Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет23/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85
Байланысты:
кд каз сайт (1)

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Ара шаруашылығында селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған
8 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Биотехнологиялық жетістіктері, молекулалық генетика, заманауи зоотехника, селекцияның ақпараттық-статистикалық әдістері негізінде ара шаруашылығы генетикалық ресурстарын сақтау мен жетілдірудің селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу.

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық аймақтарын ескере отырып, балара тұқымдарын тұқымдық аудандастырудың жоспары зерделенуі, ғылыми негізделуі және әзірленуі тиіс.
2.1.1.2. Қазақстандық аралар популяцияларының гендік қорына молекулалық -генетикалық паспорттау жүргізілуі тиіс.
2.1.1.3. Қанаттың морфометриялық деректеріне сүйене отырып, аралардың тұқымдық тиесілігін анықтау бойынша ақпараттық технологияларды әзірлеу негізінде Қазақстан Республикасында өсірілген тұқымдардың дерекқоры құрылуы тиіс.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық аймақтарын ескере отырып, балара тұқымдарын тұқымдық аудандастырудың жоспары зерделенуі, ғылыми негізделуі және әзірленуі тиіс.
4.1.1.2. Қазақстандық аралар популяцияларының гендік қорына молекулалық-генетикалық паспорттау жүргізілуі тиіс.
4.1.1.3. Қанаттың морфометриялық деректеріне сүйене отырып, аралардың тұқымдық тиесілігін анықтау бойынша ақпараттық технологияларды әзірлеу негізінде Қазақстан Республикасында өсірілген тұқымдардың дерекқоры құрылуы тиіс.
Әзірленуі және шығарылуы тиіс:
- балараларын тұқымдық аудандастыру бойынша әдістемелік ұсыным;
- қазақстандық тұқымдар мен ара популяцияларының гендік қорын молекулярлық-генетикалық паспорттау жөніндегі ақпараттық бюллетень;
- аралардың тұқымдық тиесілігін анықтау бойынша ақпараттық технологияны құру жөнінде әдістемелік нұсқаулық.
Аралардың тұқымдық тиесілігін анықтаудың ақпараттық технологиясы бойынша 1 қорғау құжаты алынуы тиіс.
Жас мамандардың тартылуы тиіс, оның ішінде кем дегенде 1 PhD докторант және 2 магистрант.
Нөлдік емес импакт-фактормен шетелдік ғылыми басылымдарда рецензияланатын және Q3 төмен емес кемінде 1 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 7 жарияланым жариялануы тиіс.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік әсер.
Бағдарламаны іске асыру халықты омарта өнімдерімен (бал, сонымен қатар прополис, тозаң, ара өнімі) қамтамасыз етуге ықпал етуі керек, бұл тамақтану мен адамның денсаулығында, оның ішінде диеталық тамақтануда және емдік мақсаттарда маңызды орын алады (олар тиімділікті арттырады және ағзаның төзімділігін, оның иммундық жүйесін нығайтады).
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері ел тұрғындарының денсаулық деңгейін жақсартады, бұл сәйкесінше әлеуметтік әсер етеді.
Қоршаған ортаға әсер ету.
Ара шаруашылығындағы генетикалық ресурстарды сақтау және жетілдіру омарта өнімдерін өндіру үшін экологиялық таза технологияларды қолдануға бағытталған, бұл экологиялық таза өнім өндірісін шешуге ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет