Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет79/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85
Байланысты:
кд каз сайт (1)

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Тамақ өнімдерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен технологиялық жабдықтарды жасау және жетілдіру» ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған
2 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Ауылшаруашылық және технологиялық процестерді механикаландыру.

2. Бағдарлама мақсаты мен міндеттері.
2.1. Бағдарлама мақсаты: Тамақ өнімдерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен технологиялық жабдықтарды жасау және жетілдіру.

2.1.1. Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалуы тиіс:
2.1.1.1. Органикалық егіншілік технологияларын енгізуге арналған машиналар кешенінің тәжірибелік үлгілерін әзірлеу.
2.1.1.2. Тауарлық астықты бастапқы өңдеуге арналған, оның орындалу сапасын бақылаудың электрондық жүйесі бар машиналар мен жабдықтардың тәжірибелік үлгілерін әзірлеу.
3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер:
Тәжірибелі үлгілерді жасау және техникалық құжаттаманы дайындау керек:
- органикалық егіншілік технологияларын енгізуге арналған машиналар кешенінің, оның ішінде топырақ бетін өңдеуге арналған құралдардың, сидераттарды қопсыту және бітеу, сидерадты және ұзын сабақты дақылдардың өсімдік қалдықтарын ұсақтауға арналған пышақ катоктарының, бинарлы егістерге арналған сепкіштерге;
- тауарлық астықты бастапқы өңдеуге арналған, оның орындалу сапасын бақылаудың электрондық жүйесі бар машиналар мен жабдықтардың.
7 машинаның тәжірибелік үлгілерін жасау және олардың техникалық құжаттамаларын және 1 ұсыным әзірлеу керек.
Қазақстан Республикасының кемінде 3 патентін алу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 2 PhD докторант пен 5 магистрант.
Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 30 (отыз) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда 4 мақала және БҒССҚК ұсынған нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 10 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік.
Ауыл шаруашылығы өндірісімен бәсекеге қабілетті, тамақ өнімдерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен технологиялық жабдықтарды әзірлеу бойынша ұсынылып отырған бағдарламаны іске асыру АӨК-де еңбек өнімділігін 2 есе арттыруды қамтамасыз етеді.
Машиналар кешенін енгізу топырақтың құнарлылығын арттыруды, топырақтың құрылымын жақсартуды және тығыздығын азайтуды, өсімдік шаруашылығы өнімінің ластануын төмендетулі және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
Бағдарламаны іске асыру кезінде күтілетін экологиялық тиімділік жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жабдықтар жиынтығын, топырақты қорғайдын өңдеу технологиясын және органикалық егіншілікке арналған машиналарды әзірлеумен қамтамасыз етілетін болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет