пайдалану, инфрақұрылымды қалыптастыру; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және т.б. қолдау бойынша мемлекеттің ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін күшейту міндеттерін кешенді шешуге мүмкіндік береді.
Әзірленген ұсынымдар ҚР АӨК экономикалық дамуына ғана емес, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына да ықпал етеді, бұл ауыл халқының жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, ауыл шаруашылығы емес салаларды дамытуға, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босайтын болады, жаңа индустрияларды құру мен дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты кірістерінің өсуінің қосымша көзі болуға тиіс.
Алынған нәтижелердің мақсатты тұтынушылары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, атап айтқанда өңірлер мен салаларды мемлекеттік қолдаудың бағыттары мен көлемдерін түзету, Қазақстанның аграрлық өндірісінің көлемі мен бәсекеге қабілетті өнімін өсіру, заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында ҚР АШМ, департаменттер, облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары, сондай-ақ еліміздің бизнес, ғалымдар (ғылыми-зерттеу институттары, ЖОО, республикалық кәсіпкерлер палатасы) қоғамдастығының өкілдері бола алады.
Жергілікті атқарушы органдары ғылыми зерттеу талдамаларын ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын және оның инфрақұрылымдық элементтерін әзірлеу үшін пайдалана алады.
Алынған ғылыми-зерттеу жүйесінің нәтижелері ҚР АШМ және ҚР БҒМ ұсынатын практикалық ұсынымдар түрінде ұсынылады. Бұдан басқа, БАҚ-та жарияланып, халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға ұсынылады.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар халықаралық, республикалық журналдарда, халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың тезистерінде, БАҚ-та және т.б. жарияланатын болады.
Күтілетін экологиялық әсер. Жобалардың тиімділігіне жалпы бағалауды қалыптастыру кезінде оларды тікелей есепке ала отырып, қаржылық көрсеткіштерде экологиялық әсерлерді көрсету ауыл шаруашылығының теңгерімді, тұрақты дамуына бағытталған жобаларды таңдауға ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет