Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет20/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85
2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Жылқы шаруашылығында генетикалық ресурстарын селекциялық процесін тиімді басқару және гендік қорды сақтау технологияларын әзірлеу»
ғылыми – зерттеу жұмысына арналған № 5 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Жылқы шаруашылығында генетикалық ресурстарын селекциялық процесін тиімді басқару, жетілдіру және гендік қорды сақтау технологияларын әзірлеу және әдіснамасын жетілдіру.

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Өнімділіктің етті-сүтті, салт-мініс бағытындағы отандық жылқы тұқымдарының жаңа тұқымдық айғырлардың желісін қалыптастыру.
2.1.1.2. Отандық аккредиттелген зертханаларда SNP-генотиптеу арқылы геномды толық қамти отырып өнімділіктің етті-сүтті, салт-мініс бағытындағы отандық жылқы тұқымдарына молекулалық-генетикалық талдау жүргізуі.
2.1.1.3. Бағаланатын генотиптерді басқа отандық және шетелдік тұқымдармен генетикалық салыстыру жүргіу.
2.1.1.4. Қазақ жылқысының жабы типінің генетикалық құрылымы бойынша ақпараттық бюллетеннің дайындалуы.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Өнімділіктің етті-сүтті, салт-мініс бағытындағы отандық жылқы тұқымдарының жаңа тұқымдық айғырлардың желісі қалыптастырылуы тиіс.
4.1.1.2. Отандық аккредиттелген зертханаларда SNP-генотиптеу арқылы геномды толық қамти отырып өнімділіктің етті-сүтті, салт-мініс бағытындағы отандық жылқы тұқымдарына молекулалық-генетикалық талдау жүргізілуі тиіс.
4.1.1.3. Бағаланатын генотиптерді басқа отандық және шетелдік тұқымдармен генетикалық салыстыру жүргізілуі тиіс.
4.1.1.4. Қазақ жылқысының жабы типінің генетикалық құрылымы бойынша ақпараттық бюллетень дайындалуы тиіс.
4.1.1.5. Қазақстан Республикасының 3 патенті алынуы тиіс. Еуразиялық патенттік мекемесінің 1 патенті алынуы тиіс.
Жылқының қостанайлық тұқымының гендік қорын сақтау және одан әрі жетілдіру бойынша бағдарлама дайындалуы тиіс.
Жас мамандардың тартылуы тиіс, оның ішінде кем дегенде 2 PhD докторант және 4 магистрант.
Нөлдік емес импакт-фактормен шетелдік ғылыми басылымдарда рецензияланатын және Q3 төмен емес кемінде 2 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 8 жарияланым жариялануы тиіс.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік тиімділік.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құс шаруашылығындағы генетикалық әлеуетті арттыру, жылқы шаруашылығының өнімдерін ұлғайту арқылы маңызды экономикалық нәтиже беруге ықпал етуі керек.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері жылқы өсіру өндірісінің көлемін арттырып, әлеуметтік нәтижеге ие болады.
Экологиялық әсері.
Жылқы шаруашылығындағы генетикалық ресурстарды сақтау және жетілдіру экологиялық таза технологияларын қолдануға бағытталған, бұл экологиялық таза өнімдерді (жылқы еті мен бие сүті) өндіруді шешуге ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет