Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет80/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
кд каз сайт (1)

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде технологиялық процестерді, оның ішінде суару және мелиоративтік жүйелерді, қамтамасыз етуге арналған машиналарды жасау және жетілдіру» ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған
3 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Ауылшаруашылық және технологиялық процестерді механикаландыру.

2. Бағдарлама мақсаты мен міндеттері.
2.1. Бағдарлама мақсаты: Өсімдік шаруашылығы және / немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған техникалық құралдар мен технологиялық жабдықтарды әзірлеу және жетілдіру.

2.1.1. Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалуы тиіс:
2.1.1.1. Тік өңдеу технологиясына арналған машиналардың тәжірибелік үлгілерін жасау.
2.1.1.2. Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы бағытындағы фермерлік шаруашылықтарға арналған шағын көлемді машиналар кешенің тәжірибелік үлгілерін жасау.
2.1.1.3. Шабындық алқаптар мен жайылымдардың өнімділігін қамтамасыз ететін шөп тұқымын беттік суіп жақсартуға арналған тәжірибелік үлгілерін машиналар жасау; ірі азық дайындау мен дайындауға арналған машиналар мен жабдықтар.
2.1.1.4. Жылқыларды стационарлық бекітуге арналған мобильді техникалық құрылғыны жасау.
2.1.1.5. Жұмыс органдары электр жетегімен қозғалатын тыңайтқыштарды саралап енгізуге, тұқым себуге және ауыл шаруашылығы дақылдарын саралап бүркуге арналған машиналар тәжірибелік үлгілерін жасау.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер:
Тәжірибелі үлгілерді жасау және техникалық құжаттаманы дайындау керек:
- Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан үшін қант қызылшасын тәлімі жерде суару, сақтау және өсіру машиналарының жүйесіне ұсынымдар;
- топырақты дайындауға пайдалану шығындарын 30% төмендетуді, өсірілетін дақылдардың өнімділігін 20-25% арттыруды қамтамасыз ететін топырақты тік өңдеу технологияларына арналған машиналарға;
- енгізілуі еңбек өнімділігін 1,5-2 есеге арттыратын өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы бағытындағы фермерлік шаруашылықтарға арналған шағын көлемді машиналар кешеніне;
- шабындық алқаптар мен жайылымдардың өнімділігін 1,5...2,0 есе арттыруды қамтамасыз ететін шөп тұқымын беттік суіп жақсартуға арналған машиналарға;
- өндіріске енгізу еңбек өнімділігінің артуын және шаруашылықтарда меншікті пайдалану шығындарының 1,5 ... 2,0 есеге төмендеуін қамтамасыз ететін ірі азық дайындау мен дайындауға арналған машиналар мен жабдықтарға;
- жылқыларды стационарлық бекітуге арналған мобильді техникалық құрылғыға;
- жұмыс органдары электр жетегімен қозғалатын тыңайтқыштарды саралап енгізуге, тұқым себуге және ауыл шаруашылығы дақылдарын саралап бүркуге арналған машиналарға.
Машиналарды енгізу еңбек өнімділігін 25%-ға дейін арттыруды қамтамасыз ету керек:
- Қазақстанның оңтүстігіндегі тау етегі аймағының қарқынды бақтарында механикаландырылған жұмыстарды орындауға арналған машиналар кешені: жеміс ағаштарының бұтақтары аймағына минералды тыңайтқыштарды 35 см дейінгі тереңдікке енгізуге арналған қопсытқышы; суаратын атыздарды кесіп, ағаш діңдері арасындағы топырақты өңдеуге арналған құрамдастырылған құралы; ағаш қатарлар арасындағы өсімдік қалдықтарын ұсақтауға арналған мульчирлегішті және оларды жер бетіне біркелкі бөлу; өнім жинауға арналған биіктігі реттелетін платформа.
18 машина бойынша тәжірибелік үлгілерін жасау және техникалық құжаттама әзірлеу керек; тәлімі және суаруда Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан үшін қант қызылшасын өсіру және сақтау машиналары жүйесі жөніндегі ұсынымдар; жылқыларды стационарлық бекітуге арналған мобильді техникалық құрылғы тәжірибелік нұсқасымен конструкциялық құжаттама мен 3 ұсыным әзірлеу керек.
Қазақстан Республикасыныі кемінде 8 патентін алу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 5 PhD докторант пен 10 магистрант.
Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 30 (отыз) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 10 мақала және БҒССҚК ұсынған нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 20 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік.
Ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті, бәсекеге қабілетті өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды жасау бойынша ұсынылып отырған бағдарламаны іске асыру АӨК-де еңбек өнімділігін 30-50%-ға арттыруды және ауыл шаруашылығы өндірісі қызметкерлерінің табысын 30-40%-ға арттыруды қамтамасыз етеді. Жасалынған машиналарды өндіріске енгізу нәтижесінде Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің техника импортына тәуелділігі төмендейді және машина жасау кәсіпорындарында қосымша жұмыс орны құрылатын болады. Отандық өндіріс техникасын пайдалану ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде жұмыстарды орындаудың өзіндік құнын 25-30%-ға төмендетуге және өнім шығынын 30%-ға азайта отырып, олардың орташа өнімділігін 20-30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны іске асыру кезінде күтілетін экологиялық тиімділік жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жабдықтар жиынтығын, топырақты қорғайдын өңдеу технологиясын және органикалық егіншілікке арналған машиналарды әзірлеумен қамтамасыз етілетін болады

2021-2023 жылдарға арналған
ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды
бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға
арналған Конкурстық құжаттамаға
6-қосымша


267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы 101 «Ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» кіші бағдарламасы 156 «Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2021-2023 жылдарға арналған қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындауға арналған
__ шарт

Нұр-Сұлтан қ. 20___ жылғы «___»___


Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» ММ атынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № 11-5/415 бұйрығы негізінде әрекет ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры ___________ бір тараптан және бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын ұйымның заңды атауы ұйымның атынан Жарғы негізінде әрекет ететін басшының лауазымы Т.А.Ә., екінші тараптан, «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы _ _ ___ Қазақстан Республикасы Заңының, «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 6-тармағының, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының 20__ жылғы _ _ _ _ _ _ _ _ _ шешімінің, «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі» басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңесінің ___20__ № ___ шешімі негізінде осы Шартты жасасты.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет