Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет28/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85
2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурс - энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде қой және ешкі шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған
13 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Қой және ешкі шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Жануарлардың тірі салмағын 10-15% арттыруға мүмкіндік беретін отандық ақуыз-минералды-витаминдік қоспалар мен премикстерді қолдана отырып, әр түрлі жыныстық және жастық топтағы қойлар мен ешкілере және өнімділік бағыттарына қарай толыққанды азықтандыру мен ұстаудың ұтымды технологияларын әзірлеу.
2.1.1.2. Қазақстанның негізгі қой тұқымдарының (биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай ұян жүнді, ұян жүнді және елтірілі) қозы етін өндірудегі өндірісінің рентабельділігін арттыруға мүмкіндік беретін қозыларды өсірудің, жайып бағудын, бордақылаудың интенсивті технологиясын әзірлеу және енгізу.
2.1.1.3. Экспорттық талаптарға сай келетін, жоғары сапалы қозы етін өндіру үшін өндірістік будандастыру кестелерінің негізінде интенсивті типтегі кәсіпорындардың көп функционалды қой шаруашылығы кешенін құрудың ғылыми негіздерін жасау керек.
2.1.1.4. Күзет иттерін қой өсіруде қолданған кезде олардың экономикалық тиімділігін зерттей отырып ұстау технологиясын жасау.
2.1.1.5. Қой шаруашылығында протективті пробиотик «Лактобактерин-ТК» негізінде азық қоспасын жасау және оның қозылардың өсуі мен дамуына, ет және жүн өнімділігіне әсерін зерделеу.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Жануарлардың тірі салмағын 10-15% арттыруға мүмкіндік беретін отандық ақуыз-минералды-витаминдік қоспалар мен премикстерді қолдана отырып, әр түрлі жыныстық және жастық топтағы қойлар мен ешкілере және өнімділік бағыттарына қарай толыққанды азықтандыру мен ұстаудың ұтымды технологияларын әзірлеу керек.
4.1.1.2. Қазақстанның негізгі қой тұқымдарының (биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай ұян жүнді, ұян жүнді және елтірілі) қозы етін өндірудегі өндірісінің рентабельділігін арттыруға мүмкіндік беретін қозыларды өсірудің, жайып бағудын, бордақылаудың интенсивті технологиясын әзірлеу және енгізу керек.
4.1.1.3. Экспорттық талаптарға сай келетін, жоғары сапалы қозы етін өндіру үшін өндірістік будандастыру кестелерінің негізінде интенсивті типтегі кәсіпорындардың көп функционалды қой шаруашылығы кешенін құрудың ғылыми негіздерін жасау керек.
4.1.1.4. Күзет иттерін қой өсіруде қолданған кезде олардың экономикалық тиімділігін зерттей отырып ұстау технологиясын жасау керек.
4.1.1.5. Қой шаруашылығында протективті пробиотик «Лактобактерин-ТК» негізінде азық қоспасын жасау және оның қозылардың өсуі мен дамуына, ет және жүн өнімділігіне әсерін зерделеу керек.
Әзірлеу және жариялау керек:
- қой мен ешкілерді толыққанды азықтандыру және және күтіп ұстау технологиясы бойынша әдістемелік ұсыным;
- қозыларды өсіру мен бордақылаудың қарқынды технологиясы бойынша ұсыным;
- қарқынды типтегі көпфункционалды қой шаруашылығы кешенін құруға арналған әдістемелік нұсқаулық;
- қой шаруашылығындағы "Лактобактерин-ТК" протективті пробиотигі негізінде азықтық қоспасын әзірлеу жөніндегі ақпараттық бюллетень.
Ақуыз-минералды-витаминдік қоспаларды пайдалана отырып, қойлар мен ешкілерді толыққанды азықтандыру және ұстаудың ұтымды технологиясына 1 патент алу керек.
Жас мамандарды тарту керек, оның ішінде кем дегенде 4 PhD докторант және 8 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар  шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда кем дегенде Q3 дәрежедегі 3 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 15 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік әсер.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қой мен ешкі өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту арқылы маңызды экономикалық нәтиже беруге ықпал етуі керек.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері қой мен ешкі өнімдерін өндіру көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, бұл сәйкесінше әлеуметтік әсер етеді, бұл ауылшаруашылық өндірісіндегі жұмыс орындарының көбеюінен көрінеді.
Қоршаған ортаға әсер ету.
Жақсарту, дамыту және кейіннен іске асыру қой мен ешкі өсірудің экологиялық таза өнімдерін өндіру үшін қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет